Судың пайдалары (6 сынып, III тоқсан )

 Судың пайдалары (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология.
Сабақтың тақырыбы: Судың пайдалары
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.1.1.- мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру;
6.3.4.1. – эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу (келісу-келіспеу эссесі).
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар мәтіннен ақпаратты сұрыптай білуі тиіс. Ақпаратты тақырыптарға жіктегеннен кейін өз ойын білдіретін келісу не келіспеу эссесін жазуы тиіс.
Сабақ барысы: Ой қозғау үшін түрлі сұрақтар қойылады:
- Сендер күніне қанша мөлшерде су ішесіңдер?
- Адам күнінен қанша мөлшерде су ішуі тиіс деп ойлайсыңдар?
Оқушылар өз ойларын айтып, бөліскеннен кейін осы сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері түсінідіріледі.
Бүгінгі сабақтың оқу мақсаты:
6.2.1.1.- мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру;
6.3.4.1. – эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу (келісу-келіспеу эссесі).
Осы оқу мақсатын меңгеру үшін бағалау критерийлері:
- мәтіндегі ақпаратты сұрыптай алады;
- эссе жазу барысында қажетті сөз оралымдарын орынды қолдана алады;
- келісу не келіспеу себептеріне нақты аргумент келтіре алады.
Оқушылар оқылым мәтінін оқиды. Оқылым мәтіні:
Өмірде сусыз тіршілік жоқ. Судың адам ағзасына пайдасын білу – міндет. Адам денесінің 70 пайызы судан тұрады. Кез келген адам күніне 1,5-2 литр таза су ішуі керек
• Судың жетіспеушілігінен дененің кейбір функциялары баяулап, адам ауруға шалдыға бастайды.
• Су – негізгі энергия көзі.
• Су – мидың функциялары үшін күш және электрлік энергия көзі.
• Жасушаларды бір-бірлеріне байланыстыратын желім.
• ДНҚ-ның (генетикалық ақпараттың ұрпақтан- ұрпаққа берілуін, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының) зақымдануын алдын алады.
• Иммунитет жүйесінің негізін құрайтын жілік майының түрлі ауруларға қарсылығын күшейтеді.
• Су – азық, дәрумен және минералдардың негізгі еріткіші.
• Азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады.
• Азықтарға энергия беріп, құрамындағы элементтердің ағзаға сіңуі кезінде бұл энергияны денеге таратады.
• Сусыз желінген азықтың денеге тигізетін пайдасы өте аз болып табылады.
• Өкпедегі оттегін тасымалдайтын қызыл қан жасушаларының жұмыс өнімділігін арттырады.
• Жасушаларды оттегімен қамтамасыз етіп, қалдық газдарды өкпеге тасымалдайды.
• Улы қалдықтарды жинап, бауыр мен бүйрекке жеткізеді.
• Буын қуыстарын негізгі майлаушы зат болып табылады.
• Омыртқадағы дискілерді жұмсартқыш су көпшіктеріне айналдырады.
• Ішектердің жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етіп, іш қатудың алдын алады.
• Жүрек ауруы мен сал болу (паралич) ауруынан сақтайды.
• Тері жасушаларын ылғалдандырады және сауықтырады.
• Мидан бөлінетін гормондардың жасалуы үшін қажет.
• Су адам зейінін ашады.
• Жұмыс істеу өнімділігін арттырады.
• Ешқандай жанама әсері жоқ.
• Стресс пен депрессияны басады.
• Шаршағанды кетіреді.
• Теріні жұмсартады.
• Көздерге жанар береді.
• Инфекция мен рак ауруына қарсы им­мунитетті күшейтеді
• Қанды сұйылтып, қан айналымы кезінде қоюлануын
алдын алады.
• Қатты заттардың шөгуіне көмектеседі.
• Адам денесінде су қоймасы болмағандықтан, суды
жиі ішіп тұру керек.
• Салмақ тастаудың ең оңай жолы – су ішу. Үнемі су ішіп, диетасыз азуға болады. Қарын ашқанда көп тамақ жемеу керек. Бірақ шөлдегенде көп су ішкен дұрыс.
1. Судың пайдасын бірнеше тематикалық топтарға жіктеңдер.
2. Анықталған мәселелер төңірегінде тірек-схеманы әрі қарай жалғасытырыңдар. Әр анықталған мәселенің ішінде тағы да бірнеше шағын мәселелерді атап көрсетіңдер.
3. Су кез келген тірі ағза үшін аса қажетті нәрсе. Адам ағзасының 65-70 пайызы судан тұрады. Адам денсаулығы жақсы болуы үшін күніне екі литр су ішу керектігі туралы көп айтылады. Адам көп су ішу керек деген оймен келісесің бе, әлде келіспейсің бе? Өз жауабыңды 175-200 сөз көлемінде эссе жаз....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 315



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі