» » » Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі Ұлт тағдыры жолындағы қасірет (8 сынып, II тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі Ұлт тағдыры жолындағы қасірет (8 сынып, II тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі Ұлт тағдыры жолындағы қасірет  (8 сынып, II тоқсан ) казакша Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі Ұлт тағдыры жолындағы қасірет  (8 сынып, II тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі Ұлт тағдыры жолындағы қасірет
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттары: (Оқу бағдарламасына сілтеме) Б/С3. Әдеби эссе
Сабақ мақсаты: Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
«Алты сұрақ» әдісі
Ортаға 6 оқушы шығып сұрақтарды таңдап алады. Сол сұрақтар арқылы «Үш қиян» өлеңінен жауап іздейді.
Мысалы:
Кім? – Асанқайғы немесе Қазтуған, т.б.
Қашан?- ------------
Қайда? --------------
Қалай?---------------
Неліктен?-----------
Не істеді?-----------
Сабақ мақсаты мен жұмыс жоспары таныстырылады.
1-тапсырма. Кім жылдам?
1-жұп. «Келісемін/ Келіспеймін» әдісі бойынша «Үш қиян» өлеңінде анықталған өзекті ойды жұбымен жылдам анықтау керек
2-жұп. «Келісемін/ Келіспеймін» әдісі бойынша «Үш қиян» өлеңіндегі көркемдік бітім мен көңіл-күйге қатысты ойды жұбымен жылдам анықтау керек
2-тапсырма. Өзімді байқап көрейін...
Тірек сөздерді пайдаланып, шығармадағы көркемдік-идеялық құндылыққа сыни шолу жасайды.
Тірек сөздер: азаттықты аңсау, ұлтты езгіден құтқару, шерлі шындық, бұғауда бұлқыну, отаршылдыққа наразылық, ұлт қамы, рухты ояту, күрескерлік сана, т.б.
3-тапсырма. Еркін жазу
Оқушы шығармадағы көркемдік-идеялық құндылықты гуманистік тұрғыдан талдай отырып, өзі таңдаған тақырыпта әдеби эссе жазады.
Мұғалім эссе жазудан бұрын оның құрылымы мен түрі жағынан ерекшеліктерін еске түсіреді.
Эссе екіге бөлінеді:
1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, таныту.
2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту.
Эссенің жазылу құрылымы:
1.Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі.
2. Тақырыпты дамыту. Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, параллелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация).
Мысалы:1.Аргумент, түсіндіру, мысал, (факт) байланыстырушы сөйлемдер. 2. Аргумент, түсіндіру, мысал, (факт) байланыстырушы сөйлемдер;
3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы.
Әдеби эссе
Әдеби эссе басқа эссе түрлеріне ұқсамайды. Біріншіден, ол әдеби шығармаларға негізделген. Екіншіден, автордың айтқысы келген идеяларын болжап түсінуге негізделген, яғни түсіндірмені қажет ететін пікірталас немесе жұмбақты табуды қажет етеді.
Эссенің үлгі тақырыптары:
1. Елі мен жері үшін қасірет шеккен саналы суреткер.
2. Халқының басына түскен замана ауыртпалықтарын көре де, көрсете де білген шынайы поэзия өкілі.
3. Ел тарихын емірене жырлап, ержүрек батырлардың образдар галереясын қалдырған эпик ақын.
Өздік бағалау.
Бағалау критерийі Дескриптор
Шығармадағы көркемдік-идеялық құндылықты талдап, әдеби эссе жазады
сұрақтарға жауап береді
өзекті ойды жұбымен анықтайды
көркемдік бітім мен көңіл-күйге қатысты ойды жұбымен анықтайды
шығармадағы көркемдік-идеялық құндылыққа сыни шолу жасайды
суреттерді тірек сөздермен байланыстырады
әдеби эссе жазады
көркемдік-идеялық құндылықты гуманистік тұрғыдан талдайды
эссе құрылымы мен стилін сақтап жазады
сауаттылықты сақтап жазады.....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 25 |


Загрузка...
Читайте также
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 9-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 9-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 8-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 8-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңі және тарихи шындық (8 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңі және тарихи шындық (8 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары:  «Үш қиян» өлеңіндегі ерлік пен елдік  (8 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Үш қиян» өлеңіндегі ерлік пен елдік (8 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі  Ел тәуелсіздігін аңсау (8 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі Ел тәуелсіздігін аңсау (8 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 5-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 5-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 4-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 4-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 1-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 1-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі Ұлт тағдыры жолындағы қасірет 8 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі Ұлт тағдыры жолындағы қасірет, сабақ жоспары Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі Ұлт тағдыры жолындағы қасірет 8 сынып қазақ әдебиеті қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары Мұрат Мөңкеұлы «Үш қия, Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі Ұлт тағдыры жолындағы қасірет (8 сынып, II тоқсан )