» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сандық технологияны меңгерту курстары (6 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сандық технологияны меңгерту курстары (6 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сандық технологияны меңгерту курстары  (6 сынып, IV тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сандық технологияны меңгерту курстары  (6 сынып, IV тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері
Сабақтың тақырыбы: Сандық технологияны меңгерту курстары
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.2.6.1.оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
Мәтін мазмұнын түсініп оқиды
Мәтінге сай тұжырымдарды анықтайды
Комментарий жасайды
Тірек сөздерді қолданып, ұсыныс жазады.
Сабақ барысы: Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары, бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды.
Оқылым алдындағы тапсырма.
«Факт немесе пікір»
Оқушыларға қима қағаздар ұсынылады. Қима қағаздарда тақырыпқа байланысты факт немесе пікір ұсынылған. Оқушылар факті мен пікірді ажыратады да, тұжырымды факт деп санайтындар оң жаққа тұрады, пікір деп санайтындар тұрады сол жаққа тұрады. Әркім өз тұжырымын оқып, неге факт немес пікір екенін дәлелдейді;
Кейін факт деп санайтындар, бұл фактіге сене ме, жоқ па сол туралы пікір білдіреді;
Пікір деп тапқандар осы пікірге көзқарастарын білдіреді, келісемін, себебі...., келіспеймін себебі...
Қазақстан халқының сандық сауаттылық деңгейі 74 % құрайды
Қазақстан бойынша халықтың сандық сауаттылығын көтеру мақсатында оқыту курстары жүргізіліп жатыр
Жұмыссыз және әлеуметтік аз қамтылған отбасы мүшелерімен зейнеткерлерге арналған арнайы сандық сауаттылықты арттыру курстары өткізіліп тұрады
50 жастан асқан адамдардың сандық сауаттылығы төмен
Сандық сауаттылық курсына қатысушыларға компьютерді үйретуді қосып, сөндіруден бастау керек
Заман талабына сай халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту пайдалы
«Цифрлы Қазақстан» бағарламасы туралы Елбасы өз жолдауында атап айтты
Ересектерге сандық технологияларды меңгерту бойынша оқыту курстарының қажеті жоқ
Оқылым тапсырмасы.
Оқушыларға ғаламтордан алынған мақала ұсынылады. Оқушылар мәтінді жеке оқиды. Мәтін мазмұнына сай келетін тұжырымдарды тауып белгілейді (мәтін мазмұнына сай келмейтін тұжырымдар – 3,5,8)
Мәтіндегі ойға қатысты қолдау/қарсы болудың екі себебін атап пікір білдіреді
Жұптар бағалау критерийлеріне сай бірін-бірі бағалайды
Мәтін мазмұнына сай келетін ақпараттарды тауып белгілеңіз.
1. Сандық сауаттылықты арттыру бойынша курстар ұйымдастырылып тұрады;
2. Оқыту курстары мектеп қабырғасында өтті;
3. Сандық алшақтықты жою мақсатында әлемде осындай курстар жүргізіліп тұрады
4. Оқыту курстарына зейнеткерлер де барды;
5. Оқыту курстары онша қымбат емес
6. Айрекс командасының өткізуімен өткен тренинг оқушылардың мамандық таңдауына ықпал етті;
7. Курсқа қатысушылар курс туралы жағымды пікірлер білдіруде;
8. Курстан табысты өткендерді жұмыспен қамту қарастырылған;
9. Компьютерлік сауаттылықты арттыру курстары Жылой және Атырауда өтті
10. Осындай курстар еліміздегі сандық алшақтықты 30% азайтты
Тапсырма. Оқылым мәтінінде көтерілген мәселеге қатысты пікір білдіріңіз.
Бұл сандық алшақтықты жоюда пайдалы, себебі...
Сандық теңсіздікті жоюда пайдасыз, себебі...
Дескриптор.
 Мәтін мазмұнына сай келетін тұжырымдарды тауып белгілейді;
 Мәтіндегі ойға қатысты қолдау/қарсы болудың екі себебін атайды;
 Ойын дәлелді жеткізеді.
Оқылымнан кейінгі тапсырма
Оқушылар жұпта жұмыс жасайды. Жұптар өздері жазған идеяларды, оқылым мәтінін негізге алып, қала әкімшіліге сандық алшақтықты азайту мақсатында ұсыныс хат жазады. Жазылымда тірек сөздерді орынды байланыстыра білуі керек.
o Заман ағымынан қалысқысы келмейтін
o Сандық сауаттылық
o Ақпараттық технологиялар ғасыры
o Көштен қалмау
Дескриптор
• Құрылымын сақтайды;
• Жанрлық ерекшеліне сай;
• Ұсынылған сөздерді мәтінде орынды қолданады;.....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 54 |



Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Сандық технологияны меңгерту курстары 6 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Сандық технологияны меңгерту курстары, сабақ жоспары Сандық технологияны меңгерту курстары 6 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Сандық технологияны меңгерту курстары, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сандық технологияны меңгерту курстары (6 сынып, IV тоқсан )