Жамбыл Жабаев «Июнь жарлығы» «Зілді бұйрық» 2-сабақ (7 сынып, II тоқсан )

 Жамбыл Жабаев «Июнь жарлығы» «Зілді бұйрық» 2-сабақ (7 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Толғауы тоқсан қызыл тіл
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев «Июнь жарлығы» / «Зілді бұйрық» 2-сабақ
Белгілі бір оқыту мақсат: Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі
Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы
7.Т/Ж2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау.
Сабақ мақсаты: Кейіпкерлердің тұлғалық болмысын гуманистік тұрғыдан талдап, өз көзқарасын білдіріп, шығарма тұжырымдамасын айқындайды.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту:
«Шаттық шеңберіне» жиналған оқушыларға төмендегі суреттер таратылады, оқушылар осы суреттер бойынша сабақ мазмұнына болжам жасап сөйлейді. Осы суреттер арқылы топтасады.
С. «Миға шабуыл» стр. бойынша оқушыларға ББ кестесін толтыру ұсынылады.
«Жамбыл Жабаев жайлы не білемін?»
Білемін Білдім
-ақын
-күйші
-жыршы
-айтыскер
Ж.Жабаев туралы деректі фильм көрсетіледі. Деректі фильм көргеннен кейін оқушылар ББ кестесінің «Білдім» бөлігін толтырады.
Ж.Жабаев туралы деректі фильм
"Қазақ әдебиеті" бағдарламасы - Жамбыл Жабаев
Мұғалім бейнебаянды 1 минуттан бастап, 3 минутқа дейін, яғни 2 минут қоюына болады.
Оқушылар кестені толтырғаннан кейін,
Жеке жазып, жұппен және топта талқылап, араларынан спикер өз ойларын ортаға салады.
Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін, дескрипторларды талқылау. 2 мин.
Ой шақыру.
Сұрақтар:
«Зілді бұйрық» дегенде ойымызға не келеді, ойымызға келгенін 2 минут жазамыз. Топта ойымызды ортаға салып, сыныпқа ұсынамыз.
Мағынаны тану сатысы
ЖЖ. Оқушылар жұпта жұмыс жасайды.
Тапсырма
1. Өлеңді түсініп оқы.
2. Төмендегі кестені негізге алып, сөздік жұмысын жаса.
Мағынасы түсініксіз сөздер Білдіретін мағынасы Автор ойын жеткізудегі орны
3. Өлеңде сипатталған екі кейіпкердің бейнесіне қатысты ұстаным, қажеттілік, мүдде тұрғысынан талдап, тұлғалық болмыстарына автор көзқарасы (гуманистік ) тұрғысынан баға бер. Екі кейіпкерге талдау жасауда төмендегі «Түйнек» сызбасын пайдалан.
Ұстаным
4. 3-4 сөйлеммен өлеңнен шығатын тұжырымды жазып, өз қөзқарасыңды білдір.
5. Жұмыстарыңды өзге 2 жұпқа барып қорғап, өзге 2 жұптың жұмысын тыңдап, бағалаңдар.
«Зілді бұйрық» өлеңі
Верныйден» жандаралдар бұйрық қылды,
Құйрығы бұйрығының тіпті зілді. ,.
«Отыз бір - он тоғызды алад» деген
Суық хабар халықты бұлқындырды.
Жылады сорлы халық, малын айтып,
«Кеткен соң қолдан шығып, келмес қайтып», -
Дейді де еңірейді, егіледі,
Қайғының күні-түні күйін тартып.
«Верныйдың» қадам баспай қаласына,
Кемпір, шал жылап жатыр баласына.
Ешбір ем табылмады іздесе де
Халықтың жүректегі жарасына.
Пристав келіп қалды бала сұрап,
Ел жатыр бермейміз деп қойдай шулап.
«Қырсаң да баламызды бермейміз» деп,
Тайсалмай әке-шеше жатыр сұлап.
Пристав ашуланды «аламыз» деп,
Жігіттер тұр: «Бармаймыз, қаламыз, - деп. -
Егер де бұл түріңді өзгертпесең,
Басыңа бір ойранды саламыз!» - деп.
Ел-ел боп жиылды кеп әрбір сайға,
Ал әлеумет, қараңдар мына жайға.
Сеңдей болып соғылып толқындады,
Бір сая бола ма деп шыбын жанға.
Жиылды бозбалалар бір кезеңге,
Қарғалы деген тасқын бір өзенге.
Пристав кетті: «Еріксіз аламын, - деп, -
Көресің бұл істі! - деп, - кезегінде!».
Бәрін де ол пристав жаттап алды,
Басшыларын қағазға хаттап алды.
Аттандырып бұл елге солдаттарын,
Басты-басты кісіні саптап алды.
Күн ыстық, қайнап тұрған сарша тамыз,
Жанында қан, малында қалмаңыз.
Оразаның күні еді сол уақытта,
Бұл күнде оразаны не қыламыз!
Суында Қарғалының ауыз ашты,
Бір пәлекет халыққа душарласты.
Басшылары кеткен соң, тағат алмай,
Жиылған жұрт дағдарып, жанталасты.
Келді де, алып кетті жақсыны айдап,
Барады боздақтардың көзі жайнап.
Күн ыстық, қайнап тұрған сарша тамыз,
Жөнелді абақтыға соры қайнап.
Жақсыдан жақсы қоймай, алды санап,
Қамалды абақтыға қырғыз, қазақ.
Білмеді не болғанын сырттағы ел,
Қамалғандар тірідей тартты азап.
Шулайды абақтыға қамалған көп,
Сырттағы жүр: «Біз енді қайтеміз?» - деп,
Губернатор жандарал жауапқа алды:
«Жайлауда ту көтеріп шапқан кім?» - деп.
Ешқайсысы айтпаған соң, айғай сап кеп,
Өзі айтты жандаралдың «Бекболат!» деп.
Бекболат бола қалса ту көтерген,
Бұйрық қылды: «Дараға асып, тарт!» деп.
Қалиқұлды бірге жазды дарасына,
Байбосын қоса кетті арасында.
Абақтыда қалғандар естен танды,
Көзінің қамшы тиіп қарасына.
Әкетті байғұстарды арбаға сап:
«Иманыңды айтатын молдаңды тап.
Үндеріңді шығарма, өңкей надан,
Мұнан былай сөйлеме, аузыңды жап!»
Самсыны* алған екен Ботпай** қамап,
Оларды жігітімен кетті сабап.
Тұтқындарды босатып ала алмады,
Бір пәлеге екінші пәле жамап.
Пристав та Самсыға барған екен,
Жәнібектің мешітін қамап алған екен.
Жәнібек қажы жанына ара тұрды,
Бір болыс ел жиналып барған екен.
Ала алмай күні бойы әлек болды,
Жәнібек приставқа себеп болды.
Ертеңінде құтылып, Ұзынағашқа
Паңдатып келе жатты қара жолды.
Бөлек-бөлек топтанып, шоқтай болып,
Бай көпесті өлтірді Ботпай болып.
Қолына онан басқа түк түспеді,
Кезсе де бұл маңайды әбден шолып.
Ақыры ұлыққа түк қыла алмастан,
Не боларын бұл істің біле алмастан,
Күш жинамай, қарусыз ұрыс қылып,
Бозбаланы бітірді кек алмастан.
Шиенде* де әскерлермен ұрыс болды,
Сол ұрыста топ басы Саттар өлді.
«Саттар өлді, ел қашты» деген хабар
Ел-елдерге жайылды оң мен солды.
Шұбырып тауға қарап ел жөнелді,
Не боларын соңының кім біледі?
Тауға шығып өрмелеп, тасқа бұғып,
Елдің бәрі жанынан түңілді енді.
Ертеңінде ел-елге әскер барды,
«Шапшаң түсіп, келсін» деп хабар салды.
«Қашқандарды атады» дегеннен соң,
Таудағылар кірер жер таба алмады.
Аттандық ұлығының қонысына,
Елді сорған борсықтай болысына.
Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып
Көксеген азаттықтың соғысында.
* Самсы - жер аты.
* Ботбай - ру аты.
* Шиен - Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Суықтөбе тауының солтүстігіндегі елді мекеннің аты.
Өзіңді бағала:
Дескриптор бойынша өзіңді тексер.
Қосымша оқуға ұсынылады:
Өлең тұтастай оқиға желісіне құрылған және тарихи деректермен берілген, осыған қарап нақты тарихи оқиғаның берілгендігін аңғару қиын емес. Бұл 1916 жылғы сар даланы сабылтқан сұрапыл жарлық болатын. Өлең мазмұнынан халықтың толқынысты хал-жағдайын, күпті көңіл-күйін нақты көруге болады. Жамбыл Жабаевтың өзі де бұл тарихи оқиғаның саналы куәгері болғандықтан, қалтқысыз жеткізе білген. «Отыз бір – он тоғызды алад» деген Суық хабар халықты бұлқындырды. Жылады сорлы халық малын айтып, «Кеткен соң қолдан шығып келмес қайтып», - Дейді де, еңірейді, егіледі Қайғының күндіз-түні күйін тартып. – Міне, қарапайым халықтың күйі осы. Халық нақақтан баз кешуде. Ал басы бір, намысы нар азамат ерлер бір тудың астына ат байлай бастады. Алайда атпалдай азаматтарды әскерге былай бір алып кетсе, арынды ерлерді тұтқынға салып, дарға асып жатты. Бұл қайғылы да қасіретті көрініс Жамбыл жыраудың жанын жаралап, боздақ күйін базыната берді. Жыраудың ендігі күйі – халықтың басына үйірілген қара бұлтты жырмен сейілту. Боздақтарынан айырылған халықтың есеңгіреген ымырт шағы шығармада жақсы көрсетілген. Тарихи тұтастықты теңдей ұстай отырып халық мақсат-мұратын жырлай білген дала жырауының жыр шумақтары үлкен бір тарихи жырды алып келе алды. Өлең көлемі тарихи жырдың көлем пішіміне еш келмесе де сипатталған сюжет пен жеткізілген оқиға сарыны тарихи жырдың күшін танытып тұр. Жөнелді абақтығы соры қайнап. Барады боздақтардың көзі жайнап. Қамалды абақтыға қырғыз, қазақ Білмеді не боларын сырттағы ел Қамалғандарды тірідей тартты азап. Жырда шытырман оқиғалар да біртіндеп беріліп отырады. Халықтың жасаған әскери қимылдары мен басшы батырлардың ту көтерген ұрыстарынан дерек беріліп, сипатталып отырады. Шығарманың бұл ерекшелігі – оқиға мен жыраудың жеткізгісі келген идеясының сіңісіп кеткендігінен болса керек. Жырау толғап отырған жырдың идеялық қуаты жыр шумақтарының соңында кесіліп түседі: ... Аттандық ұлығының қонысына Елді сорған борсықтай болысына. Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып Көксеген азаттықтың соғысында. Азамат ердердің ардалы ісін жырына қосып, қос қолдап жырлай білген жыраудың мұраты да ерлердің ісін дәріптеу болатын. Қиямет заманда халқының мұң-қайғысы мен намыс арманы үшін жанын қиған Бекболаттай, Ботпайдай ерлердің батырлық болмысын келер ұрпаққа үлгі ету керек болды. Осылайша, қаһармандық жыр туа келді. Азаттықты аңсаған халықтың қаһармандық қасиетін танытқан осынау Жамбылдың жыры ұрпақ үшін жоғалмас қазына болмақ......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 305



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!