» » » Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 6-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 6-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 6-сабақ (8 сынып, II тоқсан ) казакша Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 6-сабақ (8 сынып, II тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 6-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.3.4.1- шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу
Сабақтың мақсаты: Шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Жедел жауап
1. Ақын өмір сүрген жылдар? (1843-1906)
2. «Мұрат мен көрген ақындардың ішіндегі ең күштісі»,-деп баға берген кім? (Мұрын жырау)
3. Еділдің бойы — (қанды) қиян,
Жайықтың бойы – (майлы) қиян,
Маңғыстау бойы — (шанды) қиян.
4. Ақынның ең көлемді жыры? («Қарасай-Қази» дастаны)
5. Мұрат шығармаларына тән сарын қандай? (ел мұңын айту)
6. «Үш қиян» өлеңінде қандай ірі тұлғалардың есімі айтылады? (Асанқайғы, Қазтуған, Орақ, Мамай, Телағыс)
7. Ақын «Үш қиянда» замана бейнесін қалай сипаттайды? (адыра қалғыр, сұм)
Оқушылар сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен танысады.
Мағынаны тану
1-тапсырма ЖЖ., ТЖ.
«Дастархан» стратегиясы
1.Топтағы төрт оқушы «Дастарханға» шығарма мазмұнына байланысты 1 сұрақ және проблемалық 1 сұрақ жазады.
2.Сағат тілімен айналдыра отырып, басқа оқушылар сұраққа жауап жазады.
3. Топпен ақылдасып, мәтіндегі өздері үшін ең маңызды ақпаратты дастарханның ортасына жазады.
«Сұрақтар қорабы»
1.Әр топ «Дастархан» әдісінде талқылаған бір үздік проблемалық сұрақты таңдап алып, стикерге жазып, «Сұрақтар қорабына» салады.
2. Топтар бір – бір сұрақтан таңдап, сұрақтарды сыни тұрғыдан талдап, жауап береді.
2-тапсырма. ЖЖ., Ж.
 М.Мөңкеұлының өмірі, шығармашылығы бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерді жұбымен оқып танысады.
 Ж.Төмендегі тақырыптардың біріне өзіндік сыни пікір жазады:
 М.Мөңкеұлы – сан қырлы саңлақ.
 М.Мөңкеұлының «Үш қиян» толғауындағы ащы шындық.
 М.Мөңкеұлы шығармасындағы азаматтық тереңдік.
 М.Мөңкеұлының қазақ поэзиясына қосқан үлесі.
 М.Мөңкеұлының «Үш қиян» толғауының маңызы.
Бағалау парағы
Бағалау критерийі Дескрипторлар:
Әдеби сын-пікірлерге сүйеніп, өзіндік көзқарасын білдіріп, сыни пікір жазады. - Ақынға қатысты әдеби сын-пікірлерді оқып танысады;
- Таңдаған тақырыбына қатысты мәліметтерді жинақтап белгілейді;
- Ақын шығармашылығына қазіргі кезең талаптары тұрғысынан баға беріп, өзіндік сыни пікір жазады.
М.Мөңкеұлы шығармашылығына қатысты ғылыми-зерттеу еңбектерден үзінділер
МҰРАТ МӨҢКЕҰЛЫ
Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) - айтыскер ақын, жырау.
МҰРАТ МӨҢКЕҰЛЫ 2009 жылғы 15 қыркүйекте қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. Жасынан жетім қалып, ағасы Матайдың қолында тәрбиеленген. Ауыл молдасынан білім алған. Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, өзі Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. Мұрат Мөңкеұлы 17 жасында Жылқышы, 20 жасында бала Ораз, 25-інде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан. Ол өзінің өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығымен әрдайым жеңіске жеткен. Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады. Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. «Үш қиян» толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе - жер, құтты қоныс жайы. Ол «Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» атты жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Білімді игермейінше елінің өркендемейтінін «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңінде аңғартады. Ақын мұрасының бір шоғыры - би-болыстарға айтқан арнау өлеңдері. Мұрат Мөңкеұлы майталман жыршы, термеші ретінде де танылған. «Өлім», «Қыз», «Арғымақ сыйлап не керек», «Аттан сұлу болар ма?», «Жалғаншы фәни жалғанда» атты термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады. «Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны», «Бір досқа» атты хат үлгісінде жазылған үш туындысы сақталған. Ақын «Қырымның қырық батыр» жырын, Шалкиіз, Қазтуған шығармаларын жеткізушілердің бірі болған. Әсіресе Махамбет өлеңдерін жеткізудегі еңбегі ерекше. Махамбет жырлары Қуан жырау - Мұрат - Ығылман ақындар арқылы біздің заманымызға жеткен. Мұрат Мөңкеұлы шығармалары «Мұрат ақынның Ғұмар Қазиұлына айтқаны», «Ақын», «Мұрат ақынның сөздері», «Бес ғасыр жырлайды», «Алқаласа әлеумет», тағы басқа жинақтарда жарияланған. Б.Қорқытовтың құрастыруымен ақынның жеке жинағы шыққан. Шығармаларын Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Тоқмағанбетов, Қ.Жұмалиев, Б.Омаров, Қ.Мәдібай, тағы басқа ғалымдар зерттеген. Кейбір шығармалары орыс тіліне аударылған.

Дереккөзі: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 6-том
ҚОЛЖАЗБА МЕН КІТАПТАР

Әрине, қазақ әдебиетінің алыбы Мұрат Мөңкеұлының мұрасы әр жылдарда жинақталып, зерттеліп отырды. Ақын дүние салғаннан кейін екі жыл өткен соң, 1908 жылы Қазандағы ағайынды Кәрімовтер баспасынан шыққан «Мұрат ақынның Ғұмар Қазы ұғлына айтқаны» деген кітапты нақты кім әзірлегені жөнінде әзірге мәлімет жоқ. Бірақ сол белгісіз жинаушы Мұрат мұрасын алғаш рет топтап, баспадан шығуына жол ашты.
Мұрат ақынның алғашқы зерттеушісі – Алаштың ардақты перзенті Халел Досмұхамедұлы. Ол 1924 жылы Ташкент қаласынан «Мұрат ақынның сөздері» атты кітапты бастырып шығарды. Сол кітапқа өзі алғы сөз жазып, ақын шығармаларындағы кісі есімдеріне және жер-су аттарына түсініктеме беріп, мұраттанудың негізін қалады. Халелден соң Мұрат Мөңкеұлы әйгілі Мұхтар Әуезов зерттеуінің нысанасына айналды. Ол 1927 жылы Қызылордада жарық көрген «Әдебиет тарихы» еңбегінің «Зар заман ақындары» атты тарауында Мұрат шығармаларына кеңінен тоқталды.
Мұрат ақынның шығармалары 1940 жылы Мәскеуде басылған «Песнистепей» атты қазақ әдебиетінің антологиясында (жалпы редакциясын басқарған Л.Соболев) жарияланды. Ал 1958 жылы Америка Құрама Штаттарының Дьюкуниверситетiнiң профессоры Томас Густав Виннердiң ағылшын тiлiнде басылған «Ресейлiк Орталық Азия қазақтарының ауызекi шығармашылығы мен әдебиетi» атты кітабында Мұрат Мөңкеұлының өлеңдеріне талдау жасалды.
Мұрат ақынның мұралары Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының 1940 жылдардың орта шенінен бастап ұйымдастырған ғылыми экспедицияларының нәтижесінде жиналды. Мұраларды Атырау өңірінен іздеп тауып, академия кітапханасының қолжазба қорын байытуға Б.Қорқытов, А.Әбдірахманов, Ғ.Әбілжанов, М.Тілеужанов, Сұлтанғалиева, Ауатанов, т.б. жинаушылар үлес қосты. Ақынның өлең-толғауларының көпшілігі оның ұлы Дәулетқалидың аузынан жазып алынды. Орталық ғылыми кітапхана қорының 1303, 97 Д, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қолжазба қорының 406, 504, 593 бумалары Мұраттың шығармаларына арналған. Сондай-ақ, институттың қолжазба қорының 411, 332, 910 бумаларында Мұрат ақынның өлең-толғаулары бар.
Әдебиет зерттеушілері, ақын-жазушылар әр жылдарда Мұрат мұралары туралы құнды пікірлер айтты. Әсіресе, ақын шығармаларына тереңірек тоқталып, ауқымды еңбектер арнаған М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, М.Жолдыбаев, Қ.Жұмалиев, Ә.Тоқмағамбетов, С.Мұқанов, Ы.Дүйсенбаев, Х.Сүйіншәлиев сынды ғалым-жазушылардың ой-тұжырымдары Мұрат мұраларының табиғатын ашып, байыпты талдау жасауымен құнды.
Ақынның ардақты есімі ақталғаннан кейін мерзімді баспасөзде Мұрат Мөңкеұлы жайында бірнеше мақалалар жарияланды. Ақынның өлең-толғаулары газет-журналдарда жарық көрді. 1991 жылы ғалымдар Қ.Сыдықов пен Ш.Керімов Атырау, Маңғыстау өңірлерінде өмір сүрген төрт ақынның (Қашаған Күржіманұлы, Мұрат Мөңкеұлы, ШыниязШанайұлы, Насихат Сүгірұлы) «Алқаласа әлеумет» деп аталатын жыр жинағын құрастырып, бастырып шығарды. Осы жинақта Мұрат шығармаларының бұрынғы басылымдарымен салыстырылған текстологиясы жасалып, ұсынылды. Сол жылы шыққан Халел Досмұхамедұлының «Аламан» атты кітабына (құрастырғандар Ғ.Әнесов, А.Мектепов, Ш.Керімов) Мұраттың 1924 жылы Ташкентте жарық көрген жинақта жарияланған өлең-толғаулары енгізілді. Ақын шығармаларының баспасөзде жарық көруіне ғалым С.Дәуітов көп үлес қосты. Оның құрастыруымен Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы шығармалары енгізілген «Зар заман» жинағы 1993 жылы жарық көрді.
Кейіннен Мұрат ақынның шығармалары жазушы, шежіреші Берік Қорқытовтың кіріспе сөзімен және түсініктемесімен 2001 жылы «Өлке» баспасынан «Қынапты қара қылышпын», «Арыс» баспасынан «Мұрат» атты жеке жинақ болып басылып шықты. Сонымен қатар, ақын өлеңдері 2004 жылы «Тарихи тұлғалар. Есет, Алдар, Мұрат, Шернияз» атты жинақта жарияланды.
Осы ретте тек Атыраудың ғана емес, Алаштың ардақты перзенттері Қабиболла Сыдиықов пен Берік Қорқытовтың Мұрат мұраларын жұртшылыққа танытуға өлшеусіз еңбек сіңіргенін айтуға тиіспіз.
Бауыржан ОМАРҰЛЫ,
Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор.
(Арнайы «Атырау» газеті үшін)

Әдетте Мұрат шығармаларына баға бергенде, отаршылыққа қарсы реакция ретінде туған оның ащы сөздерінің парқына бармай, бұлары жалпы орыс атаулыға айтылған наразылық деп танып келдік. Сонда Мұрат ақынды бастан-ақ ескішіл, әдебиетіміздің қорына қосқан ешбір үлесі жоқ деп кесіп айта аламыз ба? Ақынның ізгі ізденістері, туған халқының тағдыры туралы толғаныстары мен өмір шындығы екі арасындағы қабыспас қайшылықтардың себептерін неге ашпаймыз? Қайткен күнде де “кертартпа” деген ұғымды тым тар көлемде қарамай, бір жағы замана қайшылықтары ескерілсе. Қай ақынның болсын творчествосындағы барлық ерекшеліктерді түгелдей қамтып барып, терең топшылау, әділ қорытынды жасаған дұрыс”. Бұл – шын мәнісінде әділ баға еді, себебі қашан да, қай ақын болса да әдебиетімізге қосқан өзіндік үлесімен,тың жаңалығымен өлшенсе керек.
Ысқақ Дүйсенбаев,
ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі

http://anatili.kazgazeta.kz/?p=14987
Мұрат Мөңкеұлы:
«Екі жақты, бір тілді, Сөйлейтін сөзге шешенмін…»
11 - шілде, 2013 ж 5 856 2
Ақын, атақты жырау Мұрат Мөңкеұлының туғанына биыл – 170 жыл.
... Мұрат термелері – өте көркем, тағылымы мол дүниелер. Өзінің мән-мағынасын күні бүгін де жоймағаны көрінеді.
Зерттеушілер толғаулар деп атап жүрген ақынның екі үлкен шығармасы – «Үш қиян» және «Сарыарқа». Толғау деп айдар таққанмен, бұл туындылар лирикалық дастанның жүгін көтеріп тұрған шығармалар. Сондықтан бұларды лирикалық дастандар деген жанрға жатқызсақ артық емес.
Қазақ жерін иемденуді әуелден армандап келген, ғасыр басынан жаулап, ішіне ене қорғандар салған Ресей XIX ғасырдың орта кезінен өзінің елді басқаруға, кең дала аумағын бөлшектеуге байланысты заңын енгізді. Шұрайлы жерлеріне, әсіресе өзен-көлдерінің маңына орыс қарашекпендерін көшіріп әкеліп қоныстандырды. Қазақ шаруа-ларын құмайтқа қуып тастап, ата қоныстарын тартып алды, қарсылық көрсеткендерін қырып-жойды, атты-асты, «жер сібір» аударды. Қазақ халқы осы кезде қорлықтың көкесін көрді. Халықты ата қоныстан қууға, шұрайлы жерлерін тартып алуға жергілікті әкім-қаралар, хандар, би-сұлтандар орыс патшасының алдында құрдай жорғалап, көмекке келді. Қазақтарды өз жерінен қуу бүкіл қазақ аумағы бойынша жүргізілді. Орыс әскерлері мен орыс көпестері емін-еркін құнарлы мекендерді мәңгілік иемденді.
Мұндай қорлық халық қобалжуларын туғызды. Қазақстан бойынша әртүрлі аймақтарда көтерілістер туды. Пат¬шаның қарулы күштері оларды тұншықтырумен болды.
Отаршылдыққа қарсы көтерілістің ең үлкені – Исатай-Махамбет бастаған кө¬теріліс еді. Ол қазақ тарихында тәуел¬сіз¬дік үшін күрестің ең ірісі ретінде аталады.
Қобалжу бүкілхалықтық деңгей алды, зорлыққа күші жетпей сорлаған халықтың зар мен мұңы халық арасынан шыққан зиялы қауым – ақындар жырында сөзсіз көрініс тапты, халық зары олардың жүрегінен зарлы жырлар туғызды. Оған әдебиет зерттеушілері Шортанбай, Дулат, Мұраттарды қосады. Бұл әдебиет тарихында «Зар заман» ақындары боп аталды. Сонымен біз әңгіме етіп отырған Мұрат «Зар заман» ақындарының бел ортасында болып, өзінің де, халқының да қайғы-мұңын, жүрек зәрін төкті. Зорлықшыға деген небір қарғыс жырлары қатты ашыныстан, қайғыдан, қабырға қайыстырған мұңнан шығатыны белгілі. Мұрат жырларында әбден шегіне шыққан қорлықты аяусыз көрген халықтың зары жан-жүрегіңді тебірентеді. Ата-бабаларымыздың сол ғасырда көрген қорлығына шыдай алмай жаның жылайды. Сонымен, «Үш қиян», «Сарыарқа» атты лирикалық дастандар – «Зар заман» туындылары. Олар отаршылдыққа, озбырлыққа қарсы туған жырлар.
Мұрат ақын орыстың озбырлығын өте ерте кезден бастайды. Батыс өлкесін ақын «Үш қиян» деп атаған.
Еділдің бойы – қанды қиян,
Жайықтың бойы шаңды қиян,
Маңғыстаудың бойы – майлы қиян,
Адыра қалғыр, үш қиян!
Үш қиянның ара бойынан
Жеті жұрт көшіп жол салған.
Ақын Ресей патшалығының отаршылдығы үздіксіз жүргізілгені және жеріміз¬ге шеттен бастап кіріп, ішімізді жай¬лай бергені өте өрнекті тілмен бейнелі көрсетіледі.
Еділді тартып алғаны –
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны –
Ойындағысы болғаны, – деген жолдарда бір озбырдың екінші адамға жасаған зорлығындай сурет адам көз алдына келеді.
Жаппай талап, топан, таптай келген «аузы түкті» жұрт өзінің әдет-ғұрпын, сұмпайы мінез-құлықтарын қазақ халқына енгізе бастағанын, халқымыздың бұрынғы өте әдепті, әділ ғұрпымызды лайлап, бүлдіргенін де бейнелі көрсетті.
Дастанның соңында сұмпайы за¬манның бейнесін өте дәл береді. Ақын өзге жұрттың әдепсіз ғұрпы бірден-бірге дендеп еніп, қазақты бүлдіріп жатқанын айтып, зорлықпен келген заманға жиіркене қарайды және болашақтан түңіледі:
Мен қауіп еткеннен айтамын,
Ақ борықтай иілген
Кейінгі туған баланың
Ұстай ма деп білегін,
Шая ма деп жүрегін.
Шашын, мұртын қойдырып,
Ащы суға тойдырып,
Бұза ма деп реңін.
Адыра қалғыр заманның
Мен жаратпаймын сүреңін.
«Үш қиян» дастаны – Мұрат ақынның жүрегін жарып шыққан ең мұңды, ең зарлы жыр. Ол – ақын тілімен айтқан халық үні, халық мұңы болды.
Қадыр ЖҮСІП,
филология ғылымдарының докторы,
Х.Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университетінің профессоры.....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 19 |


Загрузка...
Читайте также
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 9-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 9-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 8-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 8-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 2-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 2-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңі және тарихи шындық (8 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңі және тарихи шындық (8 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 5-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 5-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 4-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 4-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 2-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 2-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 1-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 1-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 6-сабақ 8 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 6-сабақ, сабақ жоспары Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 6-сабақ 8 сынып қазақ әдебиеті қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 6-сабақ, Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 6-сабақ (8 сынып, II тоқсан )