» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Түркі мәдениетінің әлем өркениетіне қосқан үлесі қандай? (7 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Түркі мәдениетінің әлем өркениетіне қосқан үлесі қандай? (7 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Түркі мәдениетінің әлем өркениетіне қосқан үлесі қандай? (7 сынып, I тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Түркі мәдениетінің әлем өркениетіне қосқан үлесі қандай? (7 сынып, I тоқсан ) на казахском языке
Пәні: Қазақ тілі
Бөлім: Көшпенділер мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: Түркі мәдениетінің әлем өркениетіне қосқан үлесі қандай?
Оқу бағдарламасына сілтеме: 7О2. Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану
7Ж1 Жоспар құру
Оқу мақсаттары: 7.О2. Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.
7Ж1 Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру.
Сабақтың мақсаттары Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тануиды.
Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құрады.
Сабақ барысы: Сәлемдесу
Қызығушылықты ояту/Топқа бөлу
Сынып оқушыларын топтастырып отырғызу мақсатында әрбіріне киелі тұмар ұсыну арқылы, сол тұмар ішіндегі жазбаның мән-мағынасына, мәліметімен белгілеріне қарап, бөлу. Мұнда 5 тұлға немесе 5 еңбекке қатысты деректер мен ақпараттар жазылады. (Әбунасыр Әл-Фараби, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Қ.А.Йассауи, «Кодекс-Куманикус»)
Сабақ тақырыбымен таныстыру.
Сабақ мақсаттарын оқушылардың өзіне айтқызу арқылы айқындау.
Дескрипторлармен таныстыру
1-тапсырма. Оқылым /Айтылым. Топтарға аралас стильде жазылған мәтіндер таратылып беріледі. Осы мәтіндерді олар белгілі бір фигура ретінде құрастырып, мәтіннің стилін қолданылған тілдік құралдар арқылы дәлелдеп ажыратады. Мәтіннің мазмұнын айтып береді.
«Құрастырмалы пазлдар» ТЖ
Дескриптор:
-мәтіннің стилін қолданылған тілдік құрал арқылы ажырата алады;
-мәтін мазмұнын бүгінгі күн тұрғысындағы көзқараспен сипаттап айтып бере алады.
2-тапсырма. Жазылым. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
1-нұсқа
Оқушылар сурет бойынша эссе жазу үшін күрделі жоспар құрады.
Дескриптор:
- оқушылар сурет мазмұнын түсінеді.
- эссе құрылымын біледі.
- күрделі жоспар құрады.
2-нұсқа
Оқушылар сурет бойынша әңгіме жазу үшін күрделі жоспар құрады.
Дескриптор:
- оқушылар сурет мазмұнын түсінеді.
- әңгіме құрылымын біледі.
- күрделі жоспар құрады......



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 37 |


Загрузка...