Ғылым мен технология жетістіктері (6 сынып, IV тоқсан )

 Ғылым мен технология жетістіктері (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім атауы: Ғылым мен технология жетістіктері
Сабақтың тақырыбы: Ғылым мен технология жетістіктері
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру;
Сабақтың мақсаттары: Мәтінде көтерілген мәселені анықтау;
Сұрақ құрастыру.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту
«Күніне бес минут интернет қарау– басқа мәселе. Ал Германияда бір адам орташа есеппен тәулігіне 7 жарым сағат интернетте отырады. Интернетке кірген сайын біздің миымыз өзгере береді, сөйтіп ол ақыр соңында денсаулығымызды нашарлатып жібереді» дейді неміс ғалымдары.
Осы пікірмен келісесіз бе?
Көзқарасыңызды білдіріңіз.
Оқушыларға сабақтың тақырыбы, сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін мұғалім таныстырады, бірге талқылайды.
Мағынаны тану
Мұғалім оқушыларға талқылау сұрақтарын қояды.Оқушылар жұпта талқылап, жауап береді.
І. Оқылымалды тапсырма Ж
Берілген сұраққа жауап беріңіз.
 Компьютердің қандай пайдасы бар?
 Компьютердің зиянын білесіздер ме?
ІІ Оқылым тапсырмасы
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз.
Үш сұрақ құрастырыңыз. /Жұптар бір-бірінің қойған сұрақтарына жауап береді./
Оңтүстік Кореяда қанша адамның «компьютерлік ессіздік» дертіне шалдыққаны белгісіз. Бірақ неврологтар арасында компьютерлік өнімдердің денсаулыққа залалы туралы қызу пікірталас өршіп тұр.
Германиядағы Ульм университеті психиатрия кафедрасының меңгерушісі Манфред Шпитцер «компьютерді шамадан тыс пайдалану бала миының жетілуіне кері әсерін тигізеді» деген пікірді қолдайды.
«Күніне бес минут интернет қарау– басқа мәселе. Ал Германияда бір адам орташа есеппен тәулігіне 7 жарым сағат интернетте отырады. Интернетке кірген сайын біздің миымыз өзгере береді, сөйтіп ол ақыр соңында денсаулығымызды нашарлатып жібереді» дейді неміс ғалымы.
Өткен жылы «Цифрлық ессіздік» («Digital Dementia») атты зерттеу кітабын шығарған Шпитцердің айтуынша, балалар мен жасөспірімдердің миы ерекше жұмсақ, нәзік болып келеді. Нейрон жолдары адамның сәби кезінде қалыптасады да, есейгенде сол қалпында қалып қояды.
Сондықтан, баланың миы шынайы қоғамдық ортамен қарым-қатынас жасау арқылы өмірге бейімделуі керек. «Бала табиғи физикалық кедергілерден өтіп, кәдімгі өмірдегі түрлі мәселелерді шешіп дағдылануы керек» дейді Шпитцер. Оның айтуынша, виртуалды әлем бала миының толық дамуына мүмкіндік бере алмайды.
ІІІ. Оқылымнан кейінгі тапсырма
Тапсырма
Жұпта мына кестені толтырыңыздар
1-оқушы
Мәтінде көтерілген мәселені жазыңыз 2-оқушы
Мәтіндегі негізгі ақпарат 3-оқушы
Қосымша ақпарат 4-оқушы
Сіздің көзқарасыңыз қандай?
1. Жұпта таныстырады
2. Дескриптор арқылы бір-бағалайды.
Тапсырма дескрипторы:
Үш сұрақ құрастырды және жауап берді
Мәтінде көтерілген мәселені жазады
Мәтіндегі негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
Өзіндік көзқарасын білдірді........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 793



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?