Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» романы 1-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

 Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» романы 1-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» романы 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: 8.1.2.1. Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.
Сабақтың мақсаты: Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
 Үй тапсырмасын пысықтау
 Сабақтың мақсатын анықтау
II.Қызығушылықты ояту
«Миға шабуыл» әдісі бойынша әңгіменің мазмұнына қойылған сұрақтарды талдай отырып баяндайды.
1.Бұл қандай шығарма?
2. Автор неліктен осы шығарманы жазды деп ойлайсың?
3.Шығарма несімен құнды?
4.Қай кейіпкердің іс-әрекеті үнады? Неліктен?
5. Шығармадан ұлтқа тән қандай ерекшеліктерді аңғара алдыңдар?
Бағалау.
Мұғалім жақсы жауап берген оқушыларға бағалау ретінде жасыл карточкалар таратады.
Әдеби шығарманың идеясын түсіну үшін төмендегідей
2 тапсырма ұсынылады:
Бағалау критерийі:
Әдеби шығарманың идеясын түсінеді
Дескриптор:  Шығарманың идеясын анықтай алады;
 Кейіпкер бейнесінің шығарма идеясын ашудағы рөлін түсінеді.
1-тапсырма
Төменде оқушының пікірі берілген. Оқушы Момыш атаның шығармадағы іс-әрекеттеріне баға бере отырып, қандай адам болғанын жеткізгісі келді? Момыш атаның бес қасиетін жаз. (Мысалы: Момыш – салтты сақтаған әке т.б.)
Қызы Үбиан ұзатылып кеткеннен кейін, Момыш атаның тұрмысы одан бетер нашарлай түседі. Себебі қызының жасауына көптеп қарыздар алып, жүдеп қалады. Сонда балаларының өгей шешесі, демек екінші жұбайы мінез көрсете бастайды: “Қазаныңда май қалмады, қатықталған шай қалмады. Бір қызыңды ұзатамын деп, аш өзек етіп ұлытып қоймақпысың” деп. Бірбеткей Момыш ата мұндай сөзге шыдай алмай, әйелінің төркінін шақырып мынандай сөз айтады: -” Ағат кетсем, айып көрмеңіздер. Бірақ осыншама қартайған шағымда қаңқу сөз есітем деген жоқ едім. Өгей деп, өңменінен итермес, өзім деп, бауырына басар деп ем балаларымды. Адасқан екем. Кеш болса да, жөнімді табайын. Табалау табына күйгенше, жалғыздықпен жағаласып өткенім жақсы. Қыздарыңызды ала кетсеңіздер екен. Салғыласып отыра алатын жайым жоқ” – дейді. Момыш атаның мына сөзі де ойға қалдырды: – “Біз үйміз, біз елміз, біз халықпыз. Адам туады, адам өледі. Ал халық ешқашан өлмек емес…” .
2-тапсырма
Үзіндіні оқыңдар. Жеті атаны білудің маңызы қандай? Өзіңнің жеті атаңды білесің бе? «Адам мінезі оның шыққан тегіне де байланысты» деген пікірмен келісесің бе? Өз ойыңды ПОПС формуласы арқылы білдір. (Менің ойымша, оған мынадай дәлелдерім бар, бір жағынан, екеінші джағынан, алайда деген сөздерді қатыстыр)
Әкем маған ата-тегіміздің аты-жөнін үйретуші еді.
-Кімнің баласысың? -деп сұрайтын ол.
- Мен Момыштың ұлымын.
-Момыш кімнің баласы?
-Момыш-Имаштың баласы.
Осылайша жеті атаға дейін жетелеп отырып санатады. Ал келген қонақ ең алдымен атымды сұрайтын. Сонан соңменің жеті ата жөніндегі білімімді тексеретін. Ел танудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген?
«Автор орындығы»
Оқушылар авторға сұрақтар жазады. Автор орындығында отырғысы келген оқушы сол сұрақтарға жауап береді. Жауап берілмеген сұрақтар конверке салынып, келесі сабақтың еншісіне қалады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 192



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі