» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасындағы ананың рөлі (6 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасындағы ананың рөлі (6 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасындағы ананың рөлі (6 сынып, I тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасындағы ананың рөлі (6 сынып, I тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ұлттық және отбасылық құндылықтар
Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы ананың рөлі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.4.2.1 екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану
Сабақтың мақсаттары: Екпінді орынды қолдану.
Сабақ барысы: Оқушылар тақтада жазылған сөйлемдегі қарамен сөздерге екпін түсіріп оқиды.
Ата-анаммен бірге осы жазда саяхаттап Алакөлге бардық.
Ата-анаммен бірге осы жазда саяхаттап Алакөлге бардық.
Ата-анаммен бірге осы жазда саяхаттап Алакөлге бардық.
Ата-анаммен бірге осы жазда саяхаттап Алакөлге бардық.
Екпіннің түсірілуі мақсаттарына тоқталады.
- Жекелеген сөздерді ерекшелеп айтқанда қандай өзгерістерді байқадыңдар?
- Екіпін түсіріп айтудың мақсаты қандай болды?
ЖЖ. Оқушылар «Аналарға арнау» өлеңімен танысады. Мәтіндегі «ананы» сипаттайтын сөздерді теріп жазып, автордың қолдану мақсатын түсіндіреді.
Тапсырма:
Мәтінді оқыңдар. Мәтіннен «ананы» сипаттайтын сөздерді жазып алыңдар. Сөздердің астарлы мағынасы мен автордың қолдану мақсатын түсіндіріңдер.
Дескриптор:
1. «Ана» ұғымын сипаттайтын сөздерді теріп жазады.
2. Сөздердің астарлы мағынасын тура мағынасымен салыстыра отырып түсіндіреді.
3. Сөздердің қолданылу мақсатын мәтін идеясымен, автор мақсатынмен байланыстыра отырып түсіндіреді (Осы сөздер арқылы автор қандай ойды жеткізгісі келді? Оқырмандарын неге шақырады? Өлең тақырыбы туралы қандай идеяны жеткізгісі келді?).
Оқушылар жұпта талдау кестесін толтырады. Жұптар бір-бірімен өзара алмасып, жұмыстарын тексереді. Бағалау парағына жұмыс нәтижесін шығарады.
№ Сөздер Астарлы мағынасы Қолданылу мақсаты
Бағалау парағы
Бағаланатын жұп:
Бағалаушы жұп:
№ «Ана» ұғымын сипаттайтын сөздерді анықтауы Астарлы мағынасын түсіндіруі Қолданылу мақсатын түсіндіріп жазуы
Комментарий:
Оқушылар екпін ұғымымен танысады.
Мәтіндегі сөздердің сөз екпіні және тіркес екпінін сақтап, мәнерлеп оқуға дайындалады.
Тапсырма:
Өлеңдегі ерекшелеп айту қажет сөздерді анықтап, сөз екпіні және тіркес екпінін сақтап, мәнерлеп оқыңдар.
Дескриптор:
1. Өлеңнің тақырыбын, идеясын ашатын сөздерді анықтай алады.
2. Сөздерге екпін түсіріп оқиды.
3. Орфоэпиялық нормаларды сақтап айтады.
Бағалау.
Жұптар бір-біріне өлеңді мәнерлеп оқиды. Дескриптор бойынша бағалау парағына кері байланыс жазады, бағалайды.
Бағалау парағы
Бағаланатын жұп:
Бағалаушы жұп:
№ дескриптор Комментарий
1 Өлеңнің тақырыбын, идеясын ашатын сөздерді анықтай алды.
2 Сөздерге екпін түсіріп оқыды.
3 Орфоэпиялық нормаларды сақтап айтты. ....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 34 |


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Отбасындағы ананың рөлі 6 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Отбасындағы ананың рөлі, сабақ жоспары Отбасындағы ананың рөлі 6 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Отбасындағы ананың рөлі, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасындағы ананың рөлі (6 сынып, I тоқсан )