Марат Қабанбай «Бауыр» әңгімесі (5 сынып, III тоқсан )

 Марат Қабанбай «Бауыр» әңгімесі (5 сынып, III тоқсан )

САБАҚ: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Адамгершілік - асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы: Марат Қабанбай «Бауыр» әңгімесі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5.Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;
5.А/И3.Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау.
Сабақтың мақсаттары:
- Әңгімені түсініп оқу;
- Тақырыбы мен идеясын анықтау;
- Қазіргі өмірмен байланыстыру;
- Әңгімеде кездесетін әдет-ғұрып туралы ой бөлісу.
- Шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау;
- Шығарманың жанрына анықтама беру;
- Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді табу.
Сабақ барысы:
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Шаттық шеңбері. Оқушылар шеңберге тұрып бір-біріне жақсы тілектер айтып, көңіл-күйлерін көтеруге әрекет етеді.
Топқа бөлу. Оқушылар тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлінеді.
1-топ.
Ағайының бай болса,
Асағаның май болар.
2-топ.
Алыстағы ағайыннан,
Алдыңдағы көрші артық.
3-топ.
Ағайын бірде араз, бірде тату.
4-топ.
Атың жақсы болса — қанатың,
Ағайын жақсы болса — санатың.
Сабақтың тақырыбын болжату. Ой қозғау.
- Бауыр деген кім?
Жауап: Бір әкеден туған және жақын туысқан адамдар бауыр деп аталады. Бір әкеден туған ағайын адамдарды туған бауыр, ал әкелері ағалы-інілі болса төте бауыр дейді.
-Бауыр мен достың айырмашылығы қандай?
Жауап: Ағайын-бауырларда бірге тумақ — бар да, бірге жүрмек жоқ. Достарда бірге тумақ жоқ та, бірге жүрмек — бар. Сондықтан, кейде жақын достарың бауырдың орнын басады.
- «Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
- Бауырларыңмен қарым-қатынастарың қандай?

Мұғалімнің жауабы:
Бауыр деген — досың,
Бауыр деген — сүйенішің,
Бауыр деген — ақылшың,
Бауыр деген — қорғанышың,
Бауыр деген — сыбайласың,
Бауыр деген — ағайының,
Бауыр деген — өміріңнің бір бөлігі.
Оқушылар бауырдың дос, сүйеніш, ақылшы, қорғаныш, сыбайлас, ағайын, өмірдің бір бөлігі екеніне дәлел келтіре отырып, өз өмірімен байланыстырып жауап береді.
Сабақтың тақырыбы, мақсаттары, ЖК таныстырылады.
Оқушыларға Марат Қабанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беріледі. Әр топ өздеріне берілген мәліметті сараптай отырып, автордың өмірі мен шығармалары бойынша тақтаға кластер жасайды.
1-тапсырма. Топтық жұмыс. «Джиксо» стратегиясы бойынша әңгіме мазмұнымен танысып, тақырыбы мен идеясын анықтау, әңгімеде кездесетін әдет-ғұрып туралы ой бөлісу.
Тақырыбы - белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындық, автор ойының қазығы, шығарманың іргетасы. Бұл әңгіменің басты тақырыбы соғыс зардабынан жапа шеккен жетімдер тағдыры туралы.
Идеясы - бұл тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Өз мақсат-мүддесін, арманын білдіреді. Бұл шығармада жетім балалар тағдырына деген аяушылық сезімді оятады.
Бағалау критерийлері:
1. Әңгімені түсініп оқиды;
2. Тақырыбы мен идеясын анықтайды;
3. Қазіргі өмірмен байланыстыра алады;
4. Шығармада кездесетін әдет-ғұрыпты тауып, ой бөліседі.
5. Топтық жұмысқа белсенді қатысады.
Топтар жетістік критерийлері арқылы бағаланады.
2-тапсырма. С. «Аялдама» әдісі.
Шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау.
1-аялдама. Оқиғаның басталуы – Манаптың балалар үйіне келуі.
2-аялдама.Оқиғаның дамуы – Манап пен Қалидың кездесуі.
3-аялдама.Оқиғадағы шиеленіс – бауырлар арасындағы салқындық. Манаптың ішкі жан күйзелісі.
4-аялдама. Шарықтау шегі - Қалидың әңгімесі, жаттығуға асығуы.
5-аялдама. Оқиғаның шешімі – көңілі алабұртқан Манаптың кейін қайтуы.
Бағалау критерийлері:
Аялдама бойынша әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасай алады.
Оқушылар жетістік критерийлері арқылы бағаланады.
3-тапсырма. Жеке жұмыс.
Шығарманың жанрына анықтама беру. Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді табу.
Әңгіме – көлемі шағын, әдемі дүние, оқушысын тез тапқыш, өткір, икемді, шұғыл үн қосқыш жанр.
Теңеу – табаны күректей, сойталдай, Икар құсап, арғымақ аттай.
Гипербола – Балалар үйінің тарихы көл көсір.
Метонимя (алмастыру) – тәй-тәй басып кірген жас қыз.
Тұрақты тіркестер – табаны күректей, шер тарқатып, қой аузынан шөп алмайтын, ешкімнен қарызға жауырын сұрай қоймайтын, өлара сәт, шәй қайнатымдай, сүт пісірім бұрын.
Мақал-мәтел – «Жетім – қозы тас бауыр».
Бағалау критерийлері:
1. Шығарма жанрына анықтама береді;
2. Теңеу, гипербола, метонимияны таба алады;
3. Тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді тауып, мағынасын ашады.
Оқушылар жетістік критерийлері арқылы бағаланады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 4 118



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!