Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар (7 сынып, III тоқсан )

 Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар (7 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім: Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар
Сабақтың тақырыбы: Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) Т/А3. Мәтіннен ақпаратты анықтау
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу.
ӘТН2.Орфоэпиялық норма
Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану
Сабақтың мақсаты:
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді;
Ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата біледі.
Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолданады.
Сабақ барысы: Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, дәптерлеріне бүгінгі күнді жазғызу.
Қызығушылықты ояту.Топқа бөліну.
Оқушыларға қиынды суреттер беріледі, сол суреттерді сәйкестендіріп құрастыру керек. Құрастырылған сурет бойынша топ болып бөлінеді.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты хабарланады.
Күтілетін нәтижелер белгіленеді.
Мағынаны тану кезеңі. Ой шақыру.
Тыңдалым алды тапсырма. Жеке жұмыс. Кім көп біледі?
Жеміс – жидекке байланысты жұмбақтар.
1. Үлкендігі алмадай,
Сырты жанған қызыл от,
Ішін жарып қарасаң-
Майда , майда қызыл шоқ . «Анар»
2. Бір шар бар кіріп шығар есігі жоқ,
Су ішер, нан жемейді, тамағы тоқ.
Ішінде көп балапан етер мекен,
Ас қылып сойып жесең балдай екен. «Қарбыз»
Жеміс – жидекке байланысты мақал-мәтелдер,
1. Арпа, бидай — Ас екен,
Алтын, күміс — Тас екен.
2. Жемісті ағаштың басы төмен.
Талқылау.
Тыңдалым тапсырмасы. Топтық жұмыс. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар жайында бейнебаян көрсетіледі.
 Тыңдалым материалын тыңдады, тыңдалым бойынша ұсынылған тұжырымдардың факті немесе көзқарас екенін ажыратады. Ойын дәлелмен жеткізеді.
 Бейнебаян бойынша негізгі ақпаратты өмірмен байланыстыру.
Тұжырымдар Факт Көзқарас
Талқылау. Әр топ жұмыстарын қорғайды.
Кері байланыс.
Топтық бағалау.
Жаһандық байланыс.
Гені түрленген өсімдіктердің егіс алқабы көбейіп кетті. 1996 жылы әлемде трансгенді өсімдіктердің егіс алқабының көлемі — 1,7 млн. гектар болса, 2002 жылы бұл көрсеткіш 52,6 млн. гектарға жетті (оның ішінде 35,7 млн. гектары — АҚШ-тың үлесінде), ал 2006 жылы 102 млн. гектарға гені түрлендірілген дақылдар егілген.
Деректерге сүйенсек, 2006 жылы әлемнің 22 елінде гені өзгеріске ұшыраған өсімдіктер өсіріліпті. Гендік өзгеріске ұшыраған дақылдар, әсіресе, АҚШ, Аргентина мен Канадада көп. Жалпы, бұл елдерден бөлек, Румыния, Болгария, Испания, Бразилия, Уругвай, Үндістан, Индонезия, Испания, Мексика, Германия, Австралия, Филиппин, Оңтүстік Африка, Колумбия, Жапония, Қытайда гені түрлендірілген дақылдар өсіріледі.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Топтық тапсырма. Пікірталас ойыны.
1 және 3 жақтаушы топтарға: «Бұл топ ГМО-ның әсеріне ұшыраған тағамдар зиянды деп есептейді» тақырыбында кейс дайындайды.
2 және 4 даттаушы топтарға: «Бұл топ ГМО-ның әсеріне ұшыраған тағамдар зиянды деп есептемейді» тақырыбында кейс дайындайды.
Пікірталас барысында интонация, кідірісті түсініп қолданады.
1 топ 2 топқа қарсы ойнайды.
3 топ 4 топқа қарсы ойнайды.
Қалыптастырушы бағалау.
Кейс жазу ережесі
1.Резолюция-Қарар (Пікірталастың тақырыбы) «Бұл топ ГМО-ның әсеріне ұшыраған тағамдар зиянды деп есептейді»
2.Дефиниция-Кілт сөздер (Кейсте қолданылатын сөздерге анықтамалар беріледі) ГМО-ның әсеріне ұшыраған тағамдар дегеніміз –
3.Status quo-Қалыптасқан жағдай (қалыптасқан жағдайға статистикалық мәліметтер (бейнебаян немесе қосымша ғаламтор мен газет-журналдардан айту (Әр топқа мұғалім ноутбук немесе тақырып бойынша алдын ала газет-журналдармен қамтасасыз етілсе)
4.Философия (Тақырыпқа байланысты мақал-мәтел)
5.Аргументтер (бірнеше аргумент, яғни факт неліктен зиянды/зиянсыз екенін түсіндіру)
6.Қорытынды.
Талқылау.
1 топ 2 топқа қарсы ойнайды.
3 топ 4 топқа қарсы ойнайды. (бір уақытта ойнатылады
Кері байланыс.
Топтық бағалау.
АА+ Айтылымда көркемдегіш құралдар пайдаланады.
Тапсырма. Жеке жұмыс.
Сабақтың соңында оқушылар ПОПС формуласы арқылы ой түйін жасайды.
• Пікір (Менің ойымша...)
• Дәлел(Себебі,...)
• Мысал (Мысалы,...)
• Қорытынды (Қорыта айтқанда,...)
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор
Оқушы
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді;
Ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата біледі.
Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолданады.
Тыңдалым бойынша ұсынылған тұжырым, факті және көзқарасты анықтайды;
Бейнебаян бойынша негізгі ақпаратты өмірмен байланыстырады;
Айтылым тапсырмасы бойынша ойын еркін жеткізеді;
Тақырып бойынша кейс жазады;
Аргументтер келтіреді;
Пікіріне дәлел келтіреді;
3 ПОПС формуласы арқылы ой түйін жасайды.
Сонымен сұрақтарға жауап беріп көрейік.
1. ГМО дегеніміз не?
2. Тіршілікке пайдасы қандай?
3. Қандай зиянды жағы бар?
4. Гендік өзгеріске ұшыраған өнімдер қажет пе?
Бағалау критерийлері:
 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді;
 Ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата біледі.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 368



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі