«Бауыр» әңгімесіндегі кейіпкерлер әңгімесі (5 сынып, III тоқсан )

 «Бауыр» әңгімесіндегі кейіпкерлер әңгімесі (5 сынып, III тоқсан )

САБАҚ: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Адамгершілік - асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы: «Бауыр» әңгімесіндегі кейіпкерлер әңгімесі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу;
Б/С2.5. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.
Сабақтың мақсаттары:
- Сұрақтарға нақты жауап беру;
- Шығарма желісімен байланыстыру;
- Кейіпкерлерге портреттік мінездеме беру;
- «FILA толтыру» әдісі бойынша тапсырманы орындау.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды тексеру, назарын сабаққа аудару. Қызығушылық ояту. Үй тапсырмасын тексеру.
Әңгімені толық оқыған не оқымағанын тексеру мақсатында «Дұрыс-бұрыс» ойыны ойнатылады. Оқушылар қағаздың екі жағына дұрыс/бұрыс деп жазады. Мұғалім сұрақтарды рет-ретімен оқиды, қай сұрақтың жауабы дұрыс болса, оқушылар парақтың дұрыс деген жазуын, ал жауап қате болса, бұрыс деген жазуын көтереді.
1. Қалидың ағасы – Манап. - дұрыс
2. Директордың аты-жөні - Эльжбета Сергеевна. - бұрыс
3. Қалидың фамилиясы – Төрекелдиев. – дұрыс
4. Қали ән айтып, би билегенді ұнатады. – бұрыс.
5. «Ойнайтын да, қайнайтын да спорт залымыз осы. Балалар қазір жаттығып жатыр. Орындыққа тізе бүгіп, тоса тұрыңыз. Мен Қалиды ертіп шығайын». Виктория Ивановнаның сөзі. – бұрыс.
6. «Тығыз қара шашы ұсақ-ұсақ бұйра, қол-аяғы таралып қалған, кең иықты болмаса да ешкімнен қарызға жауырын сұрай қоймайтын кішірек көзді ақ сұр бала». Манаптың портреті. – бұрыс.
7. «Түу, Эльжбета Сергеевна, терді жаңа ғана үгіп, тырыс-бырысты жаза бастағанымыз сол еді. Басқа қолайлы уақыт табылмады ма?». Қалидың сөзі. – дұрыс.
8. Қали жетінші сыныпта оқиды. – бұрыс.
9. Балалар үйі Өскеменде орналасқан. – дұрыс.
10. Әңгімеде «Жетім көрсең, жебей жүр» мақалы кездеседі. – бұрыс.
Сабақтың тақырыбы, мақсаттары, ЖК таныстырылады. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 378



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!