Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» романы 6-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

 Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» романы 6-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» романы 6-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы
Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру
Сабақтың мақсаттары:
Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
• Оқушылар назарын сабаққа аудару
• Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
• Оқушыларды топтарға бөлу
ІІ.Қызығушылықты ояту
Повесті «Сұрақ жауап» әдісі бойынша талдау.
Шығарма не себептен жазылды деп ойлайсыз?
Бұл шығарманың құндылығы неде?
Кейіпкерлердің іс-әрекеті бізге үлгі бола алады ма?
«Ақылдың алты қалпағы»
1-топ-Ақ қалпақ-фактілер- романда көрсетілген тарихи оқиғалар, қай жерде, қай кезеңде болғандығын айту. Шығармада қандай тарихи тұлға қатысқандығын үзінділер келтіріп дәлелдеу.
Ментальды карта жасау.
2-топ-қызыл қалпақ-сезім мен түйсік-Кейіпкерлердің ішкі тебіреніс, мінез-құлықтарына психологиялық талдау жасайды. Міндетті түрде шығармадан үзінді көрсету керек.
3-топ-сары қалпақ-позитив-Автордың шығарманы жазудағы идеясын түсініп, идеясына оптимистік тұрғыдан қарайды. Ұлттық құндылықтырды, рухани байлықты насихаттағаның дәлелмен көрсетеді. Олардың қоғамға берер пайдасы туралы түсіндіреді.
4-топ-қара қалпақ негатив- Сол уақыттағы заман көрінісіне қазіргі уақытпен салыстырмалы түрде талдау жасайды. Шығармада жазылған ашаршылық, ұлт азаттық көтеріліс оқиғаларын дамытып, орын алған жағдайлардың зардаптарын көрсетуі керек.
5-топ-жасыл қалпақ -жаңа идея-Шығармада сөз болатын аңыз-әңгімелер, ертегілер, тазалық, турашылдық, еңбексүйгіштіктің мәнін түсініп, жаңа креативті ойларын білдіреді.
6-топ-көк қалпақ-бақылаушы тетік- Ойларды тұжырымдап, ретке келтіреді. Сараптама жасайды. Тақырып қалай ашылды? Қалпақтар толықтай позицияларын аша алды ма? Негізгі идеяны анықтайды.
Топтық бағалау.
Бағалау критерийі Дескриптор
Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы. Шығарманың басты идеясын түсінеді.
Шығарманы талдай алады.
Жаңа ойлар айта алады.
Деректер бойынша сөйлей алады.
Сараптама жасай алады.
Пікірталас. Оқушыларға «Қазіргі қоғамдағы салт-дәстүрлерге көңіліңіз толады ма?»деген сұрақ тасталады.
Бағалау критерийлері:
 Рухани құндылықтарды анықтай алады.
 Салт-дәстүрлердің маңыздылығын айта алады.
 Сыни тұрғыда салыстырып, баға береді.
Мұғалім бағалауы....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 973



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі