Жамбыл Жабаев «Июнь жарлығы» «Зілді бұйрық» 3-сабақ (7 сынып, II тоқсан )

 Жамбыл Жабаев «Июнь жарлығы» «Зілді бұйрық» 3-сабақ (7 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Толғауы тоқсан қызыл тіл
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев «Июнь жарлығы» «Зілді бұйрық» 3-сабақ
Белгілі бір оқыту мақсаты: Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі
Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс
7.Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту.
Сабақ мақсаты: Өлеңдегі кейіпкерлер бейнесін ашып талдайды, үзінділерді жатқа айтады.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту:
«Шаттық шеңберіне» жиналған оқушылардың әрбір бесіншісі «Бес қадам» әдісі арқылы төмендегі мәселелерді айуы керек:
1. Өлеңдегі 5 кейіпкерді ата;
2. Өлеңдегі халықтың өміріне 5 сөзбен баға бер;
3. Өлеңдегі әке-шеше күйін, сезімін 5 сөзбен жеткіз.
4. Өлеңде аталған оқиғаны 5 сөзбен жеткіз.
Оқушылар 4 топқа бөлінеді: «Зерттеушілер», «Журналистер», «Оқырмандар», «Ақындар».
Мағынаны тану сатысы
Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін, дескрипторларды талқылау. 2 мин.
Оқушылар топта жұмыс жасайды. Өлең мәтіні мен тапсырма ұсынылады.
№1-сарапшы парағы
Зерттеуші рөліндегі оқушының тапсырмасы:
1.Мәтінді түсініп оқыңыздар.
2.Адамдардың ниеті мен көзқарастарындағы және мінез-құлқы мен әрекеттеріндегі өзгерісті танытатын сөздер мен сөз тіркестерін теріп алып (кемінде 5 сөз немесе сөз тіркесі), мәнін ашып, өзгерістердің себеп-салдарын анықтап, «Кесте» сызбасы түрінде ұсыныңыздар.
3.Зерттеулеріңіздің қорытындысын бір кейіпкер бейнесі туралы 80 сөзден тұратын шағын тұжырым түрінде жазыңыздар
Адамдардың ниеті мен көзқарастарын, мінез-құлқы мен әрекеттерін танытатын сөздер мен сөз тіркестері Сөздердің білдіретін мәні Өзгерістердің себептері мен салдарлар
Қорытынды тұжырым
№2-сарапшы парағы
Журналист рөліндегі оқушының тапсырмасы:
1.Мәтінді түсініп оқыңыздар.
2. Халықтың ішіндегі түрлі әлеуметтік таптар мен топтарының сипаты мен күй-жайындағы өзгерісті танытатын сөздер мен сөз тіркестерін тауып (кемінде 5 түрлі адамдар сипаты), мәнін ашып, өзгерістердің себеп-салдарын анықтап, «Кесте» сызбасы түрінде ұсыныңыздар.
3. Ақын сипаттап отырған заман көрінісіне баға беретін риторикалық сұрақ туындатып, кейіпкер бейнесіне қатысты зерттеулеріңіздің қорытындысын проблемалық мақала түрінде ұсыныңыздар.
Халықтың ішіндегі түрлі әлеуметтік таптар мен топтарының сипаты мен күй-жайындағы өзгерісті танытатын сөздер мен сөз тіркестері Сөздердің білдіретін мәні Өзгерістердің себептері мен салдарлары
Проблемалық мақала
№3-сарапшы парағы
Оқырман рөліндегі оқушының тапсырмасы:
1.Мәтінді түсініп оқыңыздар.
2.Адамдардың басына түскен қиындық сипатын танытатын көркем сөздер мен сөз тіркестерінің қолданысын тауып (кемінде 5 сөз немесе сөз тіркесі), мәнін ашып, қиындықтың туындау себеп-салдарын анықтап, «Кесте» сызбасы түрінде ұсыныңыздар.
3. Талдаудың қорытындысында ақынның эмоциналды-экспрессивті сөздерін ұтымды қолдана отырып, сол кездегі заман адамының атынан халық жанашыры ретінде жарлық шығарушыларға ұсыныс хат жазыңыздар.
Адамдардың басына түскен қиындық сипатын танытатын көркем сөздер мен сөз тіркестерінің қолданысы Сөздердің білдіретін мәні Өзгерістердің себептері мен салдарлары
Ұсыныс хат
№4-сарапшы парағы
Ақынның рөліндегі оқушының тапсырмасы:
1.Мәтінді түсініп оқыңыздар.
2.Кейіпкерлердің жағдаятқа байланысты көзқарасын, сезімін,ниетін, болмыс-бітімін, сипатын танытатын көркем сөздер мен сөз тіркестерінің қолданысын тауып (кемінде 5 сөз немесе сөз тіркесі), мәнін ашып, қиындықтың туындау себеп-салдарын анықтап, «Кесте» сызбасы түрінде ұсыныңыздар.
3. Талдаудың қорытындысында Жамбыл ақынның кейбір әсерлі сөздерін алмастырып қолданып, қамауға алынған әскердің атынан 80 сөзден тұратын монолог жазыңыздар.
Ақынның, яғни лирикалық кейіпкердің көзқарасын, сезімін, болмыс-бітімін, ниетін, сипатын танытатын көркем сөздер мен сөз тіркестерінің қолданысы Сөздердің білдіретін мәні Өзгерістердің себептері мен салдарлары
«Бір сая бола ма деп шыбын жанға...»
Кері байланыс:
 Қай тапсырма түрін талапқа сай орындай алдыңыздар?
 Қайсы қиындық туғызды?
Бағалау. Оқушылар бағалау парағы арқылы өзін-өзі және өзара бағалайды.
Тапсырма
Өлеңнен 3 шумақ үзіндіні жаттап, жұбыңызға айтып, беріңіз. 8 минут уақыт беріледі.
Дескрипторлар:
 Ақын өлеңінен өз қалауы бойынша үзінділерді таңдап, жаттай алады.
 Жаттағанын нақышына келтіріп, мәнерлеп айтады.
 Автор сезімін дауыс мәнері арқылы жеткізе алады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 893



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі