» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: 3-сабақ ЖЕҢІС КҮНІ ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ (7 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 3-сабақ ЖЕҢІС КҮНІ ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ (7 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 3-сабақ  ЖЕҢІС КҮНІ ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ  (7 сынып, IV тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: 3-сабақ  ЖЕҢІС КҮНІ ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ  (7 сынып, IV тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: 3-сабақ ЖЕҢІС КҮНІ ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) О7 Әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу
Сабақ мақсаттары:
Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау.
Сабақ барысы: Сынып оқушылары: берілген мақал қиындыларын біріктіру арқылы 3 топқа бөлінеді. Біріктірген мақалдарын оқиды және мағынасын ашып, талқылайды.
1-топ: Ерлік білектен емес, жүректен.
2-топ: Ер есімі ел есінде.
3-топ: Еліңді сүйсең ерлік істейсің.
Мақсаты: топта бірлесе жұмыс істеуге дағдыландыру, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.
Келесі бейнематериалға көңіл аударыңыздар. (3 мин).
1-тапсырма: «Төрт сөйлем» тәсілі бойынша бейнероликтті талдайды
Пікір. Тыңдаған бейнетаспа бойынша өзіндік пікір
айтасыздар.
Дәлел. Айтылған пікірді бір сөйлеммен дәлелдейсіздер.
Мысал. Пікірді өмірмен байланыстырып, мысал келтіресіздер
Қорытынды. Ролик бойынша қорытынды шығарыңыз.
Мақсаты: оқушылардан берілген бейнематериалдан не ұққандарын, не мақсатпен көрсетілгендігін және қандай ойда қалғандарын білу.
2-тапсырма: «ГАЛЕРЕЯДА ОЙ ШАРЛАУ»
Сынып қабырғасына (интербелсенді тақтада) Ұлы Отан соғысы жылдары ерлік көрсеткен ардагерлердің және майдан даласындағы көріністерден суреттер беріледі.
Оқушылар берілген суреттермен танысады. «Еркін микрофон» әдісі бойынша әр топ 2 суретті таңдайды.
Топ мүшелері шеңбер бойына тұрады.
Мұғалім микрофонды алып, шеңберде тұрған оқушыларға сұрақ қояды. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
- «Галереяда» не көрдіңіздер?
- Берілген суреттерді топтастырып қандай атау берер едіңіз?
- «Галереяны» аралау барысында қандай сезімде болдың? т.с.с. сұрақтар қойылады. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.
3-тапсырма. «Ұлы ерлікке тағзым» тақырыбында топпен бірлесе 5 сөйлемнен тұратын ойтолғау жазады.
Бағалау: 3 топ бір-бірлерін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды
«Мен танитын ардагер» тақырыбында бір ҰОС ардагері туралы қысқаша мағлұмат дайындау (мәтін, мақала, презентация – таңдау бойынша).....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 34 |


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары 3-сабақ ЖЕҢІС КҮНІ ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ 7 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, 3-сабақ ЖЕҢІС КҮНІ ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ, сабақ жоспары 3-сабақ ЖЕҢІС КҮНІ ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ 7 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары 3-сабақ ЖЕҢІС КҮНІ ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ, Қазақ тілінен сабақ жоспары: 3-сабақ ЖЕҢІС КҮНІ ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ (7 сынып, IV тоқсан )