Дулат Бабатайұлы «О Ақтан жас Ақтан жас» 1-сабақ (5 сынып, II тоқсан )

 Дулат Бабатайұлы «О Ақтан жас Ақтан жас» 1-сабақ (5 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиет
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тәрбиенің қайнар бұлағы»
Сабақтың тақырыбы: Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас» 1-сабақ
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс
Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту.
А/И2. Автор бейнесі
Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.
Сабақ барысы:
ЖЖ «Қазына іздеу»
Оқушылар қағаз қиындыларындағы үзінділердің біреуін алып оқиды да әрі қарай жатқа оқиды.
...Жапанға біткен жапырақ...
...Бежін ерді ерлетіп...
...Таңдайға дәмі татымас…
...Ел шаңына ере алмай...
...Бадана көз, тоғыз тор...
Акция тарихы
Қазақстандық «Бір ел – бір кітап» жобасының идеясы АҚШ-та өте танымал болған «Бір кітап, бір Чикаго» және «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса» деген кітапханалық жобаларына негізделген. Шартқа сәйкес бүкіл қала тұрғындары бір мезгілде бір шығарманы оқуға тиіс. Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. «Бір ел – бір кітап» жобасына Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабы еніп отыр.
Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлері, күтілетін нәтижелері таныстырылады.
1-тапсырма:
Ж. «Поэтикалық талдау»
Өлеңдегі автордың бейнесін, тақырып пен идеяны мәтін контексі арқылы анықтайды. Өзіңізге өзіңіз сұрақ қоя отырып, кестені толтырыңыз
Автордың көзқарасы Автордың бейнесі Шығарманың тақырыбы Шығарманың идеясы Шығарма кейіпкері Автор даусына пікіріңіз

Өзін-өзі бағалау
Осы тапсырманы орындау барасында қандай қиыншылықтар туындады?
Өзіңізді қалай бағалайсыз?
Д. Бабатайұлы туралы бейнематериал көрсетіледі. Әр оқушы қажет ақпаратты түртіп алып отырады.
2-тапсырма: Жұппен жұмыс.
Әр жұпқа Д. Бабатайұлының бірнеше өлеңдері ұсынылады. Бірнеше өлең үзінділерін оқи отыра берілген кестені толтырыңыз, «Ақын бейнесі» деген тақырыпта ойыңызды 5 сөйлеммен қорытып жазыңыз.
Үзінді Ұқсастықтар Айырмашылықтар
«Ақын бейнесі» 5 сөйлем
____________________________
1) «Айтқызбасымды айтқыздың»
Менің атым – Байғыз қарт,
Көзге түсер сиқым жоқ,
Орынсыз күлер күлкім жоқ,
Есепсіз ұйықтар ұйқым жоқ.
Көзге қораш бойым бар,
Теңізден терең ойым бар,
Шынардан биік санам бар,
Атан өгіз ағызған
Ақылдан алпыс салам бар.
Қорған құрыш сөзім бар,
Бұлттан өтіп, мұнарды
Болжайтұғын көзім бар...
Қайратымнан атым зор
Белгілі атым өлемге.
Қорашсынсаң денемді,
Кеудем – ақыл сарайы,
Кірем десең, кел, міне, – дейді.
2) Өксігіңді ойласам,
Ұйқы беріп, қайғы алам,
Ел құлағы саңырау,
Кімге айтамын сөзімді?
Дулат сынды сорлыда
Ұйқы, тыныштық бола ма?
3) Қайырсыз, сараң байыңды,
Еріншек, есек жарыңды,
Халыққа емес сыйымды,
Парақор баспақ биіңді,
Ел бүлдіргіш бегіңді
Улы тілмен улаттым.
Сана беріп ойына,
Қуат беріп бойына,
Аққан жасы сел болған,
Етегі толып көл болған,
Беріш боп шері байланған,
Ұйқы беріп, кайғы алған,
Қайғылыны уаттым...
4) "Тегімді менің сұрасаң"
Аға сұлтан, қазының
Ел сілкінді ісінен.
Ауылдың атқа мінері –
Жемтікке қонған күшіген...
Майырдың алса бұйрығын,
Борбайға қысып құйрығын,
Ел пысығы жортады.
5) О, Барақ жас, Барақ жас,
Жегенге тоқ, ішсең мас.
Жақсы болса ұлығы,
Өз елін жаудай таламас.
Қасқыр тартып, қан шықса,
Жаман ит жұлып жей берер,
Алды-артына қарамас.
Азғын елдің бектері
Қан шықса, елін жұлмалар
Қасқырменен аралас...
Сендер атқа мінген соң,
Тандыр болып суалды
Шалқар көлдей несібем...
6) "Кеңесбайға"
Ыдысысың параның;
Қотара құйса толмайтын.
Ашылған әбден араның –
Түйені жұтсаң түгімен,
Биені жұтсаң бүгімен,
Қақалмай-ақ толғайтын...
7) Жауға шабар ерің жоқ,
Сақадай болып сайланып.
Төсекжанды мырзалар
Ала баспақ байланып,
Үй күшіктей үреді,
Отының басын айналып.
Жеріңнің алды шұрайын,
Дуан салып жайланып.
Датыңды айтсаң майырға,
Сібірге кеттің айдалып...
Осы тапсырманы орындауда не қиын болды?
Жұптың жұмысын бағалаңыз. (Жұптар бірін-бірі бағалайды)
Д. Бабатайұлының өмірбаянын оқып келу......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 631



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі