» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Үш жүздің басын қосқан хан (6 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Үш жүздің басын қосқан хан (6 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Үш жүздің басын қосқан хан (6 сынып, II тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Үш жүздің басын қосқан хан (6 сынып, II тоқсан ) на казахском языке
Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі : Тарихи тұлғалар
Сабақтың тақырыбы: Үш жүздің басын қосқан хан
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.7.1 Энциклопедия, сөздік, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпараттарды алу, авторына сілтеме жасау.
Сабақтың мақсаты: Лексикалық тақырып арқылы ақпарат көдеріне сілтеме жасауға үйрету.
Сабақ барысы: Ой шақыру
Мұғалім тақырыпқа байланысты бірнеше суреттерді тақтаға іледі де, «Абылай - қазақ даласындағы ең беделді хан» деген тұжырымды дәлелдеу үшін мына суреттердің қайсысын таңдар едіңіз? Не себепті осы суретті таңдағаныңызды дәлелдеңіз» деп оқушыларға тапсырма береді.
Мұғалім оқушыларға тақырыпты (Абылай хан – ерлік ғасырының билеушісі) және орындалатын тапсырманың түрін (сөз саны белгіленген кішігірім мақала немесе зерттеу жұмысы) ұсынады. Тапсырманың орындау уақытын белгілейді. Әрі қарай оқушылар жаднаманы басшылыққа ала отырып, өз әрекеттері мен уақыттарын өз беттерінше жоспарлайды.
Оқушыларға іздену үшін ұсынылатын дереккөздер:
- Қазақстан тарихы (Көне заманнан бүгінге дейін) 2-том.
- Қазақстан тарихы (энциклопедиялық басылым) «Абылай хан – тарихи тұлға».
- «Абылай хан» энциклопедиясы.
- Жамбыл Омари,«Бұқар жырау».
«Ақпарат көзін тексер» жаднамасы
1. Іздеуді жоспарлау.
Мен не білгім келеді? Қандай сұрақтар қойғаным дұрыс? Бұл (факт, құбылыс, оқиға) туралы не білемін? Қайдан, қандай ақпарат көздерінен іздемекпін?
2. Сыни ойлау.
Бұл ақпараттың дереккөзі қайсы? Авторы кім? Ақпарат қаншалықты өзекті? Уақыты көрсетілген бе? Автор не туралы баяндайды? Ол неге бұл мәліметтерді (сурет, сөздер, кейіпкерлер, т.б.) қолданған? Автордың мақсаты не? Мен бұл ақпараттарға сене аламын ба? Бұл ақпараттарды қолдануыма бола ма?
3. Өзіндік баға қалыптастыру (жазбаша немесе ауызша).
Мен не түсіндім немесе анықтадым? Бұл туралы қандай ойға келдім? Бұл туралы не айтқым келеді?
4. Жасалған жұмыстар бойынша сараптама.
Мен не жоспарладым? Сұрақтарыма жауап ала алдым ба? Қиын болды ма? Қандай дереккөздерді қолдандым? Осы жұмысты істей отырып мен не үйрендім?
5. Егер сіз осы жұмыстың нәтижесін әрі қарай қолданбақ болсаңыз, сілтеме жасауды естен шығармаңыз.
Хабарлама жасау үшін авторын, тақырыбын, егер бар болса шыққан жылын жазу керек.
Бөлісейік
Оқушылар мәтін бойынша орындаған тапсырманы топта оқып бөліседі. Мұғалім топтарды аралап бақылайды, жетілдіре түсу керек жауаптар мен үздік жауаптарды дәптеріне түртіп алып, оқушыларға кері байланыс беруде ескереді.
Дескрипторлар
дереккөздерден Абылай хан туралы ақпарат іздейді;
кем дегенде екі ақпарат іріктеп жазады;
ақпараттың дереккөзін көрсетеді;
авторын көрсетіп жазады.....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 22 |


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Үш жүздің басын қосқан хан 6 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Үш жүздің басын қосқан хан, сабақ жоспары Үш жүздің басын қосқан хан 6 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Үш жүздің басын қосқан хан, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Үш жүздің басын қосқан хан (6 сынып, II тоқсан )