Ақтамберді Сарыұлы толғаулары (8 сынып, I тоқсан )

 Ақтамберді Сарыұлы толғаулары (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Ақтамберді Сарыұлы толғаулары
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С4.Шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу
Сабақ мақсаты: Шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
«Өмір ұраны»
Әр оқушы өзінің өмірдегі ұранын қағазға жазып, қағаздарды араластырылады. Содан соң бір оқушы шығып, үш-төртеуін таңдап оқиды. Басқалар оқылған ұранның кімнің өмірлік ұстанымы екенін табуы тиіс.
Мағынаны тану
1- тапсырма Ж., ЖЖ.
 Әдеби сын туралы анықтамамен танысыңыз.
 Жұбыңызбен ой бөлісіңіз.
Әдеби сын – әдеби шығарманың бір түрі. Әдеби сын көркем шығармаға эстетикалық баға беріп, бейнеленген өмір шындығының көркемдік шындыққа қалайша айналғандығын саралайды, оның мән-маңызын түсіндіреді, әдеби өмірдің бүгінгі ерекшелігін айқындап, бағыт сілтейді. Әдеби сын бүгінгі шығармаларды талдап, оларға қазіргі кезең талаптары тұрғысынан баға береді. Әдеби шығарманы оқыған адам ол жөнінде өз пікірін, көзқарасын білдірмей отыра алмайды. Әдеби сын – оқушыға тура жол көрсететін ақылшы.
2-тапсырма Ж.
Екіжақты түсініктеме күнделігі
Оқушылар ғалым Р.С.Кареновтің «Ақтамберді жырау — қазақтың ежелгі жыраулық мектебінің белді өкілі» мақаласымен танысады.
Бөліктің оң жағына
Бөліктің сол жағына
Зерттеу еңбегінің өзіне ерекше әсер еткен тұстарын тезис түрінде жазады. Әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (ғалымның көркем шығармаға берген бағасы қаншалықты шынайы, оның бүгінгі оқырман үшін мән-маңызын айқындап бере алған ба т.б.)
3-тапсырма Ж.
Ғалымның мақаласына сүйене отырып, жырау толғауларына өз көзқарасын білдіріп, өзіндік сыни пікір жазады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 205



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі