Расул Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі 1-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )

 Расул Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі 1-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым
Сабақтың тақырыбы: Расул Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі 1-сабақ
Сабақ мақсаты: Шығарма үзінділерімен жұмыс.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту кезеңі
Расул Ғамзатов туралы шағын фильм көр. Фильмнен алынған үш маңызды ақпаратты түртіп жаз.
1-маңызды ақпарат
2-маңызды ақпарат
3-маңызды ақпарат
Мағынаны тану кезеңі
1-тапсырма
Үзіндіні оқы, оқиға орны қалай суреттелген? Оқиға орнын суреттеу өлеңде маңызды ма? Ерекше әсер еткен жолдардың астын сыз, себебін түсіндір.
Адам деген не көрмейді түсінде
Жатыр екем бүгін қабір ішінде
Дағыстанның кең аңғары күн ыстық
Көкірегімде орнаған бір тыныштық
Асау өзен арқырайды жарды ұрып
Жұрт тараған жалғыз мені қалдырып
Мен жатырмын үнсіз туған жерімде
Жер болады балғын тәнім менің де
Мен жатырмын қара жерге табына
Жоламайды келмейді ешкім маңыма
Тек қырандар шаңқылдайды шың жақта
Бұғылар кеп ыңырсиды бір жақта
кетті ғой деп қыршын ғана жасында
Жыламайды ешкім молам басында
Жарым қайда досым қайда кешегі
Анам қалай жатқанымды білмеді
2- тапсырма
Үзіндіні оқы, соңғы үш жолының мағынасын аш. Өлген адамды тірілтетін – тіл, ана тілі деген тұжырымды қолдап пікіріңді жаз.
Естідім мен осы арадан үнін де
Екі кісі сөйлесті авар тілінде
Мен жатырмын қара жерде көз жұмып
Мына екеуі күбірлейді сөз қылып
Ғасан деген бір кісінің қулығын
Әли деген бір кісінің сұмдығын
Естідім де сөзін ана тілімнің
Бойым жылып лезде мен тірілдім
Балгер де емес дәрігер де емес емдейтін
Тек өзімнің тілім екен сөйлейтін
3-тапсырма
Ұзіндіні оқы, Расул Ғамзатұлы адамзат есінде мәңгі қалды деген оймен келісесің бе? Неліктен?
Мен сүйемін планетаның барлығын
Өзен тауын, әр гүлі мен әр қырын
Мен сүйемін бұл елімнің гүлін де
Әлім шолы айттым авар тілінде
Қымбат маған елімнің бар даласы
Балтық пенен Сахалиннің арасы
Қайда болсын қия маған жанымды
Туған жерден қазсын бірақ қабірді
Алаша бір жазып қойған құлпытас
Тұрсауылда хабарлар да ұмытпас
Еске ап жүрер кәрі жасы жақын кеп
Мұнда Расұл Ғамзатұлы жатыр деп!
Бұл тапсырма жұппен/топпен/сыныппен орындалады.
Қабілеті жоғары, мұғалім қолдауын қажет ететін оқушы үшін де қосымша тапсырмаға ана тілі тақырыбында жазған қазақ ақын-жазушыларының шығармаларынан альбом жасау. Тапсырманың орындалуына уақыт берілуі керек......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 569



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі