Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі 6-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )

 Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі 6-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Ұрпақ тәрбиесі
Сабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі 6-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.Б/С4.Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу.
Сабақтың мақсаттары: Бұл сабақта оқушылар шығармадағы құндылықтарды талқылай отырып, шығармаға сыни тұрғыдан баға беріп, эссе жазады.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
• Оқушылар назарын сабаққа аудару
• Кезекшімен сұхбат
• Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
ІІ.Қызығушылықты ояту
• «Ата-ананы сыйлау- адамдардың парызы» берілген оймен келісесіздер ме? Неліктен?
• Шығарма қай жанрда жазылған?
Тапсырма. №1
ЖЖ. Оқушыларға әдеби шолу жазу үшін жұппен талқылауға сұрақтар таратылады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын толықтырып, сыни шолу жұмысын жазады. Талқылау сұрақтары «Өрмекші өрмегін құру» әдісі бойынша жүргізіледі.
«Өрмекшінің өрмегін құру» әдісі
1.Оқушыларды дөңгелетіп тұрғызу.
2.Бір оқушының қолына жіп бумасын ұстату.
3.Ол жіпті өрмекті шырмалатындай қалыпта қалауынша екінші оқушыға сұрақ қойып лақтырады.
4.Осылайша сыныптың барлық оқушыларына тақырып бойынша пікірлерін айтуларына мүмкіндік беріледі.
Талқылау сұрақтары:
1 Сапабек өзінің әке –шешесіне деген перзенттік сағынышын, махаббатын таныта алды ма?
2 Ерекеңнің түнімен мазасызданып шығуының себебі неде?
3 Жазушы ақсақалдың көңіл-күйін қалай берген? (Кітаптан тауып оқу)
4 Ерекең баласынан қандай үміт күтіп еді, үміті ақталды ма, әлде ақталған жоқ па?
5 «Баланың ата-ана алдындағы азаматтық парызы» дегенді қалай түсінесіңдер?
Анықтама
Шолу дегеніміз - болған оқиға мен құбылысты қадағалау және ол туралы көпшілікке ақпарат беру.
Әдеби сын -көркем шығармаларды талдап, баға беріп , олардың идеялық-көркемдік мәнін әдебиеттегі орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы
Бағалау дескипторлары
• Шығарманың құндылығын түсінеді;
• Талқылау сұрақтарына жауап береді;
• Сұрақтарға жауап беруде аргументтер келтіреді;
Тапсырма №2
Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, 150-200 сөз көлемінде сыни эссе жазады.
• «Мен ата-анам алдындағы перзенттік борышымды қалай түсінемін?»
• «Менің ұғымымдағы азаматтық парыз»
Бағалау дескрипторлары
• Тақырып бойынша эссе жаза алады;
• Эссенің құрылымдық ерекшелігін сақтайды;
• Эссе жазуда сөз санын сақтайды;
• Шығармаға сыни баға береді;.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 025



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі