» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауа райы болжамы (7 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауа райы болжамы (7 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауа райы болжамы (7 сынып, I тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауа райы болжамы (7 сынып, I тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Ауа райы және климаттық өзгерістер.
Сабақтың тақырыбы: Ауа райы болжамы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7. О1 Ақпаратты түсіну
Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау.
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты түсіне алады. Берілген ақпаратты қолдана отырып мәтін құрастырады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту
«Допты ал, жауап бер»
Мұғалім ауа райы тақырыбына қатысты сөздердің біреуін айтып, кез келген оқушыға кішкене допты лақтырады. Допты қағып алған оқушы мұғалім айтқан сөздің мағынасын түсіндіріп, басқа бір сөзді айтады да, допты айналысындағы біреуіне лақтырады.
Мағынаны тану сатысы
Оқылымалды тапсырма
«Белсенді тапсырма»
Оқушылар өз қалаулары не мұғалім таңдауы бойынша тақта алдына шығып, табиғаттағы ауа райының түрлі құбылыстарын қимыл-қозғалысымен, дыбыстармен салады. Оны оқушылар сипаттап табуы керек. Келесі бір оқушы оның әрекетіне комментарий айтып, оны тағы басқаша қалай жеткізуге болатынын бейнелеп көрсетеді. Осылай бірнеше оқушы жасап жалғастырады. Соңында сәтті шыққан әрекеттерді іріктеп алады. Бұл тапсырма алдағы оқу мақсатына жетелей түседі.
Жаңа сөздермен жұмыс
Қарлы жаңбыр – ерте көктемдегі және күздегі қар аралас жауын.
Нөсер – төгіп-төгіп жауып, тез аяқталатын будақ жаңбыр.
Соқыр жауын – күн көзі шығып тұрғанда жауатын ұсақ тамшылы өткінші.
Сіркіреме – өте ұсақ тамшы түрінде түсетін майда жауын.
Сел – қар мен мұздың еруінен нөмесе қатты нөсер салдарынан болатын су тасқыны.
Бұлт – судың жылу әсерінен аспанға көтеріліп, буға айналған түрі. Атмосферадағы өте ұсақ су тамшылары мен мұз түйіршіктерінің жиынтығы.
Ақша бұлт – ашық күнде аспанда қалқып жүретін түйдек-түйдек ақ бұлт.
Қара бұлт – түнерген қараңғы бұлт.
Көшпелі бұлт – көкжиектен саумалай көтеріліп, тез көшетін бұлт.
Сұр бұлт – аспанды жаппай торлап, төрт-бес шақырым биіктікте жүретін тұнжыр бұлт.
Оқылым тапсырмасы
Оқылым. Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты түсіну, қолдана білу
Үш топқа үш түрлі мәтін таратылып беріледі
1-топқа: Казгидромет орталығының ауа райы болжамы туралы.
2-топқа: 2017 ж. қаңтар айында күтілетін орташа айлық ауа температурасының мөлшерден ауытқуы.
3-топқа: 2017 ж. қаңтар айында күтілетін жауын-шашынның мөлшерден ауытқуы.
Тапсырма
1.Берілген ақпартты түсініп оқып, өз сөздеріңізбен айтып беріңіздер.
2. Бұл мәтін екенін дәлелдеңіздер.
3. Мәтіннің тақырыбын, негізгі ойын анықтаңыздар.
4. Мәтіндегі тірек сөздерді теріп жазыңыз.
5. Тірек сөздерді қатыстырып, 3 жай сөйлем, 3 құрмалас сөйлем құрастырыңыздар.
Тапсырма барысы:
1. Оқушылар кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты жеке қарастырады.
2. Жұпта әңгімелеу (әр оқушы бір-біріне белгілі бір уақыт көлемінде берілген ақпарат туралы әңгімелейді.)
3. Топтық жұмыс. Әркім мәтін мазмұны бойынша өз пікірлерін ортаға салады. Берілген ақпаратты қолдана отырып мәтін құрастырады.
4. Әр топ өз пікірлерін, іріктеп алған ойларын, қажетті ақпараттарын сынып алдында қорғайды.
Қорғау жұмысының алдында топ жұмысын бағалау критерийі құрастырылады.
Әр топтан жоба жұмысын бастар алдында бір оқушы бағалаушы болып тағайындалады. Топ жұмысын қорғап болған соң, бірден бағалайды. Мәселен, 1-топ 2-топты, 2-топ 3-топты, ал 3-топ 1-топты бағалайды.
Бағалау парағы.
Тапсырма түрі І топ ІІ топ ІІІ топ Баға
1.Берілген ақпартты түсініп оқып, өз сөздерімен айтып береді.
2. Бұл мәтін екенін дәлелдейді.
3. Мәтіннің тақырыбын, негізгі ойын анықтай алады.
4. Мәтіндегі тірек сөздерді теріп жазады.
5. Тірек сөздерді қатыстырып, 3 жай сөйлем, 3 құрмалас сөйлем құрастыра алады.
Бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек».....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 263 |



Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Ауа райы болжамы 7 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Ауа райы болжамы, сабақ жоспары Ауа райы болжамы 7 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Ауа райы болжамы, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауа райы болжамы (7 сынып, I тоқсан )