Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 2-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

 Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 2-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.Б/С4.Шығарма бойынша жазылған әдеби сын –пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу.
Сабақ мақсаты: Шығарма бойынша жазылған әдеби сын –пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
«Былғары қолғап» ойыны
Ойын шарты: оқушылар үш адамнан тұратын топтарға бөлінеді: екі ойыншы, бір төреші. Мұғалім нұсқаған уақытта әдеби сын-пікір бойынша сұрақ-жауап сағатын ұйымдастырады. Ол қарсыласы тоқтап қалғанша жалғаса береді. Төреші есеп жүргізеді. Рөлдермен ауысып жүргізуге болады.
Оқушылар сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады.
Мағынаны тану
1 - тапсырма Ж.
Оқушылар М.Мөңкеұлының «Сарыарқа» өлеңі туралы ғалымдардың зерттеу еңбектерінен алынған үзінділермен танысып, айтылған пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады. Қабілеті жоғары оқушылар интернеттен қарап, басқа да зерттеу еңбектерін пайдалана алады.
Зерттеу еңбектерінен үзінділер:
Мұрат «Зар заман» ақындарының бел ортасында болып, өзінің де, халқының да қайғы-мұңын, жүрек зәрін төкті. Зорлықшыға деген небір қарғыс жырлары қатты ашыныстан, қайғыдан, қабырға қайыстырған мұңнан шығатыны белгілі. Мұрат жырларында әбден шегіне шыққан қорлықты аяусыз көрген халықтың зары жан-жүрегіңді тебірентеді. Ата-бабаларымыздың сол ғасырда көрген қорлығына шыдай алмай жаның жылайды. Сонымен, «Үш қиян», «Сарыарқа» атты лирикалық дастандар – «Зар заман» туындылары. Олар отаршылдыққа, озбырлыққа қарсы туған жырлар.
Қадыр ЖҮСІП,
филология ғылымдарының докторы,
Х.Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университетінің профессоры
Мұраттың «Сарыарқа», «Үш қиян» толғаулары – шоқтығы биік туындылар. Бұл – тарих, берісі алшын, әрісі – алаш тарихы, сонау ноғайлы заманынан бергі халқымыздың шерлі шежіресі. Ол – желмаямен жер қараған Асан қайғы; алдаспандай жарқылдап өткен Орақ, Мамай, Қарасай, Қази, Шора, Телағыс; кейінгі ұрпаққа салқынын салады деп өзге діндегілерден сескеніп, қонысты талақ еткен Қазтуған; «жеті жұрт көшіп жол салған, адыра қалғыр Үш қиян»; қара құрымдай қалмақтардың дүмпуімен Сырға, Қаратауға көшкен ел-жұртты Үш қиянға қайта қоныстандырған кете Әжібай, беріш Есболай, адай Шотан.
«Әуелі жеңіп орыс Еділді алды,
Сарытау, Астраханның жерін де алды.
Артынан Еділден соң Нарынды алды,
Тоғайдың ағаш, қамыс, талын да алды...
Қуалап Исатайды өлтірген соң,
Заманның содан бері тарылғаны...
Ерлігі бір қазақтың Махамбеттей,
оны да аңсыз жерде жазымдады...
Соңынан Әлім менен Табынды алды,
тоздырып ақсүйектің тағын да алды.
Қазақтың хан – шегесі, жер – мұрасы,
Тағынан хан тайған соң, бақыр қалды» - дейтіні анық тарих.
Қорытындылай келгенде, Мұрат жырларында қазақ тарихына қатысты көптеген деректер кездеседі. Жоғарыда берілген мәліметтер үлкен жұмыстың тек бастамасы ғана. Мұрат Мөңкеұлының туғанына биыл 170 жыл. Осыған байланысты республикалық конференция өткізілсе, игі болар еді.
Ш.Нағимов,
Атырау мемлекеттік университетінің доценті,
п.ғ.к., ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері
... «Сарыарқа» өлеңінде Мұраттың адайларға айтқан руаралық реніш-өкпесінен көрі, қазақтың шұрайлы жерлері бірінен кейін бірі тізіліп жат қолға өтіп жатқан шытырман заманның шері басым. Ақын уыстан шығып, көзден бұлбұл ұшқан қазақ қоныстарын еске салып, зарлайды; намыс оятар сөз айтып, жалғыз рудың, жалқы қазақтың ғана емес, алты алаштың мұңын айтып, түркілік деңгейдегі мәселе көтереді. Еділ бойы мен Сарытау (Саратов), Аштархан (Астрахань) жерлерін мекендеген түркі тектес халықтардың еріксіз жерінен айырылғанын, басына отарлық қамыты киіліп, тұрмысы тарылғанын ашына жырлайды.
«Сарыарқа» өлеңінде Мұраттың адайларға айтқан руаралық реніш-өкпесінен көрі, қазақтың шұрайлы жерлері бірінен кейін бірі тізіліп жат қолға өтіп жатқан шытырман заманның шері басым. Ақын уыстан шығып, көзден бұлбұл ұшқан қазақ қоныстарын еске салып, зарлайды; намыс оятар сөз айтып, жалғыз рудың, жалқы қазақтың ғана емес, алты алаштың мұңын айтып, түркілік деңгейдегі мәселе көтереді. Еділ бойы мен Сарытау (Саратов), Аштархан (Астрахань) жерлерін мекендеген түркі тектес халықтардың еріксіз жерінен айырылғанын, басына отарлық қамыты киіліп, тұрмысы тарылғанын ашына жырлайды:
Құлабаев Н.Ж.
аға оқытушы
А. Байтұрсынов атындағы
Қостанай мемлекеттік университеті
Бағалау критерийі
Дескрипторлар:
Шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйеніп, өзіндік сыни пікір жаза алады. Шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерді оқып зерделейді;
әдеби сын-пікірлерге өзінің сыни пікірін дәлелмен білдіреді;
әдеби сын-пікір жазуға қойылатын талаптарды қатаң сақтайды.
2- тапсырма С.
«Галереяда ой шарлау» стратегиясы
Оқушылар өзіндік сыни пікірлерін жұбымен алмасып оқиды. Бағалау критерийлеріне сүйеніп, өзара бағалау жүргізеді. Бағалаудан соң сынып жұмыстарын «Галереяға» іледі. Бәрі бір-бірінің жұмысымен танысып, астына комментарий жазып кетеді.
Қалыптастырушы бағалау
3 - тапсырма Ж
«Галереяда ой шарлау» аяқталған соң, әркім өз жұмысын қайта алады. Жұмысына жазылған комментарийлерді оқып, келісетін/келіспейтінін топта ауызша айтып, өзін-өзі бағалайды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 476



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі