Кездейсоқ ашылған ғылыми жаңалықтар (6 сынып, IV тоқсан )

 Кездейсоқ ашылған ғылыми жаңалықтар (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері
Сабақтың тақырыбы: Кездейсоқ ашылған ғылыми жаңалықтар
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.2.5.1. мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
Оқушылар мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды;
Мәтін бойынша нақтылау сұрақтарын құрайды.
Сабақ барысы: «Жаңа ашылулар» көрмесіне саяхат.
Мұғалім мектеп бөлмесіне бірнеше суреттерді іледі. Суреттерде тұрмыста пайдалануға болатын ерекше құрылғылар берілген.
Оқушыларға осы көрмеде тұрмыста пайдалануға болатын қызықты ашылулармен танысып, өзіне ұнағандарын, пайдалысын таңдап алуды өтініңіз.
Оқушылар суреттегі заттардың қайсын алғысы келетінін сипаттайды. Не себепті екенін түсіндіреді.
Оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды, мұғалім оқу мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстырады.
Оқылым алдындағы тапсырма.
Мұғалім оқылым тапсырмасының алдында негізгі және қосымша ақпарат туралы білімдерін еске түсіреді.
• Негізгі ақпарат – мәтіндегі басты ақпарат, негізгі ой. Бұл ақпаратсыз мәтіндегі ой түсініксіз болады. Негізгі ақпарат көбіне бірінші немесе екінші сөйлемде беріледі.
• Қосымша ақпарат – негізгі ойды толықтырып, дәлелдейтін ақпарат. Көбінесе мәтінде мысалы, сондықтан деген сөздер арқылы беріледі.
Оқылым тапсырмасы.
Мәтінді оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
3 кездейсоқ ашылған ғылыми жаналық
1. Пенициллин
Шотландия ғалымы Александр Флеминнің зертханасы өте нашар хәлде болатын. 1928 жылы Александр демалыс іс сапарыннан оралған кезде зертханасына қалдырып кеткен тамақ қалдықтарының бетінен көгерген, құрамында бактериясы бар затты байқайды. Сөйтіп, ол нанның ұзақ тұрып қалуына байланысты оның бетінде көгілдір заттардың пайда болатынын түсінеді. Флеминг көгерген жерлердің айналасынан бактериясы жоқ аймақтарды байқайды. Ойлана келе зеңнің бактерияларды жоя алатын қасиеті барын ұғады. Кейін оларды молекулаларға бөліп «пенициллинді» жасап шықты. Пенициллинді медицинада ағзадағы микробтарды жоюға қолданады.
2. Стикер
Стикердің тарихы 1968 жылы "3М" компаниясының зертханасынан бастау алады. Ғылыми доктор атағы бар Спенс Силвер жабысқақ лентаның жабыстыру қасиетін жақсартқысы келді. Жүргізген ғылыми тәжірибе нәтижесінде желімнің сан қилы қасиеттерін ашты. Силвердің жаңадан жасап шығарған желімі кішкентай шариктерге оралған күйінде (диаметрі ағаш талшықтарындай) шығатын болды. Алайда ол шығарған затын қандай мақсатта пайдалану керек екенін білмеді. Сөйтіп, ойлана келе Силвер шығарған өнімін тақталарға жабыстырып, стикеріне жан бітірді. 1973 жылдан бастап Джефф Николсон деген азамат тақталарында осы стикерді қолдану арқылы елді қызықтыра бастады. Қазіргі кезде стикерді қеңсе тауарлары ретінде кеңінен пайдаланады.
3. Қысқа толқынды жылыту пеші (Микроволновая печь)
Американдық инженер Перси Спенсер, 1946 жылы "Raytheon" деп аталатын радар шығаратын компанияда жұмыс істеп жүрген. Ол уақытта Спенсердің негізгі тапсырмасы мегнатрон деп аталатын электронды толқындарға тәжірибелер жүргізу болатын. Спенсер электронды толқындарға байланысты тәжірибе жасап жатқан кезде электронды толқындардың жылу бөлуінен қалтасындағы шоколады еріп кетеді. Осы жағдайдан соң қысқа толқынды пешті ойлап табу идеясы пайда болады. Қазіргі кезде АҚШ халқының 90 пайызы қысқа толқынды пешті тамақтарын пісіру мен жылытуға пайдаланады.
Тапсырма.
Оқушылар мәтіннен негізгі, қосымша ақпараттарды анықтайды.
Негізгі ақпаратты бір сызықпен, қосымша
ақпаратты екі сызықпен сызып шығады.
Бұл құрылғылардың пайдады және пайдасыз жақтары туралы, жақсарту бойынша ұсыныстарын жазады.
Пайдалы жақтары Пайдасыз жақтары Ұсыныста
Тапсырма.
Оқушылар оқылым мәтіні бойынша екі жуан сұрақ құрайды.
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
Жұптар бір-бірінің жұмысымен ауысып, комментарийлерді оқиды. Бағалауларын оқып, «Жаршы әдісі» арқылы бір қызықты ашылуды таныстырады.
«Жаршы» әдісі.
Оқушының жаршының рөліне еніп, бүкіл сыныпқа қатты жариялап айқайлап:
«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,
Естімедім демеңіздер» деп айтады. Қолындағы қағазын бүктеп алып, кәдімгі ханның жарлығын оқығандай етіп, рөлге енуі керек.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 993



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!