» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әлемнің жаңа жеті кереметіне саяхаттау (6 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әлемнің жаңа жеті кереметіне саяхаттау (6 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әлемнің жаңа жеті кереметіне саяхаттау (6 сынып, I тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әлемнің жаңа жеті кереметіне саяхаттау (6 сынып, I тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Әлемнің жеті кереметі
Сабақтың тақырыбы: Әлемнің жаңа жеті кереметіне саяхаттау
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.1.1. Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру
6.4.1.1. тақырып бойынша жеке сөздер, бірге жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
Сөздердің бірге жазылу орнын біледі;
Бірге жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.
Құрылымын ескеріп, қарапайым жоспар құрады. .
Сабақ барысы: «Шабаданды жинайық!»
Мұғалім сабақтың басында тақтаға үлкен шабаданның суретін іледі де, саяхатқа аттану үшін осы шабаданға не салатындарын сұрайды. Оқушылар не салатындарын стикерге жазып, айналасына жабыстырады.
Оқушылар жазған сөздердің ішінде біріккен сөздер болса олардың жасалуын талқылайды.
Мұғалім сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттарын, сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды.
Мұғалім оқушыларға бірге жазылатын сөздердің анықтамасын түсіндіруден бастайды.
Мұғалім оқушыларға сөздердің бірге жазылу жағдайларын түсіндіреді.
Тапсырма.
Сөздердің бірге/бөлек жазылатынын анықтауға бағытталған тапсырманы орындатады. Оқушыларға сөздер тізімін ұсынып, бірге/бөлек жазылатынын анықтауды сұрайды. Тапсырманы оқушылар жеке орындайды, кейін жұбымен салыстырып, бірін-бірі бағалайды. Мұғалім оқушыларға көмек қажет жағдайда дұрыс жауапты өзі таныстырады.
Сөздер Бірге Бөлек
Екіаяқты
Жалпыхалықтық
Асхатқызы
Беташар
Ешбір
Ешкім
Ешадам
Тасбақа
БатысҚазақстан
Екібастұз
Әлдеқашан
Төртбұрыш
Қызылорда
Аққасқыр
Жетікеремет
Гүлжан
Жасбала
Тапсырма. Мұғалім оқушыларға саяхаттауға барған қыздың жазған әсерін ұсынады.Мәтінде біріккен сөздер бар, кейбір сөздер қате жазылған. Оқушылар мәтінді оқып, мәтіннен бірге жазылатын сөздерді тауып, қате жазылғанын дұрыстап, дәптерге жазып алады.
Дескриптор:
 Мәтіннен бірге жазылатын сөздерді тауып, астын сызады;
 бірге жазылуы тиіс, қате жазылған сөздерді дұрыс жазады.
Мұғалім дескрипторға сай оқушыларға кері байланыс береді.
Оқушылар жұпта бірлесе ұсынылған мәтіннің құрылымын ескеріп, қарапайым жоспар құрады.
Дескриптор:
 Мәтінге қарапайым жоспар құрады.
 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады (кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім)
 Әр бөлімнің негізгі ойын бір сөйлеммен жазады.
Тапсырма.
Жазылым.
Мұғалім оқушыларға төмендегідей жағдаяттық тапсырма береді.
Балжан секілді саған да әлемнің жеті кереметінің бірін көзбен көру бұйырды деп елестетіңіз. Осы сапардағы ғажайыптармен бөлісу үшін шағын мақала жазбақшы болдың. Мақала сәтті шығу үшін алдымен жоспар құраңыз.
І.Кіріспе бөлім
Кіріспе бөлімде қай елде, қай жеті кереметті көргеніңді бір сөйлеммен әсерлі жеткізуге тырысыңыз.
ІІ.Негізгі бөлім
Көрген қызықтарыңды, таңқалдырған сәттерді тақырыптық сөйлем ретінде ұсыныңыз
ІІІ.Қорытынды бөлім Сапардың нәтижесінде түйген ой
Дескриптор:
 Қарапайым жоспар құрайды;
 Мәтінді ойша құрылымдық бөліктерге бөледі;
 Әр бөлімдегі негізгі ойды тақырыптық сөйлем арқылы береді.
 Бірге/бөлек жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады. .....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 37 |


Загрузка...
Читайте также
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Хан Кене (6 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Хан Кене (6 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тәж-Махал – өлмес махабаттың символы (6 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тәж-Махал – өлмес махабаттың символы (6 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Табиғаттың жеті кереметі (6 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Табиғаттың жеті кереметі (6 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстанның жеті кереметінің бірі – домбыра (6 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстанның жеті кереметінің бірі – домбыра (6 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әлемнің жеті кереметін уақыт өте жаңғыртып тұру керек? (6 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әлемнің жеті кереметін уақыт өте жаңғыртып тұру керек? (6 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Артемида ғибадатханасы (6 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Артемида ғибадатханасы (6 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Александрия шамшырағын қайта қалыпқа келтіру керек пе? (6 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Александрия шамшырағын қайта қалыпқа келтіру керек пе? (6 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дене мүшелері - оқылым (1-сабақ) (1 сынып, 8 бөлім )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дене мүшелері - оқылым (1-сабақ) (1 сынып, 8 бөлім )

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Әлемнің жаңа жеті кереметіне саяхаттау 6 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Әлемнің жаңа жеті кереметіне саяхаттау, сабақ жоспары Әлемнің жаңа жеті кереметіне саяхаттау 6 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Әлемнің жаңа жеті кереметіне саяхаттау, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әлемнің жаңа жеті кереметіне саяхаттау (6 сынып, I тоқсан )