3-сабақ Ғарышты игеру жетістіктері (8 сынып, II тоқсан )

 3-сабақ Ғарышты игеру жетістіктері (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: 3-сабақ Ғарышты игеру жетістіктері
Оқу бағдарламасына сілтеме: О3. Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату;
Оқу мақсаттары: 8.2.3.1. Мақала, презентация, құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.
Сабақ барысы: Оқу мақсатын таныстыру.
Оқушылар оқу мақсатын талқылайды.
Бағалау критерийімен танысады.
Топқа бөлу.
Оқушыларды цитаталар арқылы 4 топқа бөлу. Әр топ өздерінің цитаталарын суртепен байланыстырып, өз пікірлерін білдіреді. Әр топқа сөйлеуге 1минут уақыт беріледі
1-топ.
Біз болашағымызды ғарышпен тікелей байланыстырып отырған елміз
2-топ.
Қазақстанның ғарышты зерттеу және ғарышты игеру саласының болашағы жас мамандардың, өскелең кадрлардың қолында.
3-топ
Жер серіктері – Қазақстанның ғылымын тек қана өрге сүйрейді.
4-топ
Ғарыш зерттеу саласына біржолата мойын бұрған Қазақстан Республикасы 2007 жылы елімізде Ұлттық ғарыш агенттігін құрды.
Оқылым алдындағы тапсырма
1-2-топтар мақаланың құрылымын топта талқылайды.Үйден қарап келген мәліметтерін қолданады. 1топтан үш оқушы 2- топтан үш оқушы топтарын алмастырады, яғни 1-топтың 3 оқушысы 2-топқа ауысады,ал 2-топтың 3 оқушысы 1-топқа ауысады.Топтан ауысып барған оқушылар өз топтарындағы мәліметті таныстырады. Осылайша ақпараттармен алмасады. Әр топтан бір оқушы шығып, топта талқылаған мәселесі бойынша қарсы топтың оқушыларынан «Кезбе микрафон» әдісі бойынша сұрақ-жауап алады.
3-4-топтар презентацияның құрылымын топта талқылайды. Үйден қарап келген мәліметтерін қолданады. 1топтан үш оқушы 2- топтан үш оқушы топтарын алмастырады, яғни 1-топтың 3 оқушысы 2-топқа ауысады,ал 2-топтың 3 оқушысы 1-топқа ауысады.Топтан ауысып барған оқушылар өз топтарындағы мәліметті таныстырады. Осылайша ақпараттармен алмасады.
Әр топтан бір оқушы шығып, топта талқылаған мәселесі бойынша қарсы топтың оқушыларынан «Кезбе микрафон» әдісі бойынша сұрақ-жауап алады.
Бағалау критерийі:
1. Мақаланың, презентацияның құрылымын таныстырады
2. Ойына дәлел келтіреді
Бағалау. Сұрақ-жауап алған оқушы өз бағасын береді.
Оқылым тапсырмасы.
Әр топқа мәтін беріледі. Мәтінді оқи отырып, мақаланың және презентацияның рәсімделуін ұсынады. Тапсырмалары бірдей топтар рәсімдеу ережесін бір-біріне ұсынады (үлгіні қоланады), сол бойынша тапсырманы орындайды. Мұғалім топтарға бағыт-бағдар беріп отырады.
Тапсырма.
1. Мақаланы оқыңыз.
2. Мақаланың рәсімделуін ұсыныңыз.Үлгіні назарға алыңыз.
3. Ұсынылған рәсімдеу ережесіне сай мақаланы өңдеңіз.
Үлгі:
МАҚАЛАНЫҢ РӘСІМДЕЛУІ
Мақалалар компьютерде терілген жазбалар түрінде, бір данамен қабылданады. Сонымен қатар мақаланың Microsoft Word 2010 жүйесінде, жадыда электрондық нұсқасы да ұсынылады.
Қолжазбаларды авторлар мұқият тексеріп, қатесіз тапсыруы керек.
Мақала көлемі компьютерде терілген мәтінмен 3-10 бет (мәтін Times New Roman қарпімен теріледі, қаріп өлшемі-12) жадағай ара қашықтықта, абзацтық шегініс-1,25 см. Сондай-ақ мынадай жиектік өлшемдері сақталған болуы шарт: жоғарғы және төмен- 2 см. және сол жағы мен оң жағы-2 см.
1-топ
1991 жылғы 3 сәуір күні Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың адамзат баласының тұңғыш өкілі Юрий Гагариннің «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарышқа аттануының 30 жылдығы мерейтойына орай сол кездегі Кеңес Одағының бас газеті «Правдаға» үлкен мақаласы жарияланды. «Кезінде кеңінен қолданылсын деп, «елсіз-күнсіз жер» деген тіркес енгізілді. Өз басым оны ұнатпай, ытырынып қаламын. Кейде, тіпті, осы сөзді орынды-орынсыз қолданған кісілер Табиғат анасын тарс ұмытып кететіндей көрінеді, – деген Қазақ елінің басшысы.
Арада онша да көп уақыт өткен жоқ, КСРО Машина жасау министрлігі мен тікелей ғарыш зерттеу саласының бір топ кіл мамандары Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматыға әдейі атбасын бұрып келді. Екі қазақ жігітінің ғарыш сапарына дайындалып жатқаны туралы жағымды хабар сол тұста жарияланды. Қазақ халқы құлағын түріп, елеңдесіп қалысты. Кеңес Одағының Батыры, еңбегі сіңген сынақшы-ұшқыш Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров пен азаматттық авиацияның асқан шебер ұшқышы Талғат Аманкелдіұлы Мұсабаевтың есімі халыққа сол жолы алғаш рет белгілі болды. Президент «Егер атақ-даңқ үшін қазақ азаматын ғарышқа екі-үш сағатқа ұшыру керек болса, ол бізге қиындық туғызбас еді. Бірақ, біз болашағымызды ғарышпен тікелей байланыстырып отырған елміз» деп маңызды мәлімдеме жасады.
2-топ
Қазақстан ғарышты зерттеу және ғарышты игеру саласының болашағы жас мамандардың, өскелең кадрлардың қолында. Мемлекетіміз тек қана шетелде оқу үшін ғана жастары­мызға жыл сайын ең кемі 200 грант бөледі екен. Немесе 70 грант Ресей Фе­дерациясының жоғары оқу орындарына бөлінеді. Олардың барлығы дерлік ғарыш аппараттарының өндірісі мен оған жерден қызмет көрсетуден тәлімді дәріс алады. Қазірдің өзінде-ақ жастарымыздың бойында ғарышты игеруге деген ерекше құлшыныс, алабөтен талпыныс байқалады, дейді мамандар. Айтпақшы, осы арада республика бойынша 18 мектепте ғарышпен тікелей байланыстағы ілім – физика-ғарыштық пәнінен дәріс беретін он-сан сыныптардың барын да еске салып қойғанының артықтығы жоқ шығар.
Ресей мен Ұлыбританияда, Францияда оқып Отанына оралған жастар легі ғылыми озық салада өзіндік қолтаңбаларын көрсетіп қана қоймай, жаңашылдық жасаудан еш жасқанбайды. Олар салыстырмалы түрде айтқанда ғарыш аппаратын жобалау мен пайдалануға дейінгі өндірістік үрдістерде шетелдік әріптестерінен қалысар да емес.
Қазақстан ғарыш саласының бүгінгі ахуалы, тыныс-тіршілігі, бір сөзбен айтқанда осындай. Қазақстанның бүгінгі ғарыш қадамы осындай!
***
3-4-топтар прзентацияның рәсімделуін ұсынады.
Тапсырма.
1. Мәтінді оқыңыз.
2. Мәтін бойынша презентация жасау үшін презентацияның рәсімделу ержесін ұсыныңыз.
3. Ұсынлған рәсімдеу ережесіне сай презентацияны әзірлеңіз.
Үлгі:
Презентацияның рәсімделуі
Презентация Power Point бағдарламасымен, басылым текстімен, 1,5 интервалымен
орындалуы тиіс. Презентация тақырыптың негізгі анықтамаларын, теориялық аспектілерін
қарастырып, тәжірибеде қолданысын қорытындылаудан тұруы қажет. Жалпы презентация беттеріне шек қойылмайды, бірақ қорғау үрдісіне 5-7 мин беріледі.
3-топ.
«Қазақстан Ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы АҚ Астанада Ұлттық ғарыш орталығын салды. Күрделі кешеннің негізінде болашақта құрастыру-сынақ орталығы ғимараты тұрғызылмақ. Ол жерде міндетті түрде шетелдегі секілді жаңадан ғарыштық Жер серіктері мен аппараттары жиналып, жасалары хақ. Осының бәрінен хабардар бола тұрып, күні ертең қазақтың «Бәйтерек» ауыр сыныптағы зымыран кешені, авиациялық зымырандық «Есіл» ғарыш кешені, қашықтықтан зондтайтын Жер серіктері – Қазақстанның ғылымын тек қана өрге сүйреріне еш күмәнің қалмайды.
Өткен жылдың аяқталар тұсында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 39 ғалымына Әбунасыр әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты тапсырды. Олардың арасында даңқты ғарышкеріміз Талғат Мұсабаев та бар. Ғарышқа үш рет аттанып ғарыш кеңістігінде бір жылға жуық, яғни 341 күн 9 сағат 48 минут 41 секунд ғылыми сапар шеккен қаһарманымыз соңғы жылдары ғарыш саласында атқарған таза ғылыми еңбегі үшін марапат алды. Талғат Аманкелдіұлы әріптестерімен бірлесіп Жер бетін ғарыштық жүйемен мониторингілеу желісін жасап шығарды. Бұл әдіс қазір отандық Жер серіктерінде ойдағыдай кәдеге асып, ойдағыдай қызмет етуде. Талғат Мұсабаевтың қамқорлығымен АҚШ азаматы Деннис Титоның халықаралық ғарыш кешенінде болып қайтуымен ғарыш саласындағы туризм дәуірінің басталғанын да көпшілігіміз білеміз. Талғат Мұсабаевтың ашық космоста болған уақыт мерзімінің ұзақтығына сәйкес Гиннестің рекордтар кітабына кіргені ше… Мұның бәрі де қазақ ғарышы тарихының жарқын беттерінен алынды!
4-топ.
Қазақстанның молекулярлық биология мен биохимия институты ауыл шаруашылығының ең үздік мамандарымен кеңесе отырып, келісіп жасаған ғарыштық тұңғыш қомақты жобасы да күні бүгінге дейін халық үшін ғылыми жемісін беріп келеді. Салмақсыздық жағдайында ғарышкердің қол күшімен белгілі кестеге сай шайқалған суспензия Қазақстанның ауыл шаруашылығына «Тоқтар», «Орбита», «Қоғалы» деп аталатын айрықша дәмді картоп түрлерін алып келді. Қазақстанның таулы аймақтарында күні бүгіндері гектарына кемі 30 тоннадан түсім беріп жүрген суыққа да, ыстыққа да төзімділігімен танымал болған бұл картоп сорттарының ғарышта жасалған қазақстандық алғашқы тәжіри­беде Тоқтар Әубәкіровтің қолымен будандастырылғанын көпшілігіміз біле де бермейміз. Қазақстан Республикасы патент иесі ретінде осы күнге дейін бес жүз тоннадан астам осындай картоптың тұқымдық сұрпын алыс-жақын шетелдерге лайықты бағасына сай сатып үлгерді.
Ғарыштық тәжірибе жасауға бейім қазақ ғалымдарының кейінгі тәжіри­белерін Талғат Мұсабаев ұзақ мерзімді ғарышта өткізген үш сапарында (1994, 1998, 2001 жылдар) ойдағыдай жүзеге асырды. Зерттеуші-ғарышкер кәдімгі бидай дәнінің клеткасына осы тектес әрі тұқымдас дақылдың ДНК-сын салып, генетикалық трансплантация жасады. Салмақсыздық жағдайында «буыны» босаған бөгде дақылға осылайша экспансиялық әрекет ету арқылы бірегей тәжірибе жасалынды.
Бір сөзбен айтқанда, ел Президентінің бастамасымен 1991 жылдың 13 наурызында негізі қаланған «Қазақстан-Ға­рыш» бағдарламасы ғарыш кеңіс­тігіндегі кешенді зерттеулерге осылайша кең жол ашты. Содан келіп ғарыш зерттеу саласына біржолата мойын бұрған Қазақстан Республикасы 2007 жылы елімізде Ұлттық ғарыш агенттігін құрды.
Бағалау критерийі:
1. Мақаланың, презентацияның рәсімделуін талапқа сай ұсынады
2. Берілген талапқа сай мақала мен презентацияны әзірлейді.
Бағалау. «Басбармақ» әдісі.
Рәсімдеу ережесін ұсынған топтар орындаған топтардың тапсырмаларын бағалап шығады. Өздері ұсынған рәсімдеу ережесіне сай немесе сай еместігін бағалайды.
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
Ж/ҚБ
Тапсырманы оқушы жеке дәптреге орындайды. Мұғалім аралып жүріп оқушылардың жауабын «құстұмсық» белгісімен бағалап шығады.
1-2-топта отырған оқушылар 3-4-топтың орындаған тапсырмасы бойынша жұмыс жасайды және керісінше, 3-4-топтың оқушылары 1-2-топтың орындаған тапсырмасы бойынша жұмыс жасайды.
Тапсырма
1. Мақаланың презентациядан қандай ерекшелігін байқадың? Ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
2. Презентацияның мақаладан айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде?
Бағалау критерийі:
1. Мақала мен презентацияның жанрлық ерекшелігін ажыратады
Кері байланыс.
«Менің көзқарасым» әдісі.
Не жақсы болды? Нені жақсарту керек? Қалай жақсартамыз?.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 899



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі