Отбасындағы қамқорлық (6 сынып, I тоқсан )

 Отбасындағы қамқорлық (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ұлттық және отбасылық құндылықтар
Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы қамқорлық
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.1.2.1 әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (интервью) көтерілген мәселені талдау
Сабақтың мақсаттары:
Мәтіннің мазмұнын түсіну;
Мәтінде көтерілген мәселені анықтау;
Пікір білдіру.
Сабақ барысы: СЖ. Тыңдалымалды тапсырма.
Оқушыларға төмендегі суреттер ұсынылады. Оқушылар суреттерден қандай сезімді, қарым-қатынасты көріп тұрғандарымен бөліседі.
- Суреттерден нені байқадыңдар?
- Сурет кейіпкерлерінің өзара қарым-қатынасы қандай деп ойлайсыңдар?
- Барлық суретке тән ортақ белгі қандай?
Тыңдалым тапсырмасы.
Оқушылар «Ата-анаға құрмет – әр адамның парызы» тақырыбындағы бейнебаянды тыңдайды.
Бейнебаян мазмұнын түсінгендерін тексеру мақсатында оқушылар «шын/жалған» кестелерін толтырады.
ЖЖ. Тапсырма.
Бейнебаянды мұқият тыңдаңдар. Берілген тұжырым бейнебаян мазмұнына сәйкес келсе, «шын» бағанына құстұмсық белгісін қойыңдар, бейнебаян мазмұнына сай келмесе, «жалған» бағанына құстұмсық белгісін қойыңдар.
Дескриптор:
1. Бейнебаян мазмұнына сәйкес келетін ақпаратты анықтай алады.
2. Бейнебаян мазммұнына сай келмейтін ақпараттарды таба алады.
Оқушылар өз жауаптарының дұрыс-бұрыстығын тексереді.
Оқушылар «атом, молекула» сергіту ойыны арқылы 4 адамнан тұратын топтарға бірігеді.
Оқушылар сыныптың ортасына жиналып, мұғалім «атом» сөзін айтқанда бір-бірден ретсіз қозғалысқа түседі. «Молекула» сөзін айтқанда бірігеді. Егер «молекула 2» деп айтылса, жұптасулары қажет, «молекула 3» делінсе, 3 оқушы бірігеді.
Топқа біріккеннен кейін оқушылар «FILA» кестесімен танысып, бейнебаянды 2-рет тыңдайды.
Тапсырма:
Бейнебаянда көтерілген мәселені анықтап, кестені толтырыңдар.
Дескриптор:
1. Мәтін тақырыбына, мәселесіне қатысты негізгі ақпараттарды анықтайды.
2. Мәселенің тууына себеп болған жайттарды табады.
3. Себептердің шешімін табуға жетелейтін сұрақтар құрастырады.
4. Мәселені шешудің жолдарын ұсынады.
Топтан бір өкіл сайлап, оқушылар сағат тілі бойынша басқа топтарға өз кестелерін таныстырады.
Бағалау.
Тыңдаған топ оқушылары дескрипторға сай оқушыларға кері байланыс беріп, бағалайды.
Ж. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.
Оқушылар жеке жұмыс жасайды.
Әр оқушы «Ата-анамызға құрметпен қарайық, себебі...» деген сөйлемді жалғастырады.
Тапсырма.
Берілген сөйлемді жалғастырып, себебін көрсетіңдер:
«Ата-анамызға құрметпен қарайық, себебі...»
Дескриптор:
1. Сөйлемді мағынасына сай жалғастырады.
2. Құрметтеудің 3 себебін көрсетеді.
Әр оқушы өз сөйлемдерін айтып шығады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 280



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі