Ахмет Йасауи «Даналық кітабы» Қайырымдылық – ізгілік дәні (8 сынып, I тоқсан )

 Ахмет Йасауи «Даналық кітабы» Қайырымдылық – ізгілік дәні (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Йасауи «Даналық кітабы» Қайырымдылық – ізгілік дәні
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар: (Оқу бағдарламасына сілтеме) Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс
Сабақ мақсаты: Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
«Даналық кітабының» мазмұнын (өткен сабақтағы үзіндіні қоса алып) «қызмет»,«қайырымдылық», «мейірбандық» формуласы бойынша жинақтап, автордың арманды сұрақтарына түйінді пікір білдіреді.
Тапсырма орындауға берілген уақыт аяқталғаннан кейін әр топ өз пікірін қорғайды. Басқалары келісетін/келіспейтінін дәлелмен түсіндіреді.
- Бүгінгі сабақ тақырыбы адамдар арасындағы қандай қарым-қатынасқа байланысты болады деп ойлайсыздар?
- «Қайырымдылық» тақырыбын ашу үшін қандай мақсатпен жұмыс жасауымыз мүмкін?
1-тапсырма. Оқушыларға «Даналық кітабынан» 1,2,3,4 -хикметтерінен үзінділер таратылады. Оқушылар топппен үзіндіні оқып, ізгілікті ой желісін анықтайды.
2-тапсырма. ТТБ (Тану, Талдау, Бөлу) – белгілі бір тұжырымдаманы неғұрлым кішірек бөліктерге бөліп жіктейді.
ізгілік
кішіпейілдік мейірімділік
жанашырлық
3-тапсырма. Үзіндімен жұмыс.
1.Қайырымдылық ұғымын насихаттайтын үзіндіні таңдайды.
2.Үзіндінің мәнін түсіндіреді. Мәнісі мынада: ...
3. Мысал келтіреді.
4. «Қайырымдылық – ізгілік дәні» тақырыбындағы
ойын әсерлі жеткізу үшін үзінділердегі метафора не өзге ұқсастықты қолданады.
4-тапсырма.
Маңыздылық пирамидасы
«Даналық кітабы» ақынды ізгілік дәнін себуші тұлға ретінде танытады.
Ақынның жастарды адам баласының мінезі мен бойында кездесетін кемшіліктерден аулақ болуға үндейтініне көз жеткізеді.
Оқушылар топта берілген пікірді басшылыққа алып, Йасауи хикметтерінің маңызын түсіндіреді.
1.Хикметтер кім үшін маңызды? Сұрақты талқылайды.
Өзің үшін..........................
Жастар үшін....................
Адамзат үшін..................
2. Өздерінің пікірлерін парақтарға жазып, пирамида құруға ұсынады.
3. Оқушылар берілген сұраққа ең маңызды жауапты дайындайды.
4. Топ өздерінің шешімдерін айтады. Басқа топпен салыстырады, өзгертулер енгізеді.
Өздік бағалау.
Бағалау критерийі Дескриптор
А.Йасауидің «Даналық кітабынан» алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады автордың сұрақтарына түйінді пікір білдіреді
өз пікірін топпен қорғайды
1,2,3,4 -хикметтерінен берілген үзінділерді оқиды
хикметтердегі ізгілікті ой желісін анықтайды
тұжырымдаманы кішірек бөліктерге бөліп жіктейді
үзінділерді таңдап, өз көзқарасын жеткізу үшін қолданады
Йасауи хикметтерінің маңызын түсіндіреді
Өз шешімдерін басқа топпен салыстырады, өзгертулер енгізеді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 787



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі