» » » Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулат Бабатайұлы (5 сынып, II тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулат Бабатайұлы (5 сынып, II тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулат Бабатайұлы (5 сынып, II тоқсан ) казакша Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулат Бабатайұлы (5 сынып, II тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ әдебиет
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тәрбиенің қайнар бұлағы»
Сабақтың тақырыбы: Дулат Бабатайұлы
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме)
Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы
Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.
Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс
Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту.
Сабақ барысы:
1. Құламан батырдың тұлпары
2. Қабанбайдың тұлпары
3. Қобыландының тұлпары
4. Абылайдың тұлпары
5. Исатайдың тұлпары
Осы сөзжұмбақты шеше отырып, сабақтың тақырыбын болжаңыз, жасылмен берілген әріптерді құрай отыра, бүгінгі тақырыптың кімге қатысты болатынын болжаңыз.
Дәл осы заманда жүйрік атың болса машинаға немесе ақшаға айырбастар ма едің? деген сұраққа оқушының жауабы тыңдалады да, жаңа сабаққа көшеді.
Қазақ әдебиетінің аса бір сүбелі кезеңдерінің бірі ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезі 1731 жылы Кіші жүз қазақтары Әбілхайыр ханның бастауымен орыс патшасына ант беріп бағынған кезі болатын.Орта жүз қазақтары Абылай хан да орыстарға қосылады. Ресей патшасы отарлау саясатын біртіндеп жүргізеді. Қазақ даласына әскери бекіністер салады. Ресейдің түкпір –түкпірінен шаруаларын көшіріп әкеліп, қазақтың суармалы жерлерін тартып алады. Қамалдар орната бастады. Жергілікті халықтан заттай, ақшалай салықтар жинап отырды.Осындай әрекетпен орыстар қазақ байларын билікке таластырып, ел ішінде жер дауы, жесір дауы, тонау, өтірік айту сияқты жағдайлар етек алып кетті. Осындай әділетсіздікті көрген ақындар өз өлеңдерінде орыстардың озбырлығын сынады. Сондықтан сол кезеңдердің ақындарын зар заман ақындары деп атаған. Солардың ішінде әдебиеттен ойып орын алатын ақын - Дулат Бабатайұлы.
Оқушыларды үш түспен үш топқа бөлу керек. (А тобы, В тобы, С тобы)
«О, Ақтан жас, Ақтан жас»
О, Ақтан жас, Ақтан жас,
Сенде жетер ме екенсің?
Жетімдіктің белінен
Асып өтер ме екенсің?
Жарық сәуле көре алмай,
Ел шаңына ере алмай,
Сол бойы кетер ме екенсің?
Жапанға біткен жапырақ
Жамылсан тонар ма екенсің?
Жазғы шыққан бүлдірген
Сұғыңсаң тояр ма екенсің?
Күрек тісін қасқайтып
Сұлу сүйер ме екенсің?
Бадана көз, тоғыз тор
Сауыт киер ме екенсің?
Білтеліні тұтатып,
Түтінін үзбей оқ атып,
Жау қашырар ма екенсің?
Тұлпар атты жаратып,
Құйрық - жалын таратып,
Бежін ерді ерлетіп,
Жорыққа жортып, терлетіп
Сырты қырлы, жүзі алмас,
Салған дағы жоғалмас
Сапы асынар ма екенсің?
Босағасын борлатқан,
Таңдайға дәмі татымас
Керегесін торлатқан,
Тегерішін манаттан,
Жібектен ызып бау таққан
Үйге кірер ме екенсің?
Тең құрбыңмен теңеліп,
Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп, мал жиып,
Керсеніңе бал құйып,
Өмір де сүрер ме екенсің?
Жетімдіктен өтерсің,
Шаң бермей әлі кетерсің.
Қажыма, Ақтан, қажыма,
Жетерсің, әлі жетерсің.
«О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінің мәтіні беріледі.
А тобына тапсырма:
1. Өлеңді оқып шығып, мазмұнын қара сөзбен жеткізуге тырысыңыздар;
2. Ақын лексикасына талдау жүргізіңіздер.
В тобына тапсырма:
Ақтамберді
Күлдiр де күлдiр кiсiнетiп,
Күреңдi мiнер ме екемiз,
Күдерiден бау тағып,
Ақ кiреуке киер ме екемiз!
Жағасы алтын, жеңi жез,
Шығыршығы торғай көз
Сауыт киер ме екемiз!
Ор қояндай жүгiнтiп,
Аш күзендей бүгiлтiп,
Жолбарыстай шұбарды
Таңдап мiнер ме екемiз!
Сол шұбарға мiнген соң,
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Қол төңкерер ме екемiз.
Жалаулы найза жанға алып,
Жау қашырар ма екемiз!
Тобыршықты әндiген
Толтыра тартар ма екемiз!
Тобылғы түбi құралай,
Бытыратып атар ма екемiз!
Жарлауға бiткен жапырақ –
Жамылсақ тоңар ма екемiз.
Жазыққа бiткен бүлдiрген –
Сұғынсақ тояр ма екемiз!
Тобылғы сапты қамшы алып,
Тұмар мойын ат мiнiп,
Қоныс та қарар ма екемiз!
Ел жазылып жайлауда
Жақсылар кеңес құрғанда
Мұртымыз өрге шаншылып,
Бұрын да сөйлер ме екемiз!
Екі өлеңді салыстырып, Венн диаграммасын жасаңыздар.
С тобына тапсырма:
«Ақтан жас» өлеңіне сүйене отырып, А3 форматына қазақ халқының моделін жасаңыздар.
Барлық топтарға тапсырмалар:
1- тапсырма: Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашыңыздар.
2-тапсырма:
1. Ақтан жас деген кім?
2. Ақын Ақтан жасқа қандай үміт артады?
3. Қалай ойлайсыңдар, ақын үміті ақтала ма
3-тапсырма:
«Ақын үмітін ақтау үшін Ақтан жасқа қандай талап қояр едіңіз?» деген тақырыпта 5 минуттық эссе жазыңыз. Әр топ өз рефлексиясын оқиды.
(Оқушылар қоюы тиіс ықтимал сұрақтар:
Ақтан жас деген кім?
Ақын үміті ақтала ма?
Бежін деген не?
Өлең неліктен «Ақтан жас» деп аталды?
Ақтан кішкентай кезінде қандай болды? т.б.)
Мұғалім оқушыларға өз кері байланысын береді, әр топтың жұмысын бағалайды.
Д. Бабатайұлының «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңін жаттап келу. .....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 21 |


Загрузка...
Читайте также
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Расул Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі 3-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Расул Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі 3-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: С Торайғыров  «Шәкірт ойы» (6 сынып, III тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: С Торайғыров «Шәкірт ойы» (6 сынып, III тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін/ мәнерлеп жатқа оқу  (6 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін/ мәнерлеп жатқа оқу (6 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Атымтай Жомарт қандай кейіпкер? (5 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Атымтай Жомарт қандай кейіпкер? (5 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» (5 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» (5 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Д Бабатайұлы «О Ақтан жас Ақтан жас» 2-сабақ (5 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Д Бабатайұлы «О Ақтан жас Ақтан жас» 2-сабақ (5 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулат Бабатайұлы «О Ақтан жас Ақтан жас» 1-сабақ (5 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулат Бабатайұлы «О Ақтан жас Ақтан жас» 1-сабақ (5 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Қобыланды батыр» жыры (5 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Қобыланды батыр» жыры (5 сынып, I тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Дулат Бабатайұлы 5 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Дулат Бабатайұлы, сабақ жоспары Дулат Бабатайұлы 5 сынып қазақ әдебиеті қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары Дулат Бабатайұлы, Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулат Бабатайұлы (5 сынып, II тоқсан )