Жас өнертапқыштар (6 сынып, IV тоқсан )

 Жас өнертапқыштар (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері
Сабақтың тақырыбы: Жас өнертапқыштар
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.2.6.1.оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
Мәтіннен ақпаратты іріктеп, комментарий жасап оқиды.
Сабақ барысы: Мұғалім ғылым туралы қанатты сөздерді сынып бөлмесіне іліп қояды, оқушылар оқып, танысады, қанатты сөздің мәтін ашып, түсіндіреді.
Ғылымды танып – білуде ережеден мысал пайдалырақ.
Исаак Ньютон
Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткіз сезім қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып, өзгеден үстем дүние жүзінің қожасы болып отыр.
Жүсіпбек Аймауытов
Ғылым мен көркем әдебиетте ортақ қасиеттер көп: бақылау, салыстыру, зерттеу екеуіне де тән.
М.Горький
Ғылымның рөлі қызмет ету, ол - игілікке жету құралы.
Дмитрий Иванович Менделеев
Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарымен таныстырады.
Оқылым алдындағы тапсырма.
«ЕГЕР ҒАЛЫМ БОЛСАМ...».
Оқушылар шеңбер құрап тұрады да егер ғалым болса қандай ғылыми жаңалық ашатыны туралы қиялдайды және қиялымен бөліседі.
Оқылым тапсырмасы.
Мұғалім оқушыларға оқылым мәтінін ұсынады. Оқушылар мәтінді жеке оқып шығады.
Мәтін.
Қазақтың қаршадай баласы ғылымға жаңалық енгізді. Астана қаласындағы №3 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Дінмұхаммед Серік бетонның жаңа түрін ойлап тапты. Жаңа бетон бұрынғы бетондарға қарағанда әлдеқайда сапалы әрі ыңғайлы. Өрімдей баланың өнертабысына Финляндияның «Construction design plant» (CDP) консорциумы ерекше қызығушылық танытып отыр екен. Отандық «Қазақмыс» компаниясы да Димашқа қолдау көрсетуге уәде беріпті.
Мұндай жаңалықты естігенде қалай үнсіз отырмақпыз деп, Димашты іздеп Астанаға хабарластық. Қайдан екенімізді айтқанда, Димаш «білем ғой «Ұланды» деп қуанып қалды. Қазақтың даңқын шығарып, адамзатқа пайдалы жаңалықтар ашуды армандайтын тапқыр баламен әңгімеміз бірден жараса кетті.
Ұлан: Димаш, жақында сенің құрылыс технологиясында жаңалық ашып, бетонның жаңа түрін ойлап тапқаныңды естідік. Бұл бетонның бұрынғы бетондардан айырмашылығы неде? Пайдасы қандай?
Дінмұхаммед: Ең алдымен, коррозияға төтеп берер қабілеті жоғары. Сондай-ақ, бұл бетон түрі суды, ылғалды өткізбейді. Тағы бір ерекшелігі, бұл бетонды дайындау жолы оңай әрі экономикалық шығындары аз. Кез келген пішінге келе кететін қасиеті тағы бар.
Ұлан: Неге бетон түрін ойлап тапқың келді?
Дінмұхаммед: Өйткені, елімізде бетонның сапалы түрі жоқ десек те болады. Ал бізге керегі – су өткізбейтін, коррозияға төзімді түрі. Міне, осы ойлар мені нанобетонды ойлап табуға жетеледі. Сондай қасиеттері бар бетонды қалай шығаруға болатынын ойластыра бастадым. Сейсмикалық қауіпті аймақтарда осы бетон түрін қолдануға болады. Өзім оқитын мектепте және Астана қалалық Оқушылар сарайында түрлі сынақ-тәжірибелерін өткіздім. Ғылыми жетекшім – физика пәнінің мұғалімі Дәрия Баекина.
Ұлан: Байқауымызша, сенің бетоның аз уақыттың ішінде-ақ ірі компаниялардың сұранысына ие болып үлгерген тәрізді?
Дінмұхаммед: Иә, дәл қазір «Қазмұнайгаз» компаниясымен байланыс орнатып, бұл бетонның қасиеттерін іс жүзінде дәлелдемекпіз. Бұл күндері түрлі сынақтар жасап көріп, жобамызды пысықтаудамыз. Сонымен қатар, «Қазақмыс» компаниясымен келіссөздер жүргізудеміз.
Ұлан: Отбасыңда сенен басқа ғылымға ден қойған жан бар ма?
Дінмұхаммед: Ағам бар. Есімі – Әкімбек. Астана қаласының №3 орта мектебінің 10-сынып оқушысы. Ол да түрлі ғылыми зерттеулермен айналысып жүр. «Нанотехнология қорғаныста, эпиламирлеу бүгіні және ертеңі» атты тақырыпта зерттеу жүргізді. Біз үйде үш ағайындымыз. Кіші ініміз Бекболат – 3-сыныптың оқушысы. Оның да болашақта ғылымға ден қойғысы келеді. Екі көкесіне қарап қызығып жүрсе керек. Әкем Ержан – экономист әрі заңгер. Ал анам Нұргүл – жеке кәсіпкер, көбіне үй шаруасында.
1-тапсырма.
1. Мәтіннен ғылымға қатысты сөздерді іріктеп, жазып алыңыз.
Мысалы: зерттеу, ғылыми жетекші т.б
2-тапсырма. Ғаламтор бетінен осы сұхбатты оқыдың. Енді астына пікір қалдыр және смайликтің бірін таңдап, пікіріңнің жанына қалдыр.
Дескриптор:
• Мәтінді түсінеді
• Ғылымға қатысты сөздер мен тіркестерді іріктеп оқиды
• Сұхбатқа пікір білдіреді
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
«Галереяны шарлау» әдісі арқылы оқушылар бір-бірінің жазған комментарийлерін оқиды, бірін-бірі бағалайды. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 043



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!