» » » Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Расул Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі (6 сынып, IV тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Расул Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі (6 сынып, IV тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Расул Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі  (6 сынып, IV тоқсан ) казакша Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Расул Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі  (6 сынып, IV тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым
Сабақтың тақырыбы: Расул Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар орындай алады:
Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп , жатқа оқиды
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқып, жатқа айтады
Кейбір оқушылар орындай алады:
Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқып, жатқа айтады, талдайды.
Сабақ барысы:
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
«Сәлемдесу»
Сабақ барысында оқушылар сынып ішінде ары-бері жүріп, бір-біріне қол беріп, сәлемдеседі («Ассалаумағалейкүм!», «Сәлем!», «Сәлеметсің бе?!», «Қалайсың?!», «Есен-амансың ба?!» т.б.), хал-жағдай сұрасады. Сәлемдесуді әр тәсілдерде (орысша, ағылшынша, немісше, француз, үнді т.б.) жүргізуге болады.
Топқа бөлу
Өлең шумақтары арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Қадыр Мырза Әли
Анам тілі
Қадірлі, бағасы алтын анам тілі,
Сенімен бағаланған балаң түрі.
Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп,
Сенімен әлдилеген анам мені.
Бесікте белім буып бітіскемін,
Сөйлесіп шешем жүнін түтіскемін.
«Апа», - деп, «Ә», - деп жылап, аузымды ашып,
Емшектен еңбек қылып сүт ішкемін.
Оқушыларды оқу мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру.
І.Қызығушылықты ояту
https://www.youtube.com/watch?v=bRs4rWDWLtE
Оқушыларға «Ана тілі» тақырыбында бейнежазбаны көрсетіп, сабақтың тақырыбын болжату
ТЖ.
1-тапсырма
Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.
Ана тілі
Адам деген не көрмейді түсінде
Жатыр екем бүгін қабір ішінде
Дағыстанның кең аңғары күн ыстық
Көкірегімде орнаған бір тыныштық
Асау өзен арқырайды жарды ұрып
Жұрт тараған жалғыз мені қалдырып
Мен жатырмын үнсіз туған жерімде
Жер болады балғын тәнім менің де
Мен жатырмын қара жерге табына
Жоламайды келмейді ешкім маңыма
Тек қырандар шаңқылдайды шың жақта
Бұғылар кеп ыңырсыйды бір жақта
кетті ғой деп қыршын ғана жасында
Жыламайды ешким молам басында
Жарым қайда досым қайда кешегі
Анам қалай жатқанымды білмеді
Бар адамнан жатырмын тек бөлек мен
Бір дауысты естіп қалдым кенеттен
Естідім мен осы арадан үнін де
Екі кісі сөйлесті авар тілінде
Мен жатырмын қара жерде көз жұмып
Мына екеуі күбірлейді сөз қылып
Ғасан деген бір кісінің қулығын
Али деген бір кісінің сұмдығын
Естідім де сөзін ана тілімнің
Бойым жылып лезде мен тірілдім
Балгер де емес дәрігер де емес емдейтін
Тек өзімнің тілім екен сөйлейтін
Өзге бір тіл емдер басқаларыңды
Мен онымен айта алмаймын әнімді
Егер тілім ертең болса құрымак
Мен дайынмын өтуге де бүгін ақ
Мен жаныммен сүйем осы тілімді
Кедей деп ақ айта берсін білімді
Ассамблеяда естілмесін үні де
Ана тілі ұлы менің өзіме.
Махмұт жырын оқу үшін жастауын
Күтем әлде аударуын басқаның
Мен болдым ба ең соңғы ақын бүгінде
Өлеңдерін жаза алар тілінде
Мен сүйемін планетаның барлығын
Өзен тауын, әр гүлі мен әр қырын
Мен сүйемін бұл елімнің гүлін де
Әлім шолы айттым алар тілінде
Қымбат маған елімнің бар даласы
Балтық пенен Сахалиннің арасы
Қайда болсын қия маған жанымды
Туған жерден қазсын бірақ қабірді
Алаша бір жазып қойған құлпы тас
Тұрсауылда хабарлар да ұмытпас
Еске ап жүрер кәрі жасы жақын кеп
Мұнда Расұл Ғамзаұлы жатыр деп!
Расул Ғамзатов
Дескриптор Білім алушы
• логикалық екпінді дұрыс қояды;
• дауыс ырғағын, әуенін сақтайды;.
• сөйлеу мәнеріне сай кідіріс жасайды;
• оку қарқынын (бірде жылдам, бірде баяу) сақтайды.
• сөйлеу нақышына қарай дауысын құбылтып қолданады.
Бағалау «Бас бармақ»
2-тапсырма
«Түртіп алу стратегиясы»
Өзіңізге таныс емес сөздерді қарындашпен белгілеп,
мағынасын түсіндіріңіз
Ассамблея –
Аварша –
Дескриптор Білім алушы
• мәтіндегі таныс емес сөздердің астын сызады;
• мағынасын түсіндіреді.
Бағалау «Бағдаршам»
3-тапсырма
Өлеңнен орта көлемді шағын үзіндіні таңдап алып, жаттаңыз. Жаттаған үзіндіні жұбыңызға мәнерлеп жатқа айтып беріңіз.
Дескриптор Білім алушы
• өлеңнен орта көлемді үзіндіні таңдайды;
• үзіндіні жаттайды;
• жұбына мәнерлеп жатқа айтады.
Бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек».....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 71 |



Загрузка...
Читайте также
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Расул Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі 3-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Расул Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі 3-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ерлан Жүніс «Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі 2-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ерлан Жүніс «Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі 2-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ерлан Жүніс «Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі 1-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ерлан Жүніс «Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі 1-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: С Торайғыров  «Шәкірт ойы» (6 сынып, III тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: С Торайғыров «Шәкірт ойы» (6 сынып, III тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін/ мәнерлеп жатқа оқу  (6 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін/ мәнерлеп жатқа оқу (6 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Аяз би» ертегісі 7-сабақ (6 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Аяз би» ертегісі 7-сабақ (6 сынып, I тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары:   «Керқұла атты Кендебай» ертегісі 3-сабақ (5 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі 3-сабақ (5 сынып, I тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Қобыланды батыр» жыры (5 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Қобыланды батыр» жыры (5 сынып, I тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Расул Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі 6 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Расул Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі, сабақ жоспары Расул Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі 6 сынып қазақ әдебиеті қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары Расул Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі, Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Расул Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі (6 сынып, IV тоқсан )