» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мәдениет түрлері (8 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мәдениет түрлері (8 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мәдениет түрлері (8 сынып, I тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мәдениет түрлері (8 сынып, I тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика.
Сабақтың тақырыбы: Мәдениет түрлері
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.1.4.1.- мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау;
8.3.1.1. – тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру.
Сабақтың мақсаттары:
Оқушылар мәселені талдап, негізгі ойды анықтай алады. Тыңдалым мәтіні негізінде тезистік жоспар құрастыра алады.
Сабақ барысы: Сабақтың оқу мақсаты, бағалау критерийлері түсіндіріледі.
Тыңдалымалды кезеңі:
- Мәдениеттің қандай түрлерін білесіздер?
- Қазақ ұлтының мәдениеті қай елдің мәдениетімен ортақтас деп ойлайсыңдар?
Тыңдалым мәтіні:
Корейліктер балалардың өмірінің басталуын, оның бір жасқа толу жасын есептейді. Осы кезден бастап қана бала толыққанды адам болып есептеледі. Балалардың әрқайсысының бір жасқа толуын міндетті түрде атап өту керек, егер атап өтілмесе, онда ержеткенде баланың үйлену тойын, мерейтойын және т.б. тойларын атап өтуге болмайды. Сондықтан да ата-аналар балаларының бір жасын атап өтуге тырысады.
Қазіргі корейліктер де олардың ата-бабалары сияқты некеге тұруға ерекше мән береді. Бұл адамның өміріндегі төрт басты оқиғаның бірі және салтанатты түрде өткізіліп, оған барлық руластарының назары аударылады. Неке алдында құда түсу рәсімі өтеді. Күйеу жігіт руластарының ішіндегі үлкендері - әкесі, үлкен ағасы, кейбір жағдайда ғана күйеу жігіттің анасы құда бола алады. Қалыңдықтың ата-анасының келісімін, екі жақ ченчи – некелестіру рәсімін өткізуге келіседі, некелесуді толығымен күйеу жігіт қаржыландырады, бірақ ол қалыңдықтың үйінде өтеді. Ченчи рәсіміне күйеу жігіт пен қалыңдықтың жақын туыстары мен достары шақырылады. Қалыңдықтың туыстарына ерлі-зайыптылар арасындағы адалдықтың белгісі ретінде – қаз, күріштің желімді сортынан жасалған ерекше нан – чалпыпэги, сонымен қатар ақ күріш шелпектер – тимпени ұсыну міндетті болып есептеледі.
Тыңдалым кезеңі.
1-тапсырма: Мәтінді тыңдап, топта мәтіннің желісімен дәстүрлі қазақ мәдениеті туралы ауызша салыстырмалы мәтін дайындап айтыңдар.
2-тапсырма. Айырмашылықтары мен ұқсас жақтары жөнінде диаграмманы толтырыңыздар.
3-тапсырма. Тыңдалым мәтіні негізінде тезистік жоспар құраңдар.
4-тапсырма. Құрған тезистік жоспар негізінде өз ойыңды білдір.
Бағалау критерийлері Дискриптор
- Негізгі ойды талдай алады;
- Тезистік жоспар құрастыра алады. Негізгі ойда таба алады.
Тезистік жоспар құрай алады.
Өз ойын жоспар негізінде білдіре алады......



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 37 |


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Мәдениет түрлері 8 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Мәдениет түрлері, сабақ жоспары Мәдениет түрлері 8 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Мәдениет түрлері, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мәдениет түрлері (8 сынып, I тоқсан )