Әлемдегі ең қызықты сәлемдесу рәсімдері (6 сынып, III тоқсан )

 Әлемдегі ең қызықты сәлемдесу рәсімдері (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология.
Сабақтың тақырыбы: Әлемдегі ең қызықты сәлемдесу рәсімдері
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.7.1 – энциклопедия, сөздік, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпараттарды алу, авторына сілтеме жасау.
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар энциклопедия, сөздік, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты тауып, сілтеме жасап үйренуі тиіс.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту.
Балаларды шеңберге тұрғызып, сиқырлы қамшыны көрсетіп, балаларға мынадай сөздер айтылады: «Балалар мына сиқырлы қамшы арқылы бір - бірімізге жылы тілектер айтайық»
Бақыт, шаттық тілеймін,
Ертемен барлық балаға.
Мен бәріңе денсаулық тілеймін! т. б. деп балалар тілектерін жалғастырады.
Мейірімді, қайырымды, қуаныш, татулық, достық, жақсылық, жақсы қарым - қатынас, жақсы көңіл - күй, жауапкершілік, сабырлы, ізгілікті, қамқоршы, сыйлы.
Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийін таныстыру
Мағынаны тан
Оқылымалды кезеңі.
Еліміздің амандасу рәсімі қандай?
Қай елдің амандасу рәсімін білесіздер?
Оқылым кезеңі.
(Оқушыларды топқа бөліп ұсынуға болады)
Әлемдегі ең қызықты сәлемдесу рәсімдері
Кейбір елдер әдеттегі қол алысумен қатар, үлкен сәлемдесу салтанатын өткізеді. Жаңа Зеландияға сапар шеккен жандар маори халқының "хонги" сәлемдесу рәсіміне куә болады. Бұл сәлемдесудің сан ғасырлық тарихы бар. Бір-бірін көрген жандар сәлемдескен кезде мұрындарын тигізіп амандасады. Мұрынмен үйкелесу арқылы олар "ха" рәсімін жүргізеді. "Ха" рәсімі – Тәңірге құлшылық ету.
Жаңа Зеландияға келген кез келген жан ұлысына және жынысына қарамастан, сәлемдескен кезде мұрнымен үйкелесу керек. Бұл заңға тіпті Уильям ханзаданың өзі бағынған.
Тибет. Көптеген елдерде тіл шығару әдепсіздік болып танылса, кейбір жерде тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл шығару тибет халқына жат емес, себебі олар бір-бірін көргенде, тілдерін шығарады. Бұл рәсім 9-ғасырда бастау алған. Сол замандағы Тибет елінің көсемі Ландарманың тілі қара болған деседі. Тибет халқы өзгелерге өздерінің жауыз емес екендерін көрсету мақсатында бір-бірін көрген кезде тілдерін шығара бастайды. Бұл дәстүр өз жалғасын әлі күнге дейін табуда.
Моңғолия. Бейтаныс жанды үйіне қонаққа шақырған кезде моңғолдар оған "хада" деп аталатын жібек не мақта-маталы жолақ береді. Әдетте оның түсі ақ. Кейде көк я жасыл түсті болады. Хада ұсынылған кезде келген қонақ оны екі қолмен алып, басты изеуі тиіс. Хада ұсыну мен алу рәсімі – үлкен құрметтің белгісі.
Жапон халқы сәлемдесу рәсіміне аса мән береді. Бір-бірін көрген кезде олар иіледі. Жастар өзара бастарын изеп амандасады. Ал татамиде тізерлеп отырып, жерге қарай иілу керек.
Кенияға сапар шеккен жандар масаи тайпасын кездестіреді. Масаи тайпасының халқы бір-бірін көргенде, билей бастайды. Би арқылы олар бір-бірімен амандасады. Сәлемдесу биі "адаму" деп аталады, яғни "секіру биі". Билеген кезде шеңбер жасап, ырғалып, секіре бастайды.
Гренландия сияқты арктикалық аймақтардағы эскимостар не инуиттердің "куник" деп аталатын сәлемдесу рәсімдері бар. Бұл дәстүр отбасы мүшелері мен ғашық жандар арасында кеңінен таралған. Жүздескен жандардың бірі мұрнының ұшы мен жоғарғы ернін екінші жанның қолына я бетіне тигізіп, терең дем алады.
Қытай халқының дәстүрлі сәлемдесуі "коутоу" деп аталады. Сәлемдескен кезде қолдарды бүгіп, иілу қажет. Әйел азаматтардың сәлемдесу рәсімі "ваньфу" деп аталады. Олар қолдарын біріктіріп, оны денесінің бойымен төмен қарай сырғытады. "Коутоу" дәстүрі аңызға айналған Хуан-ди патшаның билік еткен тұсында бастау алған еді. Сол заманда бұл дәстүр патшалармен амандасқан кезде және неке қию, үйлену сияқты салттарда қолданылған.
Тай елінің амандасу рәсімі "вай" деп аталады. Бір-бірлерін көрген жандар алақандарын біріктіріп, бастарына қояды. Содан кейін иіліп, "савадди" деп айтады. Ежелден келе жатқан "вай" сәлемдесу дәстүрі әлі күнге дейін күллі Таиланд елі бойынша өз мәртебесін жоғалтпаған.
Филиппин елінде сәлемдесу рәсімі жас ерекшеліктеріне байланысты әр қилы. Мысалы, жас жігіт үлкен кісіні көрген кезде ол басын изеп, оң қолымен үлкен кісінің оң қолын ұстайды. Кейін саусағының ұшын оның маңдайына тигізеді де, "мано по" деп айтады. "Мано" - қол, "по" - құрмет деген мағына береді.
Оқылым тапсырмасы.
Мәтінді оқыңыз. Ұсынылған тапсырмаларды орындаңыз.
Әр топ өз елінің дәстүрін көрсетуі керек.
2-тапсырма.
Оқушыларды үш үшке бөліп, «Үшбұрыш» стратегиясымен талқылау ұйымдастыру.
1. Сұрақ қояды
2. Жауап береді
3. Комментарий береді.
4. (Рөлдерін ауыстырады, барлық оқушы сұрақ қояды, сұраққа жауап береді, сұрақ қоюшы мен жауап берген оқушыларға комментарий береді.)
Оқылымнан кейінгі кезең.
4-тапсырма.
Мұғалімге нұсқаулық:
Әр топқа салт-дәстүрге байланысты мақалаларды мұғалім алдын ала дайындайды. Мәтіндерді топтарға таратады. Сол ақпаратты оқып, оқушылар мақала авторына сілтеме жасап үйренеді.
Дескриптор:
 Мәтінді түсінеді;
 Әр елдің амандасу рәсімін көрсете алады;
 Рөлдік ойынға қатысты;
Ақпаратты оқып, мақала авторына сілтеме жасай алады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 080



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі