» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің Отаным – Қазақстан (7 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің Отаным – Қазақстан (7 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің Отаным – Қазақстан  (7 сынып, III тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің Отаным – Қазақстан  (7 сынып, III тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қазақстандағы ұлттар достастығы
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу.
Сабақтың мақсаты:
Жанрлық стиліне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып мақала жазады.
Барлық оқушылар:
Мәтіндегі көркемдегіш құралдарды барынша ажырата алады.
Көптеген оқушылар:
Мақала жаза алады, көркемдегіш құралдарды қолдана алады.
Кейбір оқушылар:
Өзіндік стильде көркемдегіш құралдарды нақышына келтіре отырып мақала жазады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Тақырыпқа шығу мақсатында туған жер туралы бейнежазба көрсетіледі.
Мұғалім оқушыларға ой қозғау мақсатында келесі сұрақтарды қояды:
- Туған жер, Отан дегеніміз не?
- «Туған жердің қадірін сыртта жүргенде білерсің» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?
- Отанымыз тыныш болу үшін не істеу керекпіз?
Мұғалім оқушыларға сабақтың оқу мақсаттары мен жетістік критерийлерін түсіндіреді.
Мағынаны тану кезеңі.
Жазылымалды тапсырма
1. Төмендегі қарамен белгіленген сөздердің қолданылу ерекшелігін (көркемдегіш құралдар) түсіндіріңіз.
Менің отаным – Қазақстан!
Ата бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуды армандады. Осы жолда Бөгенбай, Қабанбай секілді арыстандай батырларымыз толарсақтан қан кешіп, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин сынды жорғаларымыз тәуелсіздік үшін күресіп, Отан үшін мерт болды.
Ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған таң шуағын шашып, нұрымен кең әлемді жылытты. 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан елі тәуелсіздік алып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Президент болып сайланды. Әрине, мемлекет құрылған кезде тіл де, рәміздері де қалыптасады. Осы тұста туымыз көк түске боялып, қалықтаған қыран бейнесі бейбітшілікті, ашық аспанды білдірді. Ортасындағы алтын арайлы күн барша ғаламға өз махаббатын сыйлап, күлімдеп тұрған сыңай танытады. Еліміз барша әлемге бейбітшіліктің ұранын жар салып, келісімнің кілті бола алды. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа ұйымдарға кіріп, бейбітшіліктің кіндігі екендігін таныта алды.
Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер еңбектенуде. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы.
Адамзат баласының татулыққа ұмтылуы әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған. Осында тұрушылардың барлығы қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы. Мен туған және өскен жері біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп ойлаймын.
2. «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында шағын мақала жазыңыз.
3. Көпұлтты Қазақстанның бірлігі мен татулығын насихаттайтын жарнама жазыңыз.
Бағалау критерийлері:
1. Тақырыпты аша алады
2. Көркемдегіш құралдарды пайдалана алады
3. Сөз саны: 60-80 сөз.....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 37 |


Загрузка...
Читайте также

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Менің Отаным – Қазақстан 7 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Менің Отаным – Қазақстан, сабақ жоспары Менің Отаным – Қазақстан 7 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Менің Отаным – Қазақстан, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің Отаным – Қазақстан (7 сынып, III тоқсан )