» » » Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Әл-Фарабидің «Қашықтасың туған жер» өлеңі 1-сабақ (6 сынып, I тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Әл-Фарабидің «Қашықтасың туған жер» өлеңі 1-сабақ (6 сынып, I тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Әл-Фарабидің «Қашықтасың туған жер» өлеңі 1-сабақ (6 сынып, I тоқсан ) казакша Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Әл-Фарабидің «Қашықтасың туған жер» өлеңі 1-сабақ (6 сынып, I тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған жерім - аялы алтын бесігім
Сабақтың тақырыбы: Әл-Фарабидің «Қашықтасың, туған жер» өлеңі 1-сабақ
Оқу бағдарламасына сілтеме: 6.2.2.1. Эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар орындай алады:
Өлеңнен автор бейнесін ашатын үзіндіні анықтайды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Өлеңнен автор бейнесін ашатын үзіндіні анықтап, дәлел келтіреді.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Өлеңнен автор бейнесін ашатын үзіндіні анықтап, дәлел келтіре отырып талдайды.
Сабақ барысы:
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Оқушылар «Карусель» әдісі бойынша сыныпта ішкі және сыртқы шеңберде тұрып, Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы бойынша ізденіп келген мәліметтерін мұғалімнің белгі беруімен жұптар алма кезек ауыса отырып әңгімелейді. Сыныпта 1-2 оқушыдан жұбының дайындап келген мәліметі туралы сұралып, бағаланады.
Оқушыларды тұрған орындарында «Молекула» ойынын ойнату арқылы топтарға бөлу.
Қызығушылықты ояту Мұғалім Әл-Фараби туралы аңызды әңгімелейді.
Өнерлі жігіт
Әл-Фараби бір күні базарға барса, бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әртүрлі өнер көрсетіп отыр екен. Оны көрушілер риза болып, тиын-тебен тастап кетіп жатады. Әбу Насыр одан: «Күніне қанша табасың?» – деп сұрайды.
- Екі дирхемге жетер-жетпес қана.
- Онда сен бұл өнерді таста. Маған ер, мен саған оқу үйретемін, күніне төрт дирхем беремін, – деп оны ертіп алады. Мұны естіген саудагер:
- Мына дәруіштің дені сау ма? Өзі оқытып, әрі оған төрт дирхем төлегені несі? – деп күліпті. Кейін сол бала үлкен ғалым болыпты деген сөз бар.
Сұрақ:
- Шәкірттерінің болашақта жақсы адам болып шығуына ұстазы қаншалықты еңбек сіңіреді деп ойлайсыздар?
- Білім адамға не үшін керек?
Оқушылар жауабы тыңдалып, талқыланады.
Оқушыларға оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру, талқылау.
Мағынаны тану
1.ЖЖ-T. Оқушылар екі қадамды кестемен жұмыс жасайды.
1-топ
Автор бейнесі Өлеңнен үзінді Себебі
Ақын – өз елінің патриоты Қашықтасың туған жер – қалың елім,
Не бір жүйрік болдырып жарау деген.
Шаршадым мен.Қанатым талды менің,
Шаңыт жолға сарылып қарауменен. Ақын шет жерде көптеген жыл өмір сүргендіктен өзінің туған еліне деген сағынышын, ыстық сезімін жырға қосады.
2-топ
Автор бейнесі Өлеңнен үзінді Себебі
Ақын басқаларға сын көзбен қарайды Зиялы аз бір тұтам тіршілікте,
Әкімдікке күллісі жүгіреді.
Көкірекпен сезініп, күрсініп көп,
Жаным менің түршігіп, түнереді.
Ақын кейбір билікке құмар, көкірегі саяз адамдардың ісіне күрсініп, жанының түңілгендігін жасырмай, өлең жолына қосады.
3-топ
Автор бейнесі Өлеңнен үзінді Себебі
Ақын өзіне сын көзбен қарайды Қайтейін мен көкжиек кеңдігімді,
Келер күнге үмітпен жол ашамын.
Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді,
Соны медет етеді болашағым.
Ақын өзі білімді адам болғанымен, келер күннен үмітін үзбей ғылыммен айналыса отырып, шарапты да ішетіндігін жасырмайды.
4-топ
Автор бейнесі Өлеңнен үзінді Себебі
Ақын болашағынан үміт күтеді Қайтейін мен көкжиек кеңдігімді,
Келер күнге үмітпен жол ашамын.
Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді,
Соны медет етеді болашағым. Ақын өзінің еңбекпен өткізген өмірінің келер ұрпаққа үлгі болатындығын сөз ете келіп, болашағынан үмітін үзбейтіндігін жырлайды.
Дескрипторлар:
Өлеңнен автор бейнесін ашатын үзіндіні анықтайды; Үзіндінің автор бейнесін ашатындығын дәлел келтіре отырып талдайды.
Бағалау: «Шапалақ» әдісі.
2.Ж. Әл-Фараби сөзіне 5 жолды өлең жазады.
1.Әл-Фараби.
2. Дарынды, ұлы.
3.Білім алды, ұстаздық етті, туған жерін аңсады.
4. Соңынан мол рухани қазына қалдырды.
5. Шығыс Аристотелі.
Жазған өлеңдерін жұпта, топта оқиды. Әр топтан үздік шыққан өлеңдер сыныпта оқылады.
Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек»....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 60 |



Загрузка...
Читайте также
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 3-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 3-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Тәуелсіздік – қазағымның ұраны (6 сынып, IV тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Тәуелсіздік – қазағымның ұраны (6 сынып, IV тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Р Ғамзатов «Менің Дағыстаным» әңгімесі 3-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Р Ғамзатов «Менің Дағыстаным» әңгімесі 3-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қалмақан Әбді «Қажымұқан» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі (6 сынып, III тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қалмақан Әбді «Қажымұқан» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі (6 сынып, III тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» хикаятындағы кейіпкерлер бейнесі (6 сынып, III тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» хикаятындағы кейіпкерлер бейнесі (6 сынып, III тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай – ақылдың ақыны (6 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай – ақылдың ақыны (6 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: А Құнанбайұлының қарасөздері 1-сабақ (6 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: А Құнанбайұлының қарасөздері 1-сабақ (6 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Аяз би» ертегісі 7-сабақ (6 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Аяз би» ертегісі 7-сабақ (6 сынып, I тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Әл-Фарабидің «Қашықтасың туған жер» өлеңі 1-сабақ 6 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Әл-Фарабидің «Қашықтасың туған жер» өлеңі 1-сабақ, сабақ жоспары Әл-Фарабидің «Қашықтасың туған жер» өлеңі 1-сабақ 6 сынып қазақ әдебиеті қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары Әл-Фарабидің «Қашықтасың туған же, Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Әл-Фарабидің «Қашықтасың туған жер» өлеңі 1-сабақ (6 сынып, I тоқсан )