Жас туристің жаднамасы Сөйлем соңында қабаттасып келетін тыныс белгілері (8 сынып, IV тоқсан )

 Жас туристің жаднамасы Сөйлем соңында қабаттасып келетін тыныс белгілері (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы туризм және экотуризм
Сабақтың тақырыбы: Жас туристің жаднамасы. Сөйлем соңында қабаттасып келетін тыныс белгілері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.4.5.1 сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдану
Сабақтың мақсаттары: Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдану.
Сабақ барысы: Мұғалім сабақты амандасудан бастайды.
Оқушылардың өзіне деген сенімділігін ояту үшін төмендегі аңызды әңгімелеп береді.
«Данышпан мен адам»
Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?» – деп сұрайды. Ол өзі ішінен: «Егер тірі десе – мыжып жіберемін, ал егер өлі десе – онда қоя беремін», - деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып: «бәрі сенің қолыңда», - депті.
Аңызда айтылғандай, табысты, алғыр сезінуіміздің бәрі өз қолымызда екен. Ендеше, балалар, бүгінгі сабақта алдымызға қойған мақсатқа сәтті қол жеткізуіміз өзімізге байланысты.
Жазылым алды тапсырма
«Дауыстап ойлау» әдісі
Мұғалім оқушыларды жұпқа бөледі немесе оқушылардың өз қалаулары бойынша (саралау) бөлінуге мүмкіндік береді. Олар жұптаса отырып, сөйлем соңына қабаттаса қойылатын тыныс белгілер туралы мәтінді біреуі дауыстап оқиды, екіншісі тыңдай отырып ой түйеді. Бір-біріне түсіндіреді.
Жазылым тапсырмасы
«Жүгіртпе диктант». Сынып қабырғаларына диктант мәтіндері ілінеді. Мәтінде тыныс белгілері қойылмаған. Олар кезекпен-кезек қабырғадағы мәтіннен бір сөйлемді оқып алады да, жүгіріп барып дәптерге жазады. Осылайша топта өзара алмаса отырып, берілген мәтінді дәптерлеріне диктант түрінде жазып шығады. Қажетті тыныс белгілерін қояды.
«Жүгіртпе диктант» мәтіні
Жас туристің жаднамасы
Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. Адам баласының ағзасына демалыс кезінде жол ауыртпалығын көтере алмау, жаңа ортаның климаты, тамағы, уақыттың ауысуы әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ, халық көп шоғырланған жерде түрлі бактериялар мен инфекциялар өршіп жүреді. Сол себептен де саяхат кезінде денсаулығыңызға салғырт қарамаған жөн. Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, денсаулығыңызды тексеріп алыңыз. Саяхат кезінде денсаулығыңыз сыр бермесін десеңіз, дәрігер кеңесіне зер салып, өзіңізді күтіңіз.
Саяхатқа шықпас бұрын:
- барар мекеннің климатын, салтын, тамағы жайлы алдын ала ғаламтордан қарап, біліп алыңыз;
- дәрігерге жолығып, қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес алыңыз;
- шабаданды жинастырғанда қажетті дүниелермен бірге дәрі-дәрмек салған қобдишаны алуды ұмытпаңыз.
Саяхат кезінде:
- беті-қолыңызды жиі-жиі жуып тұрыңыз. Өзіңізбен бірге орамал алып жүрген абзал. Су болмаған жағдайда ылғал орамалды пайдаланыңыз.
- дәріханадан антибактериальды сабын я сұйықтық сатып алыңыз.
- тек қана таза су, кофе, көк немесе қара шай ғана ғана ішіңіз. Газдалған сусындар мен алкогольді ішімдіктерді пайдаланбаған жөн;
- жеміс-жидектер мен көкөністерді жуып пайдаланыңыз. Ет, балық, тауық, нан, сүт өнімдерін тек қана дүкендерден сатып алыңыз. Көшеден, базардан тамақ сатып алмаған абзал;
- өзіңізбен бірге міндетті түрде қажетті дәрі-дәрмектер, маса, ара, шыбын-шіркейдің шағуына қарсы майлар, ылғал орамал, бас киім, көзілдірік, крем, сусабын, тіс пастасы мен щеткасын, дәке мен қайшы алып жүріңіз.
Жазылымнан кейінгі тапсырма
Кейін оқушылар топта жазған жұмыстарын мәтіннің дұрыс нұсқасымен тексереді. Тыныс белгі ережелері арқылы мәтіндерге талдау жасалады. Қолданылған әрі ескерілген пунктуациялық ережелерді кесте негізінде топтастырып жазады.
Кездескен қателер Дұрысы Негіздеу (ереже)
Дескриптор:
• Тақырып аясында диктант жазады;
• Тыныс белгілерін дұрыс қоя алады;
• Емле ережелері арқылы талдау жасайды.
Өзара бағалау
Әр топ жазба жұмысын орындаған дәптерлерін сағат тілімен ауыстырып, келесі топқа береді. Олар «Екі жұлдыз, бір тілек» айтып, өзара бағалау жүргізеді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 861



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі