» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Театрға бару мәдениеті (8 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Театрға бару мәдениеті (8 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Театрға бару мәдениеті (8 сынып, IV тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Театрға бару мәдениеті (8 сынып, IV тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Бөлім тақырыбы: Театр өнері мен мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: Театрға бару мәдениеті
Оқу мақсаттары: Т/А8.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау.
ӘТН 8.4.4.4 –жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
• мәтіндегі ақпараттан астарлы ойды анықтайды.
Сабақ барысы: Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап беріп, «Театрға бару мәдениеті» туралы жұбымен әңгімелеседі.
• Театрға қандай дайындықпен бару керек деп ойлайсың?
• Көрермен мен қойылым кейіпкері әртіс арасында қандай байланыс болады?
• Театрға кіргенде қойылым басталып кетсе,сіз қандай әрекет жасайсыз?
• Театр мәдениеті дегенді қалай түсінесің?
1-тапсырма.
Оқушылар «Театр мәдениеті» мәтінін тыңдайды және мәтіндегі негізгі ойды айқындайтын тірек сөздерді жазады. Тірек сөздерді басшылыққа алып, «Театр мәдениетін қалай сақтауға болады?» тақырыбында әңгімелеседі.
Мұғалім мәтіннің түпнұсқасын таратып, оқушылар әңгімесінің мәтінмен сәйкестігін анықтайды.
2-тапсырма.
Оқушылар Астана опера театрында сатылған билеттерді оқып, ақпараттарды берілуін талдап жазады.
3-тапсырма.
а)Мәтіннен жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне қарай ажыратып, арнайы кестені толтырады.

Мәтін үзіндісі:
...Соңғы кезде драматургтерді мазалап жүрген бір жай бар, қазір қойылымдар бұрынғыдай екі актіге созылмай, пьеса екі есе қысқартылып бір актіде ғана көрсетілетін болған. Режиссерлер «қазіргі көрермендердің екі акт қойылым көріп отыруға уақыты мен шыдамы жетпейді, соңына қарай кете бастайды» деген сылтау айтады. Меніңше, тартымды, маңызды қойылымнан көрермен кетпейді. Жекелеген өнерді түсінбейтін тоғышар адамдардың жетегінде бұлай кете беруге болмайды. Мен театр директоры болсам ондай кете бастаған адамға есікті тарс жауып қойып былай дер едім: «Сізді ешкім мәжбүрлеп әкелген жоқ, театр – қасиетті мәдениет орыны, мәдениетсіздік көрсетпеңіз, қойылым біткенше кетуге болмайды, тәртіпті бұзбаңыз». Осылай деп театр ішіне жазып, ешкім бұзуға болмайтын театр тәртібін орнатар едім. Иә, көрермендер театрды сыйлауы үшін театр тәртібін орнату керек...
Бағалау критерийі:
Әр жұп өз тапсырмаларын төмендегі критерийлермен бағалайды:
Жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану Дескриптор Балл
Білім алушы:
Тіл мәдениетін сақтайды
Автор позициясын білдіретін етістіктерді басшылыққа алып, жоғарыдағы мәтіннен автор позициясын анықта
Автор
Келіседі, қарсы болады, дауласады, жоққа шығарады т.б. Сынайды, дәлелдер, аргументтер, дәйектер келтіреді т.б.
4-тапсырма.
Қажетті ақпарат көздерін пайдаланып, Театр ережесі кестесін толтырады.
№ Театр Ережесі
1. Көрерменнің кесірінен Театрға материалдық зиян келтірілген жағдайда –Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша өтелуі тиіс......



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 29 |


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Театрға бару мәдениеті 8 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Театрға бару мәдениеті, сабақ жоспары Театрға бару мәдениеті 8 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Театрға бару мәдениеті, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Театрға бару мәдениеті (8 сынып, IV тоқсан )