Жазудың маңызы мен қызметі (8 сынып, I тоқсан )

 Жазудың маңызы мен қызметі (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім тақырыбы: Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы
Сабақтың тақырыбы: Жазудың маңызы мен қызметі
Оқу мақсаттары: Ж8.3.5.1 -оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазу
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
• мәтіннің негізгі идеясын сақтап, жинақы мәтін құрастырады .
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту:
Жұптық тапсырма.
Оқушылар мәтінінен алынған дәйексөзді мұқият оқып, одан әрі айтылмақ ойға болжам жасайды.Содан кейін мәтіннің жалғасын толық оқып, жұбыңмен өз болжамдарымен салыстырады.
...Ахмет Байтұрсынұлы «Біздің заман – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман» деген. Жазусыз өркениет болмасы анық. Тас дәуірінен атом дәуіріне дейінгі адамзат мәдениеті жетістіктерінің бәрі жазу арқасында...
Мәтінмен жұмыс кезеңі.
1-тапсырма.
Алдымен, оқушылар «Жазудың маңызы мен қызметі» тақырыбындағы мәтінді мұқият оқып, негізгі ақпаратты табады.
Мысалы,
Жазу – адамдардың қашықтықта тұрып, қарым – қатынас жасауын қамтамасыз ету. Өйткені жазу қоғамдық қажеттіліктен туындады. Адамдар арасындағы күрделі қоғамдық қатынастың дамып жетілуін ауызша сөйлеу тілі қанағаттандыра алмады. Сондықтан жазудың шығуы ең алдымен, қарым – қатынастың маңызды бір құралына деген қоғамдық мұқтаждыққа қарыздар...
2-тапсырма.
Оқушылар мәтін мазмұнымен толық танысып, негізгі ақпараттарды тапқаннан кейін, төмендегі ақпараттардың дұрыс не бұрыстығын ажыратып, дәйектемемен дәлелдейді.
1. Адамдардың қашықтықта тұрып, қарым – қатынас жасауын қамтамасыз етуде жазудың рөлі маңызды емес.
2. Қазіргі заманда жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден кеміп барады.
3. Шумер елінде жазудың болуы ең алдымен мемлекеттік құрылыстың дамуы мен жетілуіне байланысты
4. Бүгінгі күні жазудың маңызы әлем үнқосуларын бекітетін, растайтын деңгейге жетіп отыр.
3-тапсырма. Жаңа білімді игеру
Бұл тапсырманы орындауда мұғалім әрекеті басым болады, себебі оқушыларға жинақы мәтін туралы жан-жақты түсіндірілуі қажет.
Мысалы,
Жинақы мәтін құрастыру жолдары:
• мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау; қосымша ақпараттарды сызып тастау;
• негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу;
• автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау;
• мәтін түпнұсқасының сілтемесін көрсету. Мысалы: А.Байтұрсынов айтқандай..., «Қазақ» газетінде ..., Мақалада «.....» берілген, т.б;
• алынған ақпаратты барынша қысқа беру үшін лексикалық, грамматикалық бірліктерді дұрыс таңдау білу. Мысалы:
қайталауларды жалпылауыш сөздермен алмастыру;
сөздерді синонимдермен алмастыру;
бірнеше жай сөйлемді бір құрмалас сөйлемге немесе құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдыру.
4-тапсырма.

Оқушылар 1-тапсырмадағы «Жазудың маңызы мен қызметі» мәтінінен алынған негізгі ақпаратты басшылыққа алып, мәтін көлемін барынша қысқартып жинақы мәтін құрастырады және өзара бағалайды.
Үлгі:
Түпнұсқа мәтін Жинақы мәтін
Сөз қадірі
Қазақ халқы өзінің ана тілін, сөз қадірін жоғары бағалап, қадірлей білген. Сондықтан қазақтар адам қажеттіліктері мен қарым-қатынасының ішінде ана тілін жоғары қойған. Әрбір сөзге мән беріп, байқап сөйлеген. «Адам көңілінен азады, Тілінен жазады» деген секілді ескертпе сөздер, мақал- мәтелдер осының дәлелі. Қай заманда, қалай айтылғанына қарамастан, халық бір ауыз сөздің қадірін түсініп, бір ауыз сөзге келмей шешімше келген. Қазақ халқы сөз қадірін бағалап, адам қажеттіліктерінің ішінде жоғары қойған және бір ауыз сөздің қадірін жақсы түсінген.
Жұптық бағалау: жинақы мәтінді төмендегі критериймен бағаланады.
Бағалау критерийі № тапсыр
ма Дескриптор Балл
Білім алушы:
Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазу 1 мәтін бөлігіндегі ақпараттардан жинақы мәтін құрастырады құрастырған мәтіннің идеясын түсіндіру
Барлығы 7
• Дифференциация
Жазудың ең алғашқы түрі, яғни пиктографиялық жазу туралы ақпараттармен танысып, зерттеу.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 162



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі