«Алып Ер Тұңға» жырындағы маңызды эпизод (6 сынып, I тоқсан )

 «Алып Ер Тұңға» жырындағы маңызды эпизод (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған жерім - аялы алтын бесігім
Сабақтың тақырыбы: «Алып Ер Тұңға» жырындағы маңызды эпизод
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру
Сабақтың мақсаттары:
Оқушылардың барлығы орындай алады:
Жырдың құндылығын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Жырдың кейіпкерлерді салыстырады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Жырдағы кейіпкерлерді салыстыра отырып, құндылықтарға баға береді.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды жол сурет қиындылары арқылы 4 топқа бөлу. Топ өздеріне түскен суреттері туралы айтып өтеді.
Жаңа сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін таныстырамын, үй тапсырмасын пысықтаймын.
II. Қызығушылықты ояту.
Түркі халықтарының арғы ата-тегі саналатын сақтар тарихынан сыр шертетін бейнебаянды тамашалау. (5 минут)
Талқылау сұрақтары:
Неліктен Алып Ер Тоңаның қазасы халықтың қабырғасына батты?
Адам өмірінің өлшеулігі, мәнді де мағыналы өмір сүру туралы ойларың қандай?
III. Мағынаны тану кезеңі. Топтық жұмыс
1-тапсырма:
Топта берілген құндылықтарға қатысты жырдан эпизодтарды анықтаңыздар. Анықталған эпизодтар бойынша берілген құндылықпен байланыстыра отырып, өзіндік баға беріңіздер.
1-2-топ.
Құндылық Эпизодтар
Туған жерді қорғау
3-4-топ.
Құндылық Эпизодтар
Ерлік істерді дәріптеу
Дескриптор:
-құндылықты танытатын 2 эпизодты анықтайды.
- берілген құндылықпен байланыстыра отырып, баға береді.
Кері байланыс
Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек»
2-тапсырма
Топ ішінде «Әдеби шеңберге» қатысыңыз. Мына рөлдердің бірін таңдап, жыр бөлімдерін талқылаңыз.
1) Талқы себепшісі – жыр бойынша (кейіпкер, сюжеті, қарым-қатынасы, автор позициясы, т.б. бойынша) 5 сұрақ құрастырады.
2) Белгілеуші – жырдың қай бөлімі ең маңызды деп санайды, ойын дәлелдейді.
3) Байланыстырушы – жырдағы тарихи құндылықтардың бірін өмірмен байланыстырады, дәлелдейді.
4) Қорытындылаушы – кейіпкердің ерлігін дәріптейді.
Дескриптор:
- рөлдік тапсырмаға қатысады;
- шығарма сюжетін анықтайды;
- жырдағы тарихи құндылықты өмірмен байланыстыра отырып, баға береді;
- кейіпкердің ерлігін анықтап, дәлелдейді;
- жыр бөлімдерін талдайды.
Кері байланыс.
Бағалау: «Басбармақ» әдісі....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 514



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!