» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астана алған асулар (2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астана алған асулар (2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары:  Астана алған асулар  (2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары:  Астана алған асулар  (2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан ) на казахском языке
Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Сабақтың тақырыбы: Астана алған асулар(2-нұсқа)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.4.1 эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу, келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі).
6.2.1.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтау, түсіндіру.
Сабақтың мақсаттары: Тақырыптан ауытқымай, абзацтарын құрастырып, көтерілген мәселеге өз көзқарасымен келісу, келіспеу эссе жазу. Мәтіннен негізі және қосымша ақпаратты анықтау.
Сабақ барысы: Қызығушылығын ояту
Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын арттыру үшін жаңа сөздермен жұмыс жүргізеді.
Мұғалім тақырыпқа байланысты бірнеше тірек сөзді тақтаға шашыраңқы етіп жазады.
Тірек сөздер: жетістік, табыс, марапат, мәртебе, халықаралық, бүкіләлемдік, құрмет, баға, сәулетші.
Оқушылардан келесі сұрақтарға жауап беруді сұрайды:
- Сабақ не туралы болады?
- Мына сөздерге тағы қандай сөздер қоса аласыз?
- Қай сөз таныс емес?
- Таныс емес сөздерге анықтамалар беріңіз.
Бұл тапсырма сабақтың тақырыбын дұрыс болжауға бағытталады.
Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.
Жазылым алды тапсырма
«Ойлан/жұптас/талқыла»
Мұғалім сынып оқушыларын бірнеше топқа қабілеттерін ескере отырып бөледі. «Ойлан/жұптас/талқыла» кезінде олар алдымен жеке (2 минут), жұппен (2 минут), топпен (1 минут) жұмыс істейді.
1. Эссеге қажетті ақпарат алу үшін «Астана алған асулар» мәтінін оқиды.
2. Көзқарасын негіздеуге қажетті ақпараттарды іріктейді.
3. Эссе, оның түрлері мен құрылымы туралы мәліметті жеке оқиды, жұппен талқылайды, топпен бөліседі.
Жазылым тапсырмасы
 Сыныпқа сұрақ: осы мәтінді оқығанда қандай әсерде болдың? Оқушылар сұраққа жауап беріп, көзқарастарын білдіреді.
 Неге? Мәтіннен дәлелдер келтіріп өз ойларын дәлелдейді.
 Оқушылар берілген уақытта «Астана құрмет пен марапатқа лайық» тақырыбына «келісу/келіспеу» эссесін жазады. Өз көзқарастарын мәтіндегі фактілермен негіздейді.
 Сөз саны 35-40 сөз.
Жазылымнан кейінгі тапсырма
Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін тексеру үшін «ШЫН», «ЖАЛҒАН» әдісін қолданылады.
1) Астана қаласы «Қалалар бейбітшілік үшін» медалімен марапатталды.
«ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?
2) «Сәулет-2001» халықаралық фестивалінде сәулетшілер академиясының үлкен Күміс дипломымен марапатталды.
«ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?
3) 2002 жылғы ең таңдаулы жоба және құрылыс ретінде «Бәйтерек» кешеніне гран-при берілмеді.
«ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?
4) Бішкек қаласында өткен сәулетшілер фестиваліне «Бәйтерек» монументі қатысқан жоқ.
«ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?
5) 2003 жылы Болгарияның София қаласында Астана Күміс медальмен марапатталды.
«ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?
Дескриптор:
- эссеге қажетті ақпаратты анықтайды;
- мәселеге байланысты көзқарасын негіздейді;
- эссе құрылымын сақтайды.
Мұғалімнің бағалауы және өзіндік бағалау
Мұғалім бағалау критерийлері бойынша не сәтті, не сәтсіз болғанына тоқталып, сындарлы кері байланыс береді. Мұғалімнің бағалауы оқушыларға көмектесу арқылы оқу жалғастыруға көмектеседі яғни оқу үдерісін бағалайды. Бағалаудың негізгі түйіні - оқушыларды оқуға бағыттау және оларға мүмкіндік беру......



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 43 |



Загрузка...
Читайте также
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Технология дамуы адамзатқа оң әсерін тигізеді (6 сынып, IV тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Технология дамуы адамзатқа оң әсерін тигізеді (6 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Робот адамдардың орнын алмастыра ала ма? (6 сынып, IV тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Робот адамдардың орнын алмастыра ала ма? (6 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жануарларды ғылыми мақсатта пайдалану (6 сынып, IV тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жануарларды ғылыми мақсатта пайдалану (6 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Судың пайдалары (6 сынып, III тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Судың пайдалары (6 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары:  Астана алған асулар  (1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астана алған асулар (1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Артемида ғибадатханасы (6 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Артемида ғибадатханасы (6 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Александрия шамшырағын қайта қалыпқа келтіру керек пе? (6 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Александрия шамшырағын қайта қалыпқа келтіру керек пе? (6 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары:  «Ұқсатым. Сән. Талғам» № 1 (7 сынып, II тоқсан, 3 бөлім )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Ұқсатым. Сән. Талғам» № 1 (7 сынып, II тоқсан, 3 бөлім )

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Астана алған асулар (2-нұсқа) 6 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Астана алған асулар (2-нұсқа), сабақ жоспары Астана алған асулар (2-нұсқа) 6 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Астана алған асулар (2-нұсқа), Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астана алған асулар (2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )