» » » Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ы Алтынсарин «Атымтай Жомарт» әңгімесі (5 сынып, II тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ы Алтынсарин «Атымтай Жомарт» әңгімесі (5 сынып, II тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ы Алтынсарин «Атымтай Жомарт» әңгімесі (5 сынып, II тоқсан ) казакша Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ы Алтынсарин «Атымтай Жомарт» әңгімесі (5 сынып, II тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ әдебиет
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тәрбиенің қайнар бұлағы»
Сабақтың тақырыбы: Ы Алтынсарин «Атымтай Жомарт» әңгімесі
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы.
А/И3. Көркем шығарманың тілі.
А/И1. Әдеби шығарманың композициясы.
Сабақтың мақсаты:
5.Т/Ж2.Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.
5.А/И3.Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау.
5.А/И1.Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту. «Жылы лебіз» оқушылар бір-біріне эпитетті қолдану арқылы тілек айтады.
Топқа бөліну (суреттер арқылы ).
Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбымен танысады.
Мәтінді ауызша болжау арқылы өз ойларын айтады.
Сабақтан күтілетін нәтижелер айқындалады.
Мағынаны тану.
Ой шақыру. С.
Әңгіме қандай шығарма?
(Әңгіме – оқиғаны баяндауға негізделген қара сөзбен жазылған көркем шығарма. Кіші эпикалық туынды.)
«Жомарт» сөзін қалай түсінеміз?
Жомарт адамның бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыздар?
Жомарт Атымтай — Шығыстың көптеген халықтары фольклорында кездесетін кейіпкер, өзінің қайырымдылығы мен жомарттығына сай аты жайылған, халық жадында құрметпен әспеттелетін адам. 6 ғ-да өмір сүрген деген жорамал бар. Түп-төркіні Тай тайпасының ақыны Хатим ибн Абдаллахқа (Хатим-Тай) саяды. Атымтай Жомарт туралы шығармалар ерте кезден белгілі. Олар сюжеттік, жанрлық сипатына қарай үш топқа бөлінеді: 1-топтағы шығармалар хикаяттық сипатта баяндалады. Онда Атымтай Жомарттың өмірі әңгімеленеді, оның жомарт болу себептері баяндалады. 2-топтағы шығармалар — таза қиял-ғажайып ертегілері. Олардың сюжеті бір-бірімен үндес. Мұнда Атымтай Жомарт — асқан бай, таусылмас қазынаның иесі. Оның жомарт болуы осыдан. 3-топтағы шығармалар — тұрмыс-салт ертегілері. Бұларда Атымтай Жомарт — келген қонаққа берер асы жоқ, тақыр кедей. Сонда да жомарт болып бейнеленеді. Адамға деген қайырымдылық, сүйіспеншілік — оның ең басты қасиеті екені ашыла түседі.
Тапсырма. Топтық жұмыс.
Атымтай Жомарт өзi есепсiз бай бола тұрып, күн сайын бiр мезгiл үстiне ескi-құсқы киiм киiп, отын кесiп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бiр күнi өзiнiң жақын, таныстары сұрады дейдi: – Жомарт, құдай бергей дәулетiңiз бар, ашқа – тамақ, жалаңашқа – киiм, үйсiздерге – үй болдыңыз, сөйтiп тұрып өз басыңызды кемшiлiкке салып, жете алмаған жарлыша отын кесiп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? – деп. Жомарт айтты дейдi: – Төрт түрлi себеп бар. Әуелгiсi: әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi; сол желiккен көңiлмен өзiмнен терезесi төмен бейшаралардан жиренiп, көз салмай, кем-кетiкке жәрдем берудi ұмытармын деп қорқамын. Екiншiсi: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшiлiк емес екенiн бiлiп, кейiнгiлер әбiрет алсын деймiн. Үшiншiсi: күн сайын өз бейнетiммен тапқан бiр-екi пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнiң тәттiлiгi, сiңiмдiлiгi болады екен. Төртiншiсi: құдайтағаламның берген дәулетiн өзiмсiнiп, тиiстi орындарына жаратпай, көбiсiн өзiм iшiп-жеп, өзiм тұтынсам, мал берген иесiне күнәлi болармын деп қорқамын, – дедi. Әңгіменің тақырыбына қарап «Жомарт» - адамға тән қасиет, «Атымтай» - адамның есімі деп ойлауымыз мүмкін. Алайда Атымтай Жомарт – түрлі халық фольклорында кездесетін, әрдайым жағымды образ ретінде сипатталатын кейіпкер. Оның нақты қай жылдары өмір сүргені белгісіз, алайда ғалымдар арасында VI ғасырда өмір сүрген деген болжам бар. Аталған кейіпкер Шығыс халықтары фольклорында хикаяттық, қиял-ғажайып ертегі, тұрмыс-салт ертегі сынды үш түрлі сипатталады. Жоғарыда жазылған Ыбырай Алтынсарин әңгімесі оның өмірі мен жомарт болу себебін нақты баяндайтындықтан, осының алғашқысына жатады. Бұл әңгіме жас өрендерді еңбекке баулып, маңдай термен табылған нанның тәтті болатындығын баяндайды. Жомарт сөзі парсы тілінен алынған, "жуван" - жас, жігіт, "мард" - адам деген мағынаны білдіреді.
1) «Атымтай Жомарт» әңгімесінің мазмұнымен танысып, әңгіменің тақырыбы мен идеясын, анықтайды. «Фишбоун» әдісі арқылы.
2) Кестемен жұмыс жасайды.
Мәтіндегі ең маңызды, өзіңізге ұнаған үзінді Түйіні Үзіндіге сай келетін мақал-мәтел
А,А+ көркемдегіш құралдарды түсінеді. (Дифференциация)
Жетістік критерийі:
1.Әңгіменің тақырыбы мен идеясын анықтайды;
2.Өз пікірін нақты, дәлелді жеткізеді;
3.Мәтндегі үзінділерден көркем ой табады.
Тапсырма. Жеке жұмыс.
1) Шығармадан қарама-қарсы ұғымдарды және көркемдегіш құралдарды табады.
1) Жомарт, бай, кедей, еңбекқор сөздеріне түсінік береді;
2) Жомарттық - сараңдық, еңбексүйгіштік –жалқаулық ұғымдарын салыстырып, пікірлерін ортаға салады.
Жетістік критерийі:
1.Шығармадан қарама-қарсы ұғымдарды табады;
2.Ұғымдарға түсінік береді;
3.Пікірлерін салыстырады;
4.Өз пікірін жүйелі жеткізеді.
Тапсырма. Топтық жұмыс. «Джигсо» әдісі арқылы. Оқушылар «Атымтай Жомарт» әңгімесінің идеялық мазмұнын жеткізудің жолын таңдайды.
Әр топ өзі таңдайды:
музыка арқылы;
сурет арқылы;
фото арқылы;
фильм арқылы;
көркемсөз арқылы.
Кері байланыс. Топтық бағалау. Мұғалім пікірі......



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 26 |


Загрузка...
Читайте также
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Бала махаббаты  (5 сынып, IV тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Бала махаббаты (5 сынып, IV тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі 2-сабақ (5 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі 2-сабақ (5 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Атымтай Жомарт» әңгімесінің құндылығы (5 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Атымтай Жомарт» әңгімесінің құндылығы (5 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Атымтай Жомарт қандай кейіпкер? (5 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Атымтай Жомарт қандай кейіпкер? (5 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» 2-сабақ (5 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» 2-сабақ (5 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» (5 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» (5 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары:  «Керқұла атты Кендебай» ертегісі 2-сабақ (5 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі 2-сабақ (5 сынып, I тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Қобыланды батыр»  жыры 2-сабақ (5 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Қобыланды батыр» жыры 2-сабақ (5 сынып, I тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Ы Алтынсарин «Атымтай Жомарт» әңгімесі 5 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Ы Алтынсарин «Атымтай Жомарт» әңгімесі, сабақ жоспары Ы Алтынсарин «Атымтай Жомарт» әңгімесі 5 сынып қазақ әдебиеті қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары Ы Алтынсарин «Атымтай Жомарт» әңгімесі, Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ы Алтынсарин «Атымтай Жомарт» әңгімесі (5 сынып, II тоқсан )