Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі 1-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )

 Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі 1-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Ұрпақ тәрбиесі
Сабақтың тақырыбы: Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.
7.Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар
• Әдеби шығарманың сюжетін біледі;
• Кейіпкер бейнесін таниды;
Көптеген оқушылар
• Шығарма сюжетін талдайды;
• Кейіпкер бейнесін ашады;
Кейбір оқушылар
• Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды;
• Үзінділерді жатқа айтады.
Сабақ барысы:
• Ұйымдастыру.
• Тақтадан «Қазақстанның физикалық картасы» көрсетіледі.
Өз еркімен 5 оқушы тақтаға шығады. Олардың әрқайсысы кезектесіп бір-бір сөйлемнен айта отырып, картаны пайдаланып, «Менің елім Қазақстан» деген тақырыпта сөйлейді.
Кері байланыс
Мұғалім «Сонымен, Қазақстан қандай ел?» деген сұрақпен оқушылардың ойын «Егеменді ел», «Тәуелсіз ел» деген жауаптарға әкеледі.
Медетбек Темірханның «Тәуелсізбін» өлеңі оқылатынын хабарлайды.
• Оқу мақсаты таныстырылады.
Тапсырма №1
ДЖИГСО әдісі.
1-қадам. С. Темірхан Медетбектің «Тәуелсізбін» өлеңінің мазмұнын оқиды.
2-қадам. Т. Топтағы төрт оқушының әрқайсысының қабілетіне қарай мына тапсырмалар бөлініп беріледі.
1. Өлеңнің мазмұны мен идеясын айтыңдар.
2. Өлеңдегі тәуелсіздікті айқындайтын тіркестер
қайсы деп ойлайсыңдар?
3. Автор тәуелсіздікті қалай сипаттаған?
4. Өлеңдегі қандай жолдар ерекше әсер етті?
Неліктен?
Олар бұл тапсырмаларға топ ішінде отырып дайындалады.
3-қадам. Бірдей тапсырма алған оқушылар бір топқа жиналады. Өздерінің тапсырмалары туралы ізденеді, бірігіп талқылайды.
4-қадам. Оқушылар бастапқы топтарына қайта жиналады. Топтағы әр оқушы өздеріне түскен тапсырманы топ ішінде түсіндіреді, талдап айтады.
Кері байланыс
Тапсырманың жауабын одан әрі нақтылау немесе талдауды тереңдету мақсатымен топтағы оқушылар жауап беріп отырған оқушыға сұрақ қояды, талдауға араласады.
Бағалау критерийі Дескриптор
оқушы
шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды өлеңнің мазмұны мен идеясын түсінеді
негізгі ойды айқындайды
өмірмен байланыстыра талдайды
Тапсырма №2
Т. «Қайта құрастыру» әдісі
• Әр топқа мұғалім өлеңнің өзі қалаған екі шумағының тармақтарын жеке-жеке қиып береді. Олар тармақтарды мағынасына қарай орналастырып, өлең мәтініне сай құрап шығарады. Бір топқа берілген шумақтар келесі топта қайталанбайды.
• Кері байланыс
Топтар шумақтарын құрап болғаннан кейін, оларға мұғалім өлең шумақтарының негізгі нұсқасын береді. Олар өздерін-өздері тексереді, бағалайды.
• Топтар құраған шумақтарының біреуін жатқа айтып береді. Жатқа айту әдісін өздері таңдайды. Бір оқушы айта ма әлде өздері іштей бөліп ала ма, оны топ мүшелерінің өздері шешеді.
• Т/Ж. «Мен кейіпкермін» әдісі
Топ болып ақылдасады. Топтың атынан бір оқушы өздеріне берілген шумақтың кейіпкері болып сөйлейді. «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?» деген сұрақтың төңірегінде жауап береді.
Бағалау критерийі Дескриптор
оқушы
шығармадан кейіпкер бейнесін ашады, үзінділерді жатқа айтады. кейіпкер бейнесін ашады
үзіндіні жатқа айтады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 4 158



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!