» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Асыл шөп (8 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Асыл шөп (8 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Асыл шөп (8 сынып, I тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Асыл шөп (8 сынып, I тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика.
Сабақтың тақырыбы: Асыл шөп
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Оқушылар Ы.Алтынсариннің «Асыл шөп» әңгімесін тыңдап, мәтінде көтерілген мәселені талдайды. Негізгі ойды анықтауға тырысады.
Сабақтың мақсаттары:
8.1.4.1.- мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.
8.4.2.1. – сөйлеу ағымындағы интонацияны құрамдас бөліктері: әуен, әуез,тембр,қарқын,кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.
Сабақ барысы:
Ұсынылған сурет арқылы сабақтың тақырыбына болжау жүргізіледі.
- Сабақтың тақырыбы не туралы болуы мүмкін?
- Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер?
- Құндылықтарға қатысты көзқарастарыңды білдіріңдер.
Тыңдалым алды тапсырмасы:
Төменде берілген мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндірі көріңдер.
Сабырлы адам сақтанып сөйлер,
Сабырсыз адам мақтанып сөйлер,
Сапырыстырып, ақтарып сөйлер.
Асықпаған арбамен қоянға жетеді.
Сабыр еткен, мұратқа жеткен.
Оқушылар Ы.Алтынсариннің «Асыл шөп» әңгімесін тыңдайды.
Оқушылар әңгімені баяндаушы адамның интонациясына көңіл аударуы тиіс. Қағаз бетінде мәтіннің дыбысталуы, интонацияның құрамдас бөліктерін ажыратып отыруы тиіс.
Оқушылар мәтінді тыңдап болған соң, оқушыларға интонацияның құрамдас бөліктері туралы ақпарат беріледі.
Оқулықта берілген анықтама, ережелер түсіндіріледі.
Тыңдалым тапсырмасы:
1-тапсырма:
Осы сурет арқылы Злиха мен Бәтиманің іс-әрекеттерін, сөйлеген сөздерін баяндап бер.
Баяндау барысында әуенді, әуезді, тембрді,қарқынды, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдануға тырысып көр.
Бағалау критерийі Дескриптор
Білім алушы:
ӘТН8.4.2.1 - сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану • Сөйлеу барысында дауыс ырғағына мән бере алады
• Әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдана алады
2-тапсырма:
Бүкіл сыныппен орындалатын тапсырма. Сыныптың төрт қабырғасына төрт түрлі қағаз ілінеді. Сыныптағы оқушылар кезек-кезегімен ауысып жүріп, «Сабыр түбі – сары алтын» тақырыбында түйін сөздерді жинақтауы тиіс. Осылайша әр қабырғада сан түрлі идеялар жинақталып, соңында оқушылар өз ойдарымен сыныпта бөлісетін болады. ....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 30 |


Загрузка...