А С Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңі Ұлылар үндестігі (7 сынып, IV тоқсан )

 А С  Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңі Ұлылар үндестігі   (7 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Ұрпақ тәрбиесі
Сабақтың тақырыбы: А.С. Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңі. Ұлылар үндестігі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.Б/С4.Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу
Сабақтың мақсаттары: «Ұлылар үндестігі» тақырыбы бойынша сыни шолу жазу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, сыныпты түгелдеу.
Өткен сабаққа шолу жасау.
Блиц-сұрақтар:
1. Ақын қандай ескерткіш туралы айтады?
2. Өлең неліктен «Ескерткіш» деп аталған?
3. Өлеңдегі басты идея қандай?
4. Ақынның болашаққа деген сенімі қай жолдарда берілген?
5. Ақын ескерткішінің Александр мұнарасынан да биік болу себебі неде?
6. Келер заманда тіл біткеннің ақынды құрметтейтініне неліктен сенімі мол?
Қызығушылықты ояту
Өз өмірін өлеңмен өрген, адалдық пен ақындықты тұмар еткен қазақтың өр талантты ақыны Қ. Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңіне жазылған әнді тыңдату.
Оқушылардан өлеңнің не туралы екенін сұрау. Ақынның ойы туралы талқылау. А.С.Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңімен қандай байланыс байқағандарын сұрау.
Сабақта қамтылатын оқу мақсаты мен бағалау критерийлері талқыланады.
Мағынаны тану
7. Б/С4.Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу
1 тапсырма. «Ұлылар үндестігі» тақырыбы бойынша төмендегі екі шығарманың эстетикалық құндылықтарын ашып сыни шолу жазыңыз.

Ескерткіш (А.С. Пушкин)

Ескерткіш орнаттым мен қолдан келмес,
Ел ізі оған салған суи білмес.
Асқақтап Александр мұнарасынан
Жоғары оқшау шығып тұр ол дербес.
Жоқ, өлмен, жаным жасар өлеңімде,
Шірімей, жасаңғырар денем мүлде.
Бар болса жалғыз ақын ай астында,
Ардақтап қасиеттер мені әр күнде.
Дабысым ұлы Россияға кетер жалпақ,
Тіл біткен жүрер менің атымды атап.
Славян елдерінің пәк ұрпағы,
Қазіргі тағы тұңғыс, қырда қалмақ.
Халқыма сүйікті ұзақ болар жерім –
Туғыздым өлеңіммен мейірлерін.
Жыр етіп тар заманда еркіндікті,
Мархабат пақырларға тілегемін.
Өзім туралы (Қ.Аманжолов)
Өзге емес, өзім айтам өз жайымда,
Жүрегім жалын аткан сөз дайында.
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді
Тербетіп, тулатып бір қозғайын да…

Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,
Өкінем ұқсата алмай келемін деп.
Күніне жүз ойланып, мың толғанам,
Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп.

Сөзім – жыр, лебізім – күй, ерке едім,
Өз жерім, өз елімде еркеледім.
Өмірдің алтын сарай аспанына
Қиялым қақты қанат ерте менің.
Қасыммын, сол баяғы бір қасыммын,
Бақытын ойламаймын құр басымның.
Тымырсық түнек болсаң – дұшпаныңмын,
Ақ көңіл адал болсаң – сырласыңмын.
Бағалау критерийлері:
Оқу мақсаты
7. Б/С4.Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу
Тапсырма «Ұлылар үндестігі» тақырыбы бойынша төмендегі екі шығарманың эстетикалық құндылықтарын ашып сыни шолу жазыңыз.
Бағалау критерийі - шығармалардың эстетикалық құндылығын түсініп, шағын сыни шолу жазады.
Дескриптор - шығарма мазмұнан түсінеді;
- шығармадағы құндылықтарды сараптайды;
- шығарма бойынша шолу жазады;
- шығарма бойынша сыни шолу жазады.
Бағалау
Өз қалаулары бойынша оқушылар «Автор орындағына» отырып, жұмыстарымен сыныпты таныстырады. Тыңдаушылар комментарийлер беру арқылы баға береді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 836



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі