» » » Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыттың нақыл сөздері 2-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыттың нақыл сөздері 2-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыттың нақыл сөздері 2-сабақ (8 сынып, I тоқсан ) казакша Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыттың нақыл сөздері 2-сабақ (8 сынып, I тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Қорқыттың нақыл сөздері 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы
8.Б/С1.Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау
Сабақ мақсаты: Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырады;
Тарихи және көркемдік құндылығын баға береді.
Сабақ барысы:
Мағынаны тану
Оқушылар сабақтың оқу мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады.
Оқушылар «Алпамыс батыр» жырының бейнебаянын тыңдап, сюжеттік жоспарын жазып келуге берілген үй тапсырмасы бойынша жыр мазмұнын қысқаша баяндап, еске түсіреді.
1-тапсырма Ж/Т.
«Басымдылық пирамидасы» әдісі
1-топ.
«Бәмсі-Байрақ туралы жыр» мен Алпамыс батыр жырының ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы салыстырыңыздар.
2-топ.
Қорқыт Атаның нақыл сөздері мен қазақ мақал-мәтелдерінің ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы салыстырыңыздар.
3-топ.
«Бәмсі-Байрақ туралы жыр» мен Алпамыс батыр жырының тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, дәлел ретінде мәліметтер немесе айғақтар ұсыныңыздар.
4-топ.
Қорқыт Атаның нақыл сөздері мен қазақ мақал-мәтелдерінің тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, дәлел ретінде мәліметтер немесе айғақтар ұсыныңыздар.
Өз постерлерін қорғау кезінде әр топтың жұмысына бірден толықтырулар енгізіп не түзетулер енгізіп отырады. Әр жұмысқа бағдаршам көтеру (жасыл – құптаймын; сары – толықтыру қажет; қызыл – түзету енгіземін) арқылы дауыс береді.
Кері байланыс: Раунд - Робин әдісі
Әр оқушы тапсырма барысында не білгенін бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай, түгел айтып шығуы тиіс.
2-тапсырма ЖЖ.
«Шығармашылық ізденіс» әдісі
Төменде ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, шағын зерттеу жұмысының тезисін жазыңыздар.
1. Қорқыт Ата жырлары – түркі мифологиясының қайнар көзі.
2. «Қорқыт Ата кітабы» – ұлт тарихы мен мәде¬ниетінің Бас кітабы.
3. Қорқыт Ата шығармаларындағы тарихи және көркемдік құндылықтардың маңызы.
4. Қорқыт Атаның нақыл сөздеріндегі тәлімдік идеялардың қазақ мақал-мәтелдерімен үндестігі.
5. Бәмсі-Байрақ пен Алпамыс батыр – ел бірлігін нығайтқан ерлер.
6. Қорқыт Атаның мәңгілік өмір мен өмірдің мәні туралы толғаныстарының тарихи құндылығы.
Жоба құрылымы:
 Кіріспе
 Зерттеу тақырыбының өзектілігі
 Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
 Зерттеу жұмысының әдістері
 Зерттеу жұмысының болжамы
 Зерттеу жұмысының құрылымы
 Зерттеу бөлімі
 Қорытынды
Оқушылар шағын зерттеу жұмысының тезисін жазып болғаннан кейін, жұппен алмасып, бір-бірінің жазбаларын оқиды, астына комментарий жазады. Алғашқы жұптан кейін келесі жұп оқиды. Соңында топтың үздік зерттеу жұмысының тезисін анықтап, «Галереяға» іледі.
Барлық сынып үздік жұмыстарды оқып, үздіктің үздігін анықтайды.
3-тапсырма
«Бұрыш» стратегиясы
Оқушылар өздеріне «Бұрыш» таңдау арқылы Қорқыт ата кітабының тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.
1-бұрыш: Толғау тарихи құндылығымен бағалы, өйткені...
2-бұрыш: Толғаудың көркемдік құндылығы басым, себебі...
3-бұрыш: Толғау тарихи да, көркемдік те құндылығымен бағалы, неге десеңіз...
4-бұрыш: Екі ойлымын, менің топшылауымша ........



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 17 |


Загрузка...
Читайте также
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 1-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 1-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 8-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 8-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі 1-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі 1-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыттың нақыл сөздері 4-сабақ (8 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыттың нақыл сөздері 4-сабақ (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыттың нақыл сөздері 1-сабақ (8 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыттың нақыл сөздері 1-сабақ (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ақтамберді  Сарыұлының «Күлдір-күлдір кісінетіп» «Балаларыма өсиет» толғаулары 2-сабақ  (8 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ақтамберді Сарыұлының «Күлдір-күлдір кісінетіп» «Балаларыма өсиет» толғаулары 2-сабақ (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ахмет Йассауи мен Абай мұрасындағы идеялық үндестік  (8 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ахмет Йассауи мен Абай мұрасындағы идеялық үндестік (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ахмет Йассауи «Даналық кітабы» 3-сабақ (8 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ахмет Йассауи «Даналық кітабы» 3-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Қорқыттың нақыл сөздері 2-сабақ 8 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Қорқыттың нақыл сөздері 2-сабақ, сабақ жоспары Қорқыттың нақыл сөздері 2-сабақ 8 сынып қазақ әдебиеті қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары Қорқыттың нақыл сөздері 2-сабақ, Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыттың нақыл сөздері 2-сабақ (8 сынып, I тоқсан )