Бизнестегі бес қадам (8 сынып, II тоқсан )

 Бизнестегі бес қадам (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары
Сабақтың тақырыбы: Бизнестегі бес қадам
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.2.5.1. перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
• Мәтін мазмұнын түсінеді;
• Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрайды;
• Сұрақ құрауда перифраз тәсілдерін тиімді қолданады.
Сабақ барысы: Мұғалім оқушыларға талқылау сұрақтарын ұсынады. Оқушылар жұпта талқылап, сұрақтарға жауап береді.
Талқылау сұрақтары:
• Бизнеспен айналысу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?
• Бизнес жасауда қандай қадамдарды орындау керек?
• Сенің таныстарыңның арасында бизнеспен айналысатын адамдар бар ма?
Мұғалім сабақтың тақырыбын, оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды.
Оқылым алдындағы тапсырма.
Оқылым алдында мұғалім перифраз жасаудың тәсілдерін оқушылардың естеріне түсіреді.
Оқушылар осы тәсілдерге мысал келтіреді.
1.Сөйлемдегі сөз формасын басқа сөз табына алмастыру. Мысалы: зат есім → етістік, зат есім → сын есім, т.б.
2. Синонимдерді қолдану.
3. Сандар мен пайыздық көрсеткіші өзге формаға ауыстыру.
4. Бірінші жақтан үшінші жаққа немесе үшінші жақтан бірінші жаққа алмастыру (ырықсыз етіске алмастыру).
5. Анықтама берудің әртүрлі құрылымдарын пайдалану.
7. Сөйлем құрлымын өзгерту және байланыстырушы сөздерді өзге түрлерін қолдану.
Оқылым тапсырмасы.
Мұғалім оқушыларға оқылым мәтінін ұсынады. Оқушылар мәтінді оқып, фразалардың бизнестің қай қадамына жататын анықтайды.
Мәтін бойынша перифраза тәсілдерін қолданып, сұрақ құрайды.
Бизнес жасаудағы маңызды қадамдармен таныс.Мәтінді оқып, сөздерді орналастыр.
Бизнес, бизнес-жоспар, бизнес-ой (бизнес идея), бизнес жоспарды құрау,клиентпен жұмыс.
жоспарды құрау,клиентпен жұмыс.
Тапсырма. Төмендегі фразалар бизнестің қай қадамына жататынын анықтаңыз.
• Мен бәлішті жақсы пісіремін, соны сатсам қалай болар екен?
• Біздің кәсіпорынның мақсаты – сапалы қызмет көрсету.
• Бұл жобаны іске асыру үшін 500$ қаржы қажет.
• Клиенттерге шайхананың теңіз жағасында орналасқаны қатты ұнайды.
• Бұл бизнес маған лайық, себебі, мен тігін тігуді жақсы көремін.
• Көп клиенттерді біздегі тиімді баға қызықтырады.
• Менің бұл жобамнан 1000$ пайда түседі.
• Бұл жерде адамдар көп жиналады екен, сондықтан офисті осы жерде ашу керек.
• Ауылдан тері әкеліп, илеп тон тіксем бе екен?
• Менің үйіме жақын жерде дәріхана жоқ екен, егер мен ашсам...
• Менің клиенттерім 18-25 жас аралығындағы жас қыздар.
• Клиенттер біздің мейрамханаға көбіне сенбі, жексенбі күндері келгенді ұнатады.
• Біздің клиенттерге қызмет көрсету ұнайды.
• Бұл бизнес жоба 5 жылға созылады.
• Қазақтың ою-өрнектерін салып, әдемі орамалдар тіксем...
• Бұл бизнесті жүзеге асыруға қаладағы халық саны кедергі болып тұр.
Тапсырма.
Перифраза тәсілдерін орынды қолданып, мәтін бойынша бес сұрақ құрайды.
«Сұрақтар қобдишасы».
Оқушылар мәтін бойынша құраған сұрақтарды қобдишаға салады, оқушылар шеңбер бойымен отырып, бір сұрақтан суырады және жауап береді.
Дескриптор.
Мәтін мазмұнын түсінеді;
Фразаларды қай қадам екенін анықтайды;
Сұрақ құрайды;
Сұрақты перифраза тәсілі арқылы құрайды.
Оқушылар жұпта бірін-бірі бағалап, кері байланыс береді.
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
Мұғалім оқушыларға шығармашылық тапсырма ұсынады. Оқушылар мәтінді негізге алып, жұпта бизнес жоспар жасайды.
Жұпта бірлесе бизнес жоспар құрып көріңіз.
Немен айналысу? (нені шығару, ұсыну) (тауар, қызмет түрлері);
Кімге шығару? Қанша шығару?
Тұтынушылар кімдер? Оларды не қызықтырады?
Қанша пайда әкеледі?.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 818



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!