» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазнеттегі қазақ тілін дамыту мәселесі (6 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазнеттегі қазақ тілін дамыту мәселесі (6 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазнеттегі қазақ тілін дамыту мәселесі (6 сынып, IV тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазнеттегі қазақ тілін дамыту мәселесі (6 сынып, IV тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері
Сабақтың тақырыбы: Қазнеттегі қазақ тілін дамыту мәселесі
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыра алады.
Сабақ барысы: «Интернетсіз бір күнім».
Мұғалім оқушыларға интернетсіз күнді қалай өткізетіндері туралы ойлануды тапсырады. Оқушылар интернетсіз күндерін қалай өткізетіндерін әңгімелеп айтып береді.
Мұғалім сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін таныстырады. Оқушылармен бірге талқылайды.
Оқылым алдындағы тапсырма.
Мұғалім оқушыларға талқылау сұрақтарын қояды. Оқушылар жұпта талқылап, жауап береді.
• Интернетті қандай мақсатта қолданасың?
• Күніне неше сағат уақытыңды интернетте өткізесің?
• Интернеттен көбіне қай тілде ақпарат аласың?
• «қазақ тілді сайттар, қазақ тіліндегі мәліметтер интернетте өте аз» деген пікірге көзқарасыңыз қандай?
Оқылым тапсырмасы.
Мұғалім оқушыларға оқылым мәтінін ұсынады, оқушылар:
1) пікірлерді оқиды
2) әр жұп 1 пікірді түсіндіреді
3) көтерілген мәселеге қатысты өз пікірлерін жазады. (2-3 сөйлем)
Оқылым мәтіні
Қазнеттегі қазақ тілін дамыту мәселесі
Руслан Сырымұлы, блоггер: Қазнеттегі қазақ тілін дамыту мәселесі бірнеше жыл бойы талқыланып келеді, алайда әзірге мемлекет пен қоғам күшінің бірігуі жоқ. Осы мәселе қазақ тіліндегі қорларға жаңа сапалы деңгейге өтуге мүмкіндік бермей отыр. Интернет белсенділері техникалық аспектіге сенеді, журналистік өкілдер көп терминнің аудармасына күмәнмен қарайды. Қоғамдық ұйымдар Қазнетті талдауда үлкен жұмыс атқаруда, бірақ көбінесе ол елеусіз қалады.
Асхат Еркімбай, «Мінбер» қазақ журналистерін қолдау орталығының жетекшісі:«Ия, Қазнетте қазақ тіліндегі веб-қорларды белсенді дамытуға күресіп жатқан адамдар бар. Бірақ, меніңше ортақ жұмысты синхрондау үшін бейресми ұйым құру қажет. Сондай-ақ, қазақ тілінде қажетті және сапалы контентті жасаумен өз бетінше айналысып отырған адамдар үшін қаржылық және техникалық көмек қарастырылу тиіс.
Айдос Сырым, «Абай-ақпарат» ҚҚ вице-президенті (www.abai.kz): Жеке өзімнің пікірімше, Қазнет болашақта қазақ тілінде таратылады, әсіресе, латын графикасында көрініс табатын болады. Қазақ интернеті көтерілу үстінде, сапасы және саны жағынан тек өсе беретін болады.
Жарқын Түсіпбекұлы, АТ маманы:
Қазақ тілді ғаламтор – бұл орыс тіліндегі Казнетті ауыстыруға бағытталған әлеуметті ірі жоба. Соңғы екі жылда қазақ тіліндегі сайттар мен жаңа жобалар көптеу пайда болды. Қазақ интернетінің проблемалары тілдің дамуы мен жалпы мемлекеттік саясаттың үлкен проблемаларымен байланысты. Тағы бір мәселе- бүгінгі күнге дейін қазақ интернеті тіл мен мәдениет жанашырларының ісі болған.
Қай кезде қазақ интернеті қызығушылықтан бизнеске айналады? Меніңше бұл үш және бес жыл аралығындағы мерзім. Қазақ интернеті көп нәрседен кешікті.
Руслан Минулин, Қазақстан жастары МедиаОдағы жобасының үйлестірушісі: «Қазақ тіліндегі сайттардың мақсатты аудиториясы жоқ. Ауылдық балалардың Интернетке қолы жетпейді. Адамдардың көп уақыты Одноклассник (сыныптас), М-Агент, Skype және т.б. әлеуметтік желілерге жұмсалады. Сондықтан мәселені шешуді осылардан бастау керек.
Сұрақ құрау.
Оқушылар оқылым мәтініндегі пікір білдірушілерге бағыттап, нақтылау сұрақтарын қояды.
Нақтылау сұрақтарын құрауда төмендегі шаблондарды негізге алуға болады.
"Яғни, сіздің айтуыңыз бойынша …?", "Егер мен дұрыс ұқсам, онда …?", "Мен қателесуім мүмкін, бірақ, Сіздің ойыңызша…?" Демек....? Осындай пікірде болуыңызға не әсер етті...
Бaғaлaу критeрийі Дeскриптор
Оқушы: +
О5. Мәтіннeн нeгізгі жәнe қосымшa aқпaрaтты, көтeрілгeн мәсeлeні aнықтaуғa бaғыттaлғaн нaқтылaу сұрaқтaрын құрaстыру.
• мәтіннeн көтeрілгeн мәсeлeні aнықтaйды.
• көтeрілгeн мәсeлeні aнықтaуғa бaғыттaлғaн нaқтылaу сұрaқтaрын құрaстырады.
• көтeрілгeн мәсeлeні aнықтaуғa бaйлaнысты қойылғaн сұрaқты түсінeді.
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
Оқушылар көтерілген тақырып аясында сыни пікір жазады. (80-100 сөз)....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 33 |


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Қазнеттегі қазақ тілін дамыту мәселесі 6 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Қазнеттегі қазақ тілін дамыту мәселесі, сабақ жоспары Қазнеттегі қазақ тілін дамыту мәселесі 6 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Қазнеттегі қазақ тілін дамыту мәселесі, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазнеттегі қазақ тілін дамыту мәселесі (6 сынып, IV тоқсан )