Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы 1-сабақ (7 сынып, II тоқсан )

 Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы 1-сабақ (7 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Толғауы тоқсан қызыл тіл
Сабақтың тақырыбы: Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы 1-сабақ
Белгілі бір оқыту мақсаты: Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі
Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс
7.Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту.
Сабақ мақсаты: Айтыстағы лирикалық кейіпкер бейнесін дауыс ырғағы арқылы таныта отырып, үзінділерді жатқа айтады.
Сабақ барысы:
Ынтымақтастық атмосферасын құру.
Оқушылар «Шаттық шеңберіне» жиналады,
«Маңдайдағы стикер» ойынын ойнайды. Стикерлерде: эпитет, теңеу, метонимия, символ сөздері жазылады. Оқушылар оларға не мысал келтіреді немесе анықтамасын айтады. Маңдайында стикер жапсырылған оқушы оны табу керек. 3 минут.
Оқушылар нөмірлену арқылы 6 топқа бөлінеді.
Қызығушылықты ояту:
Мағынаны тану сатысы
Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін, дескрипторларды талқылау. 3 мин.
Оқу мақсатына қатысты талқылау сұрағы:

 Кейіпкер бейнесін дауыс ырғағы арқылы танытуға бола ма?
 Дауыс ырғағын келтіруде қандай өлең өлшемдерін ескеру керек? (бунақ, ұйқас)
 Бунақ дегеніміз не?
 11 буынды өлеңде неше бунақ бар? (3 бунақ, яғни 3 дауыс соқпасы, кідіріс)
 Сүйінбайдың лирикалық кейіпкерін таныту үшін қандай дауыс ырғағы қажет деп ойлайсың?
 Ақын үніне тән ырғақ қандай?
Ықтимал жауап:
Айбынды, намысшыл, сенімді, өткір т.б.
1-тапсырма:
Оқушылар топта айтыс бойынша қойылым қоюға дайындалады, рөлдерін бөліп алады. 8 минут дайындалып, жұмыстарын әр топ 2 минуттан сахналайды.
 Айтыстан үзіндіні сахналап, лирикалық кейіпкерлер бейнесін дауыс ырғақтарын келтіріп сахналаңдар.
«Алты қалпақ» әдісі арқылы топтар өзара бірін-бірі бағалайды.
2-тапсырма:
1. Сүйінбай ақынның айтысы бойынша кемінде 3-4 шумақ үзінді таңдап ал.
2. Өлең жолдарындағы бунақты (дауыс соқпасын) ескере отырып, нақышына келтіріп мәнерлеп оқы.
3. Таңдап алған үзіндіңді жаттап көр, жұпта айтып, жаттық.
4. Жаттаған үзіндіңді топта айтып көр.
5. Топта өлеңді жатқа айтқандардың төмендегі критерийлерге сәйкесін таңдап алып, сыныпта ортада оқуға ұсыныңыздар.
Үзіндіні дауыс мәнерін келтіріп, жатқа айтады.
Мәтін:
СҮЙІНБАЙ МЕН ҚАТАҒАННЫҢ АЙТЫСЫ

Ассалаумағалейкүм, сәлем бердік,
Мүбәрәк жүздеріңді жаңа көрдік.
Атақты ас жиынды құттықтауға,
Бауырлас қырғыз елі, саған келдік.
Жүйріктер қосылмаған қою шаңға,
Қосылар қыран бүркіт, қашқан аңға.
Хан Жантай, Қара Бәйтік, Әтекеңе,
Келіп ек амандаса Орманханға.
Қол жайып, құран оқып өткендерге,
Әруағын атаң, қырғыз, келдім жоқтай.
Алдына қалың қырғыз келгеннен соң,
Жарай ма қайтып кету көңіл айтпай?!
Қырағы аспандағы ақиықпын,
Құмары басылмайтын борандатпай.
Қатаған сөзден жаңылып,
Өзінен өзі қағынды.
Қызып тұрған темірге,
Өзі келіп қарылды.
Наркескенге жолықтың,
Шашамын судай қаныңды.
Болаттан соққан қылышпын,
Алтындатқан сабымды.

Тоқсан баулы Қоңыраттың.
Тоқсан екі ұлы бар,
Білуші ме едің, Қатаған,
Кім екенін Қыпшақтың?
Естіп пе едің, Таманың,
Көкбөрісі даланың.
Жабылып атқа қонғанда,
Көзіңнің жасын төгуден,
Ашылмас сенің қабағың.
Тіліңді шайнап, қан құсып,
Астында тастың жатарсың.
Әй, Қатаған, Қатаған,
Күнің қандай болады?
Қазақты жинап алғанда.
Қанеки бетке, қарашы,
Толып жатқан көп қазақ,
Көк пенен жердің арасы.
Көппін деген қазақтан,
Қатағанның жоқ санасы.
Манаптары қырғыздың,
Қатағанды ақын деп,
Алып келдің ұялмай,
Қатаған ақын сөйлсе,
Күлесің езу жия алмай.
Енді міне отырсың,
Орыныңнан тұра алмай.
Мына отырған Қатаған,
Қайта-қайта мақтанып,
Жантайдың шенін қоймайды.
Аңға шыққан тазыға,
Оғанда қарғы байлайды.
Еменнен күшті ағашпын
Майысса да сынбайтын.
Алдаспанға жолықтың,
Басыңды кеспей тынбайтын.
Топ бастаған бұлбұлмын,
Сөз бастаған жүйрікпін,
Судан шыққан сүйрікпін,
Бәйгеден озған дүлділмін
Шығарма Қатаған үніңді,
Есіңе сақта бүгінгі,
Қанатың сынған күніңді.
Жардағы өскен жапалақ,
Бұралқы иттей абалап,
Келтірме менің жынымды.
Қырғыз, Қазақ қосылып,
Енді топқа кіргізбе,
Ақын деп мақтап мұныңды?! - деп тоқтағанда батыр Жантай:
- Сүйінбай ботам! Сен жеңдің. Қатаған жеңілді. Көппін деп мақтанғаны басына сор болды. Аттың түгіндей қазақтан қырғыз қашан көп болып еді? Қазақтың алауыз халық екенін айта алмады, - деп ашуланған Жантай екпіндеген Қатағанға сөз бермей, кейін серпіп тастады. Айтысты қортындылған Қара Бәйтік:
-Өзіңдей қазақтың жүйрік, алғыр ақынына қандай силық жасасақта жарасады. Ерлігіңді, еркелігіңді қырғыз халқы көтеріп алады. Жеңген жүлдеңе не таңдайсың? Соны өлеңмен жеткізші, Сүйінжан! - дейді екі елдің айтысын басқарып отырған Қара Бәйтік.
Айт десеңіз, айтайын,
Мырзалығыңды байқайын.
Ер тоқымы алтыннан,
Бір ат мінгіз арғымақ.
Керегесі күмістен,
Босағасы асыл тас,
Бір ақ отау үй бергіз.
Алтын қынап қылыш бер,
Білегіме ілерге.
Он жеті жасар бір қыз бер,
Онымен ойнап күлерге.
Он бес атан түйе бер,
Жүгімді артып жүрерге.
Бір қос жылқы берерсің,
Еліме айдап барарға.
Қос жамбас алтын берерсің,
Сандығыма саларға.
Айтысты жеңген Сүйінбай,
Кем берсең бұдан алар ма?!
Келістіріп сөйлесе,
Жақсылардан сөз қалар.
Суырылған жүйрік болмаса,
Топқа түсіп не табар?
Ақ, қараны шешетін,
Көріп тұрған Алла бар! - дейді Сүйінбай......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 564



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?