Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі 1-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )

 Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі 1-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Ұрпақ тәрбиесі
Сабақтың тақырыбы: Т.Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.Б/С4.Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар:
Шығарманың эстетикалық құндылығын анықтайды;
Көптеген оқушылар:
Шығарманың эстетикалық құндылығына сын айтады;
Кейбір оқушылар:
Шығарманың эстетикалық құндылығы туралы сыни шолу жазады;
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру:
-оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
- сабақ мақсатымен таныстыру;
ЖЖ.
Т. «Бетпе –бет» әдісі. Оқушылар 2 қатарға қарама –қарсы отырып, берілген сұрақтар бойынша пікірін айтады. Бірінші қатардағы оқушылар бір орынға жылжып, жұбын ауыстырады.
Талқылау сұрақтары:
1.Сапабек өзінің әке –шешесіне деген перзенттік сағынышын, махаббатын таныта алды ма?
2.Ерекеңнің түнімен мазасызданып шығуының себебі неде?
3.Жазушы ақсақалдың көңіл-күйін қалай берген?
4. Ерекең баласынан қандай үміт күтіп еді, үміті ақталды ма?
5. «Баланың ата-ана алдындағы азаматтық парызы» дегенді қалай түсінесің?
Бағалау критерийі Дескриптор
оқушы
Шығарманың эстетикалық құндылығы туралы сыни шолу жазады;
эстетикалық құндылықтарды анықтайды;
баға береді
сыни талдау жасайды
Топқа бөлу: оқушылар шағын топтарға бөлінеді.
Т. Оқушылар шағын топтарда талқылап, берілген оқиғалар бойынша эстетикалық құндылықтарды анықтайды, себебін түсіндіреді.
1-топ: Ерғабыл мен кемпірінің өзара қарым –қатынасы
2-топ: Қонақ күту
3-топ: Сапабектің әңгімесі
4-топ: Тома –келін
5-топ: Аспандиярдың әні
Оқушылар бір –бірінің пікірін дәптерлеріне жазып алады.
Ж. Сыни шолу жазу
Ұсынылатын тақырып:
«Қонақтар» әңгімесіндегі эстетикалық құндылықтар»
Көлемі: 120-150 сөз
Қосымша мәлімет:
Әдеби сын -көркем шығармаларды талдап, баға беріп , олардың идеялық- көркемдік мәнін әдебиеттегі орнын анықтайты әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы.
Еркін микрофон:
Оқушылар өз қалаулары бойынша сыни шолуларын сыныпқа таныстырады.
Кері байланыс: оқушылар «2 жұлдыз, 1 тілек» бойынша кері байланыс береді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 983



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі