Астананың құрметті азаматтары (1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

  Астананың құрметті азаматтары (1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Сабақтың тақырыбы: Астананың құрметті азаматтары (1-нұсқа)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме, құттықтау құрастырып жазу
Сабақтың мақсаттары: Берілген мәтіндер негізінде тақырыпқа сай мінездеме құрастырып жазу.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту
«Атом-молекула» әдісі
Мұғалім оқушыларды жұпқа бөледі.
Жұпқа бөлу әдісі: Оқушылар сыныпта жайлы әуенмен қозғалып жүреді. Мұғалімнің сөздері: «Сіздер бос кеңістікте қалқып жүрген жалғыз атомсыңдар. Сендер басқа атомдармен ақырын соқтығысып ұшып жүрсіңдер. Алайда кейде сіздер бірігіп, молекулаға айналасыңдар. Бұны менің белгім бойынша жасайсыңдар. Молекуладағы атом санын өзім айтамын». Аз уақыттан кейін мұғалім музыканы тоқтатып, бір сан айтады, мысалы: «төрт». Оқушылар 4 адам болып бірігеді. Осылай бірнеше рет қайталап, «2» санында тоқталады. Оқушылар сол жұптармен жұмыс жасайды.
Жұптар анықталғаннан кейін мұғалім тақтаға бірнеше сөз жазады:
1. Аты-жөні
2. Туғаны жылы, күні
3. Мінезі
Жұмыс алгоритмі: оқушылар өз жұбын тақтада жазылған талап бойынша қысқаша (2-3 сөйлеммен) таныстыру үшін 2 минут дайындалады. Уақыт аяқталғаннан барлығы шеңберге тұрып өз жұптарын таныстырады.
Мұғалім оқушылардан бүгінгі сабақта меңгеретін оқу мақсаты мен жаңа орындаған жаттығумен байланыстырып, сабақты бастайды, сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.
Жазылым алды тапсырма
«Зерттеушілік конференциясы» әдісі
1-қадам. Оқушыларға тақырып беріледі.
Мұғалім сынып бөлмесінің қабырғаларына бірнеше мәтін іліп қояды. Бұл адамдардың Астананың құрметті азаматтары екенін айтады. Оқушылар мәтіндермен мұқият оқып танысады. 2-қадам. Топтардың тапсырмалары анықталады.
1. Ұсынылған мәселе бойынша мәліметтер жинақтау. Оқушылар сыныпты аралап, мәтіндердің мазмұнымен танысып шығады. Оқып шыққаннан кейін орындарына отырып, төмендегі сұрақтарды қамтып, А4 парағына «Мінездеме» сөзіне қатысты ақпараттарды топтастырады. Яғни, мәтіндердің негізінде мінездеме жазудың талаптарын тізіп шығады: барлық мәтіндерде кейіпкердің аты-жөні, оның туған жылы, жері, қызметі, отбасы туралы жазылатындығына назар аударады.
2. Мұғалім оқушыларды мінездемені жазу ерекшеліктерімен таныстырады:
Мінездеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
1) тақырыбы;
2) мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет;
3) негізгі мәтін;
4) қорытынды;
5) мінездемені талап етуші үйымның аты;
6) мінездеме берілген күн, ай, жыл;
7) мінездеме берушінің аты-жөні, фамилиясы, қолы;
8) қосымша (егер болса).
Мінездеменің тақырыбы парақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай үлкен әріптермен жазылады.
Келесі тапсырманы орындаған кезде осы ерекшеліктерді ескеруін сұрайды. Мұғалім кейбір оқушылар үшін мінездеменің үлгісін ұсына алады. Бұл – оқушының жеке қабілетін ескере отырып жасалатын саралау.
Жазылым тапсырмасы
3-қадам. Топтардың тапсырманы орындауы
Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. «Астананың құрметті азаматы» мәтініндегі бір тұлғаға мінездеме жазады.
Жазылымнан кейінгі тапсырма
4-қадам. Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтау.
Оқушылар «Конвейер» әдісі арқылы бір-бірінің жазған мінездемелерін оқиды. Мына мәселелерге назар аударады:
А. Берілген тақырыпқа сәйкестігі.
В. Жинақталған деректердің құндылығы.
С. Оқушының тақырыпты зерттеудегі шеберлігі.
5-қадам. Топтардың жұмыстарын бағалауы.
Дескриптор:
• Оқылым мәтініндегі ақпараттарды қолданады;
• Мінездеме жазудың кем дегенде 3 ерекшелігін сақтайды;
• Мінездеме құрастырып жазады (25-30 сөз). ...


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 785



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!