» » » Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Балалық шақтың бейнесі (6 сынып, III тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Балалық шақтың бейнесі (6 сынып, III тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Балалық шақтың  бейнесі (6 сынып, III тоқсан ) казакша Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Балалық шақтың  бейнесі (6 сынып, III тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Сабақтың тақырыбы: Балалық шақтың бейнесі
Оқу бағдарламасына сілтеме: Т/Ж3.Көркем шығармадағы образ
Сабақтың мақсаты: Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды шығармада кездесетін кейіпкерлердің есімдері арқылы топтарға бөлу.
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Әр топ сабақтың өтуіне қатысты өзінің бір ережесін ұсынады: достық, тәртіп, бірін-бірі тыңдау, пікірлерін бағалау т.с.с.
Үй тапсырмасын пысықтау: Оқушылар жазып келген ертегілерін жұпта бір-біріне оқып таныстырады. Оқушылардың бағалауы бойынша сәтті шыққан 3-4 ертегілерді сыныпта оқиды.
Не себепті шығарма кейіпкерлері арқылы топтарға бөлінгендігіне тоқтала отырып, сабақтың оқу мақсаты, бағалау критерийлерін, құндылықтарды таныстыру, талқылау.
Қызығушылықты ояту — Хикаят не себепті «Жусан иісі» деп аталады?
(Оқушы пікірін білу)
Қазақ халқы үшін жусанның орны ерекше болған. Бұл сөзді естігенде əрбір адамның жаны жадырап, көңілі көкке көтеріліп, даламыздың дарқандығы мен қадір-қасиеті санаға келеді. Ғажайып болмыс көз алдыңда көрініс табады. Мəселен, ұлы əмірші Бейбарыс Сұлтан қыпшақ даласының бір түп жусанының иісіне еміреніп, сағынышын басқан деген аңыз бар. Демек, жусан – сағыныштың, ұлы аңсардың, ынтық арманның символы.
Әңгімелеуші кейіпкер хикаятты Аянға деген сағынышымен аяқтайды. Аянның прототипі Науқан Керімов қазіргі кезде Ескелді ауданында Ақын Сара ауылында тұрады. 1937 жылы дүниеге келген. Еңбек ардагері, құрметті зейнеткер. Отбасында он бес бала бар. Өмірлік қосағы Тыматай апа. Кезінде ауыл балаларын ертегілерімен тамсандырған Науқан бүгінде өз немерелеріне ертегі айтып, сүйікті ата атанып отыр.
Мағынаны тану
А деңгейі Тапсырма: Кестеде берілген кейіпкер сөзі мен портретін кейіпкер есімімен сәйкестендіре отырып, хикаяттың қай тұсынан алынғандығын әңгімелеңдер.
Кейіпкер сөзі мен портреті Есімі
Үстіндегі киімінің кімдікі қара, кімдікі ақ екенін біліп болмайды, баттасқан шаң-топырақ. Шетінен ит талағандай, алым-жұлым, алқа-салқа. Әңгімеші бала
Шолақ жең, ақ жейде, тізеден жоғары қысқа қара шалбар киген, кекіл шашы бар, мұнтаздай таза. Садық
– Асылбек шал келді ғой, аяғыңды салғызбайсың ба? Есікбай
–Ей, бала, сендер кеше көшіп келдіңдер ғой, ә? Қоңыр сиырларың бар ғой, ә? Бапайдың кемпірі
–Аян балалар үйіне кеткелі жатыр. Аян
–Жақсыдан қалған тұяқ ең, қайда жүрсең де аман бол. Ауыл балалары
Дескриптор: - кейіпкер сөзі мен портретін кейіпкер есімімен сәйкестендіреді; - хикаяттың қай жерінен алынғандығын әңгімелейді.
В деңгейі Тапсырма: Шығармадағы балалар бейнесі (ҰОС кезіндегі) мен бүгінгі күннің балаларын Венн диаграммасында салыстырыңдар.
Дескриптор: - екі кезең балаларына ортақ 2 сипатты анықтайды; - екі кезең балаларының 2 айырмашылығын анықтайды.
С деңгейі Тапсырма: Аян бейнесіне тән үш ерекшелікті шығармадан үзінді келтіре отырып дәлелдеңдер.
Аян қандай бала? Себебі Шығармадан мысал
Аян – қиялы ұшқыр бала
Аян – ақылды, ақкөңіл бала
Аян – шыдамды, төзімді бала
Дескриптор: - Аян бейнесіне тән ерекшеліктердің себебін түсіндіреді; - шығармадан мысал келтіреді.
Бағалау: «Ең, ең, ең»
Ой толғаныс Оқушыларға гүл, жусан, ұстаның құралы, ит, хат, кітаптың (мұғалім қалауы бойынша басқа суреттер таңдай алады) суреттері көрсетіліп, оқушылар шығарма кейіпкерлерін осы суреттермен байланыстырып талдайды. Мысалы, кітапты көргенде менің есіме Аян түсті. Себебі оның ертегі құрастыруға деген қызығушылығы мен тіл байлығын мен асыл қазынамыз кітапқа теңер едім т.с.с. ...



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 25 |


Загрузка...
Читайте также
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Тәуелсіздік – қазағымның ұраны (6 сынып, IV тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Тәуелсіздік – қазағымның ұраны (6 сынып, IV тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Тортай мінер ақбоз ат (6 сынып, III тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Тортай мінер ақбоз ат (6 сынып, III тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қалмақан Әбді «Қажымұқан» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі (6 сынып, III тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қалмақан Әбді «Қажымұқан» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі (6 сынып, III тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: С Мұратбеков «Жусан иісі» (6 сынып, III тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: С Мұратбеков «Жусан иісі» (6 сынып, III тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай – ақылдың ақыны (6 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай – ақылдың ақыны (6 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Бауыр» әңгімесіндегі кейіпкерлер әңгімесі (5 сынып, III тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Бауыр» әңгімесіндегі кейіпкерлер әңгімесі (5 сынып, III тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Атымтай Жомарт қандай кейіпкер? (5 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Атымтай Жомарт қандай кейіпкер? (5 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Қобыланды батыр» жыры (5 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Қобыланды батыр» жыры (5 сынып, I тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Балалық шақтың бейнесі 6 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Балалық шақтың бейнесі, сабақ жоспары Балалық шақтың бейнесі 6 сынып қазақ әдебиеті қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары Балалық шақтың бейнесі, Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Балалық шақтың бейнесі (6 сынып, III тоқсан )